Талдықорған: +15°C
$ 443.62
€ 492.24
₽ 5.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ШЕКАРАШЫ ЖІГІТ 7,5 МИЛЛИОН ТЕҢГЕСІН ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚҚА ЖҰМСАДЫ

1 ақпан 2022
РУХАНИЯТ
ШЕКАРАШЫ ЖІГІТ 7,5 МИЛЛИОН ТЕҢГЕСІН ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚҚА ЖҰМСАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Атымтай жомарттан кем деуге келмейтін шекарашы туралы еліміздің өркениеттен шалғайдағы құмында, құрлықта, суда қызмет атқарып жатқан әріптестері білуге тиіс деген мақсатпен, қолымызға қалам алдық.

Ол — Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің әскери қызметшісі, сержант Нұрлыбек Иманбаев. 2021 жылдың 29 желтоқсанында «AVTO LOTO» лотереясынан ұтыс шығып, «Hyunday Accent» автокөлігін ұтып алды. Су жаңа көліктің құны 7 млн.519 мың теңге тұрады. Ойлана келе, шекарашы алдына таңдау қойылған кезде өзінің жүрдек көлікті емес, қомақты қаржыны таңдауының себебін былай деп түсіндіреді:

— Таразылап көрсем, бір жапырақ қағаздан шыққан ұтыс менен гөрі өмірдің теперішін көбірек тартқан жандарға керек екен. Оның үстіне жақында бейбіт адамдардың берекетін қашырған бүлік кезінде шаңырағы шайқалып, қара жамылған отбасылар аз болған жоқ. Олардың ішінде біздің әріптестеріміз де бар. Осының барлығын ой елегінен өткізе келе, көліктің орнына ұтыс ақшасын алып, қайырымдылыққа жұмсауды шештім. Алматы қаласындағы бүлікшілермен болған қақтығыс кезінде қаза тапқан Дәулетбек Жұпарбеков пен Мейірхан Бітімнің отбасыларына 500 000 теңгеден материалдық көмек көрсетуге, тағы бір бөлігін қатерлі ауруға шалдыққан Мағауия Бекжігіт Бекболатұлына Ресей астанасы Мәскеу қаласындағы қымбат клиникада емделу үшін 1 000 000 теңге аудардым. Қазақ атам «ақша – қолдың кірі» деп бекер айтпаса керек. Сондықтан, мен үшін оңай келген болса да, бұл қаражаттың басқа шаңырақты жылытып, қуаныш сыйларына сенімдімін, — деді Нұрлыбек.

Иә, жүрегіне нұр ұялаған Нұрлыбектің бұл пікірімен толық келісеміз. Туған Отанының шекарасын көзінің қарашығындай күзетіп жүрген әріптесіміздің өзі де бір шаңырақтың иесі. Қос ұл мен қыздың әкесі. Салауатты өмір салтын ұстанатын шекарашы өзінің қос құлынын да спортқа ерте бастан баулып жүрген көрінеді. Өзінің тізгіндеп қояр темір тұлпары да жоқ. Есесіне, үлкен жүректің иесі екенін айдай әлемге танытты.

Шекарашы қалған 4 767 100 теңгені Батыс Қазақстан облысы Бөкей Ордасы ауданының Бисен ауылы тұрғындарының әлеуметтік жағдайы аз қамтылған отбасыларына тұрғын үй сатып алу үшін «Харекет» қайырымдылық қорына аударды.

Азаматтық іске барған ҰҚК Шекара қызметінің әскери қызметшісі жайлы айтарымыз осы. Жүректен – жүрекке деген осы болар!

Тамара ДӘУЛЕТБАЕВА,

ҰҚК Шекара қызметінің запастағы подполковнигі

Қатысты жаңалықтар

Әуежайдағы қауіпсіздік: Жолаушылар білуі тиіс басты ережелер

Әуежайдағы қауіпсіздік: Жолаушылар білуі тиіс басты ережелер

Бүгін, 12:00

Жаңа Конституция: Қазақстанның құқықтық дамуындағы жаңа кезең

Бүгін, 11:48
Қазақстандықтар 59 күнде 1 102 560 кітап оқыған

Қазақстандықтар 59 күнде 1 102 560 кітап оқыған

Бүгін, 11:44
Базардан мұнай өңдеу зауытына дейін: Қазақстанда көлеңкелі сектор тарихи минимумға дейін қысқарды

Базардан мұнай өңдеу зауытына дейін: Қазақстанда көлеңкелі сектор тарихи минимумға дейін қысқарды

Бүгін, 11:35
Текеліде күйеуін өлтірді деп айыпталған көпбалалы ана бостандыққа шықты

Текеліде күйеуін өлтірді деп айыпталған көпбалалы ана бостандыққа шықты

Бүгін, 11:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.