Талдықорған: +15°C
$ 444.76
€ 495.37
₽ 5.37
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

«ШЫМЫРЛЫҚТАРДЫҢ» ҮЛЕСІ

16 сәуір 2021
РУХАНИЯТ
«ШЫМЫРЛЫҚТАРДЫҢ» ҮЛЕСІ
WhatsAppTelegramFacebook

Облыс орталығы Талдықорғанға  көшіп келгендегі қаланың жағдайын білетін тұрғындар бүгінгі түрленген келбетін көріп еріксіз таңғалатыны белгілі. Әрине, бұл үшін қалалықтар жанын сала еңбектенді. Әсіресе, осындай керемет жағдайға жетуге құрылыс саласындағы құрышқолды жұмысшылар мен құрылыс компанияларының үлесі аз болған жоқ. Соның ішінде Талдықорған облыс орталығы болуымен бірге іргесі қаланып, іргелі істер атқарған “Шымыр” жауапкершілігі шектеулі серіктестігін ерекше атауға болады.

«Шымыр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тапсырыс бойынша құрылыс материалдарын әзірлейді. Сонымен бірге, көпқабатты үй құрылыстарын салумен де айналысады. Басқасын айтпағанның өзінде “Шымырлықтардың” тері сіңген Қаратал жағалауындағы аллея бүгінде қалаға көрік берумен қатар тұрғындардың бос уақытында тынығып, көңіл сергітіп қайтатын демалыс орнына айналды. Одан бөлек, қала көркін ашқан бірқатар көпқабатты тұрғын үйлерге қолданылған құрылыс материалдарының да “шымырлықтардың” қолынан шыққанын білеміз. 
Қала ішіндегі және маңындағы саябақтар мен Талдықорған қаласынан әуежайға дейінгі жол бойындағы түрлі мүсіндердің де “Шымыр” серіктестігі шеберлерінің қолынан шыққанын біреу білсе, біреу білмес. «Шымырда» дайын өнімдер көп-ақ. Тұмар ханшайым, Алтын адам сынды күрделі кескін-пішін, ескерткіштер де, қозы ұстаған бала, домбыра, сақина сынды қарапайым мүсіншілер де бар. Қай-қайсы да қаланың көпшілік орындарына сұранып — ақ тұр. Мәселен, әуежай маңындағы жол бойына орналастырылған жылқылар мен қазақы үлгіде киіндірілген аңшы жігіттің мүсіні жұртшылықты таңғалдырып келеді. Одан әрі арқар, елік, асық, ұлттық музыкалық аспаптар сынды мүсіндер де жұртшылықтың қызығушылығын тудыруда.  Олар жасаған мүсіндер тек Талдықорған қаласының ғана емес,  Жетісу өңірінің түкпір-түкпірінің келбетін көріктендіріп тұрғанын айта кеткен жөн. 
Аталған серіктестікті құрған, барлық жұмысын жүйелеп отырған басшысы Руслан Валишанов бүгінде жұрт қамын жеп жүрген халық қалаулысы. Бірнеше мәрте Талдықорған қалалық мәслихатының депутаты болып, өңірдің дамуына ықпал ететін талай игілікті жұмыстың басы-қасында болды. 
Айта кетерлігі, аталған серіктестік тек құрылыс материалдарын өндіріп, мүсіндер жасап қоймай, түрлі қайырымдылық шараларына да мұрындық болып келеді. Қазір серіктестікте 200-ге жуық адам жұмыспен қамтылған. Жұмыс қарбалас болған тұста жұмысшы саны 500-ге дейін жетеді.  Қала тұрғындарын қолдап, қашанда қиналған жандардың қасынан табылып жүрген Руслан Валишановты бәрі құрметтейді.  Осы арқылы да жұртты жұмыспен қамтудың үлгісі болып  келеді. “Еңбегі бардың өнбегі бар” деген осындайға айтылса керек.   

Қажет АНДАС

Қатысты жаңалықтар

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

Бүгін, 16:19
Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

Бүгін, 16:13
«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

Бүгін, 15:44
«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

Бүгін, 14:55
«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

Бүгін, 14:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.