Талдықорған: +17°C
$ 509.51
€ 570.60
₽ 6.30
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Сәкен Сейфуллин туралы жаңа жанрда фильм шықты

08.12.2024
РУХАНИЯТ
Сәкен Сейфуллин туралы жаңа жанрда фильм шықты

Осы орайда Талдықорғандағы Ілияс Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында «Сәкен» атты фильм-концерттің таныстырылымы өтті. Оның авторы әрі режиссері есімі елге мәлім, әні мен сазы келіскен актер, әнші Қанат Жүнісов. Шараға Жетісу облысы әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов қатысып, өнер иелеріне сый-құрметін көрсетті. Фильм-концерт  ақын, драматург, қоғам қайраткері Ілияс Жансүгіров пен Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдығына арналды. Негізгі кейіпкер Сәкен Сейфуллин болғанымен, фильмнің шарықтау шегінде қазақтың үш бәйтерегі  Сәкен, Ілияс, Бейімбет бейнесі көрінеді.

Фильмде сәні мен сымбаты, ақылы мен парасаты үйлескен ақын Сәкен Сейфуллиннің әндері айтылып, өлеңдері оқылды. Оған қоса, ән мен өлеңнің мән-мағынасына, атмосферасына келістіріп, сюжет те құрастырылған. «Сыр сандықты ашып қара, ашып қара сырласым, сым пернені басып қара, басып қара жырласын», – деп ақын өзі айтқандай сырлы кеште сөз алып, туындының ерекшелігіне тоқталған «Сәкен» фильм-концертінің режиссері Қанат Жүнісов:

– Қазақстанда мұндай жанрдағы фильм бірінші рет түсірілді десем болады. Оның бір ерекшелігі – көркем фильмнің де, деректі фильмнің де, театрдың да элементтері бар. Осының барлығы музыка арқылы өрбиді. Жартылай – фильм, жартылай – концерт. Сәкеннің халыққа кең тараған әндерін негізге ала отырып, ақынның өмірінен мәліметтер бердік, өлеңдерінен үзінділер қостық. Жалпы, бұл фильм-концерттің қиын бір жері бар. Мысалы, көркем фильмде бір оқиғаны жеткізу үшін 10-15 минут әртістің ойынымен ұзақ, әр түрлі диалогтармен, режиссерлік шешімдермен түсіре беруге болады. Ал фильм-концертте құлашыңды олай кеңге сермей алмайсың. Өйткені, бұл жерде жартылай ән болғандықтан, әнге бағыну керек, ол 4-5 минутта өтіп кетеді. Сондықтан, сол әннің мағынасына қарай ұтымды, мәнді сюжеттер жасауға тырыстық. Тіпті, 20-30 адамның апталап жүріп түсірген сюжеттерінің, ең аяғында 5 минутын ғана алдық. Өйткені бұл жанрдың талабы сондай.

Фильмде үш бәйтеректің бейнесі өте нанымды, дәл суреттелген. Алаш зиялыларының бет-бейнесіне келетін актерді табуда, оның образын жасауда аса ыждағаттылықпен кіріскені көрінеді. Жетісу жұрты өлгені тіріліп, өшкені жанғандай, ерекше әсерге бөленіп, бабалары жүрген дара жолына тәнті болып қайтты.

Көкшетауды Сәкеннен артық жырлаған ақын жоқ болғасын, фильмдегі кадрлардың көбін Көкшетауда түсірген. Режиссердің айтуынша, фильмге «Телқозы» атындағы қоғамдық қоры және Сәкен Сейфуллиннің інісінің немересі – Сәкен Орынбасарұлы Сейфуллин демеушілік көрсеткен.

Шынаргүл Оңашбай,
Талдықорған қаласы

Қатысты жаңалықтар

Талдықорғандықтарды тәнті етті

Талдықорғандықтарды тәнті етті

18.05.2025
Жанкүйерін қуантпай тұр

Жанкүйерін қуантпай тұр

18.05.2025
Тұрлымбеттің тұғыры: Сары биді жеңгені

Тұрлымбеттің тұғыры: Сары биді жеңгені

18.05.2025
Сот шешімін орындамасаң  жаза бар

Сот шешімін орындамасаң жаза бар

18.05.2025
ЖЕТІСУЛЫҚТАР ЖЕҢІМПАЗ

ЖЕТІСУЛЫҚТАР ЖЕҢІМПАЗ

18.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.