Талдықорған: +15°C
$ 443.62
€ 492.24
₽ 5.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ШЕЛЕК ӨҢІРІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫ МАҢҒЫСТАУҒА 25 ВАГОН ШӨП ЖІБЕРДІ

2 тамыз 2021
РУХАНИЯТ
ШЕЛЕК ӨҢІРІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫ МАҢҒЫСТАУҒА 25 ВАГОН ШӨП ЖІБЕРДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Шелек өңірінің жұртшылығы қуаңшылықтан зардап шеккен маңғыстаулық ағайындарға қол ұшын созды. Күні кеше ғана жемшөп тиелген 25 вагон Шелектен Шетпеге қарай жол тартты. Бұл туралы «Жетісу» газетінің тілшісі хабарлады.

«Көп түкірсе көл» деген осы. Әр үйден шыққан бірді-екілі түк шөп жинала-жинала аз күнде таудай боп үйілді. Сөйтіп Шелек стансысынан вагондарға тиеліп, батысқа бет түзеді.

Осындайда қайырымдылық шараға халықты үндеп, зардап шеккен аймаққа көмек қолын созуға бастамашыл болып, игі істің ортасында елімізге белгілі театр және кино актері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бақыт Тушаев жүрді. Содан кейін де Шелек өңіріндегі алғашқы шөп жинау акциясы актердың туған ауылы Жаңашаруадан басталды. Бұл туралы актердің өзі:

— Алыстағы ағайынның малы қырылып, жаны қиналып жатқанда үнсіз отыра алмадық. Сыныптасым, белгілі заңгер Қазыбек Дәуітәлі екеуміз жерлестерімізді қайырымдылық ісіне шақырдық. Бұл бастаманы өзге ауылдардың азаматтары қолдап әкетті. Бүгін, міне, өздеріңіз көріп отырғандай, жемшөп вагондарға тиеліп жатыр. Осының бәрі ағайындардың ынтымағы мен тату тірлігінің арқасы, – дейді ағынан жарылып.

Жаңашаруадан бастау алған қайырымдылық шараны Шелек өңіріндегі 28 елді мекен әрі қарай сәтімен жалғастырды. Жас-кәрі демей бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып ұйымшылдық танытып, ортақ іске атсалысты. Ақсақалдар батасын берді. Жалынды жастар вагондарға шөп тиеуге білек сыбана  білек сыбана  кірісті. Солардың арасынан актер Бақыт Тушаевтың сыныптасы, заңгер Қазыбек Дәуітәліні кездестіріп, сөзге тартып едік:

— Қайырымдылық шара ары қарай жалғаса береді. Маңғыстау мен Қызылордаға бүкіл Қазақстан жұрты көмек қолын созып жатыр. Халық ішінде «Асар» деген бұрыннан келе жатқан игі дәстүр бар. Ата-бабаларымыздың өнегесі бүгінгі таңда қайта жаңғырып жатқанына қуанамын, – деді ол.

Енді тиелген жемшөп зардап шеккен аймаққа ойдағыдай жетіп, ондағы ағайындарға теңдей таратылуы керек. Осы жұмыстарды қадағалау үшін Шелек өңірінен бес адам сайланып, Маңғыстауға жол тартпақ.

— Менің таңғалатыным, бұл жерде диқандар емес, шаруалар емес, ауылдағы әрбір үйдің тұрғындары бір-екі түк шөптен жинаған. Біреуі бір қап кебегін берсе, екіншісі бір шелек жемін тасыған. Нәтижесінде жемшөптің тау болып үйілгенін көзіміз көріп отыр, – дейді Shopan atа ұлттық мал өсірушілер қауымдастығының төрағасы Алмасбек Садырбаев.

Әрине, осы жұмыстардың басы-қасында жүрген азаматтардың барлығы да құрметке лайық жандар. Өз еркімен осындай игілікті дүниеге араласып, қолынан келгенше көмектесіп жатқаны кейінгі жас ұрпаққа өнеге мен тәлім болмақ.

Пойыз вагондарына жемшөп тиеу таңсәріден басталып кеш қарайғанша жалғасты. Жігіттер аптап ыстыққа қарамастан жан аямай жұмыс істеді. Оларға ауылдағы ақжаулықты аналар дастарқан әзірлеп, бал татыған тағамдарды ұсынды. Міне, осылайша Шелек өңірінде басталған халықтық шара жұртқа өнегесімен есте қалды.

Болат МӘЖИТ

Еңбекшіқазақ ауданы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

12 қараша 2026
Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

12 қараша 2026
«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

12 қараша 2026
«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

12 қараша 2026
«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

12 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.