Талдықорған: +10°C
$ 448.72
€ 493.86
₽ 5.49
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Шынайы ем тек ислам рұқсат еткен жолмен жасалуы керек — Айнұр Әбдірәсілқызы

28 сәуір 2025
РУХАНИЯТ
Шынайы ем тек ислам рұқсат еткен жолмен жасалуы керек — Айнұр Әбдірәсілқызы
WhatsAppTelegramFacebook

Кәсіби коуч, халықаралық дәрежедегі парапсихолог және дінтанушы Айнұр Әбдірәсілқызы Qasqa Jol YouTube арнасының жаңа шығарылымында медицинаның мүмкіндігі жетпейтін кейбір ауруларды дем салу арқылы емдеу жайында және зікір айтудың ережелері туралы әңгімеледі.

— Бұл салада жүргеніме отыз бес жыл болды. Өзімнің тегім туралы бұған дейін де айтып өткенмін: қырық бір атам хан болған, қырық бір нағашым әулие болған. Сондықтан мен үшін бұл қасиеттердің берілуі заңды құбылыс деп білемін. Алайда тек тектілікке сеніп қоймай, үздіксіз ізденіс арқылы да осы дәрежеге жеттім, — деді Айнұр Әбдірәсілқызы.

Ол зікір айту ұғымының кең екенін түсіндірді:

— Зікір тек арнайы отырыстарда жасалатын әрекет емес. Біздің намаз оқуымыз, истиғфар айтуымыз, салауат айтуымыз, тіпті «Лә илләһә иллә Алла» деп жүріп айтуымыздың өзі зікірге жатады. Алла Тағаланы әр сәтте еске алу – нағыз зікірдің белгісі, — деді дінтанушы.

Айнұр Әбдірәсілқызы Алланың 99 көркем есімін зікір ету арқылы адамның мұқтаждығының шешімін сұрауға болатынын да айтты. Мысалы, ризық-несібе сұрау қажет болса, «Әл-Раззақ» деп зікір айтуға кеңес берді.

Жалған емшілерге сенбеңіз

Дінтанушы бүгінгі қоғамда жалған емшіліктің көбейіп кеткенін атап өтті:

— Қазір халық ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін ажырата алмай қалды. Діннің атын жамылып, сап-сау адамға «сенде жын бар» деп алдайтындар көбейді. «Ду шығарушы» атын жамылып, түрлі тәсілдермен адастыратындар бар. Бұған сене беруге болмайды. Ислам мойындаған, дәстүрлі және дәлелді емдеу тәсілдерін ғана қабылдау керек, — деп ескертті ол.

Айнұр Әбдірәсілқызы исламның медицинаны жоққа шығармайтынын да ерекше атап өтті:

— Кей адамдар әдейі арандату үшін медицинаға қарсы пікірлер таратып жүр. Бірақ ислам діні ғылымды қолдайды. Медицина да, шариғат рұқсат еткен емшілік те қатар жүруі керек, — деді дінтанушы.

Фото: видеодан алынған кадр

Қатысты жаңалықтар

«Заң мен Тәртіп»: Президент Конституция құндылықтары мен жауапкершілікті атап өтті

«Заң мен Тәртіп»: Президент Конституция құндылықтары мен жауапкершілікті атап өтті

Бүгін, 17:41
Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Көкебаев Қайрат Төребайұлы

Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Көкебаев Қайрат Төребайұлы

Бүгін, 17:36
«Ауыл – ел бесігі» және «Халықтық құрылыс»: 500-ге жуық ауыл жаңарып, нақты нәтиже тексеріледі

«Ауыл – ел бесігі» және «Халықтық құрылыс»: 500-ге жуық ауыл жаңарып, нақты нәтиже тексеріледі

Бүгін, 17:33
Ауылды қолдау бағдарламаларының тиімділігі тексеріледі

Ауылды қолдау бағдарламаларының тиімділігі тексеріледі

Бүгін, 17:30
Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Тұрсынбаев Алмас Саматұлы

Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Тұрсынбаев Алмас Саматұлы

Бүгін, 17:27

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.