Талдықорған: +24°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ҰСТА ДӘРКЕМБАЙДЫҢ ҰЛЫ КӨЛІК МІНДІ

22 мамыр 2019
РУХАНИЯТ
ҰСТА ДӘРКЕМБАЙДЫҢ ҰЛЫ КӨЛІК МІНДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театрында облыс әкімі Амандық БАТАЛОВТЫҢ қатысуымен салтанатты жиын өтті.

Мәдениет майталмандарының қуанышымен бөліскен облыс басшысы бірінші кезекте жетістіктерімізді паш ететін көрмені тамашалады. Сахнада мерекеге орай театр әртістері қойған көріністен кейін құрметпен ортаға шығып, сала мамандарын кәсіби мерекесімен құттықтады.

— Құрметті мәдениет және өнер саласының қызметкерлері! Сіздерді бүгінгі төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Халқымыз ғасырлар бойы мәдениеті мен өнерін, дәстүрі мен асыл мұрасын алтын бесігінде тербетіп келеді. Қай заманда да еліміз дәстүрін дәріптеп, рухын жоғары ұстаған. Өнердің өркен жайып, қоғамның ажырамас бөлігіне айналуы үшін оған барынша жағдай жасалып отыр. Мәселен, бүгінгі күні облысымызда 556 мәдениет, мұрағат мекемесі бар, 88 халықтық, үлгілі атағы бар ұжым, 1406 көркемөнерпаздар үйірмесі жұмыс істейді. Жыл басында сала бюджеті 6,5 миллиард теңгені құрады. Өздеріңізге белгілі, өткен жылы Бикен Римова атындағы жаңа драма театры қолданысқа беріліп, тұңғыш рет Орта Азия елдерінің VІІ Халықаралық театр фестивалі өткізілді. Бұл өнер ордасы ұлт руханиятына қызмет етіп, талай таланатты жасты шыңдайды деп сенеміз. Тұңғыш Президентіміз өз сөзінде: «Біз әлемдік мәдени құндылықтармен үндес жаңа заманғы қазақтың озық мәдениетін қалыптастыруымыз керек», – деген болатын. 2017 жылы бастау алған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында бұл бағытта көптеген шара атқарылды, – деді.

Бұдан соң облыс басшысы Амандық Батталов пен І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайының директоры Әли Алпысбаев 250-ге жуық халық әні мен халық композиторларының туындысы жинақталған «Жетісу антологиясы» кітабының тұсауын кесті.

Өңір басшысы мерекеге орай бірқатар қызметкерді де марапаттауды ұмыт қалдырмады. Атап айтар болсақ, Алматы облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшының орынбасары Әлия Жақыпбекова, осы басқарманың бөлім басшысы Гүлмира Қалқабаева, Талдықорған қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Күлпан Сейітжанова, Сүйінбай атындағы облыстық филармония әртісі Мұхтар Стыбаев, Кербұлақ ауданы, Алтынемел ауылдық Мәдениет үйінің музыка жетекшісі Сәуле Қожаханова «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Сондай-ақ, мәдениет саласында жемісті еңбек етіп жүрген біршама жан ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің, облыс әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хатын иеленді.

«Үздік мәдениет қызметкері» номинациясымен және 100 мың теңге ақшалай сыйлықпен аудандық, қалалық Мәдениет үйлерінде, театрларда еңбек ететін өнер иелері марапатталды. Сол сынды бірқатар мәдениет саласының қызметкерлері арнайы номинацияларға қол жеткізді. Атап айтар болсақ, «Үздік халықтық, үлгілі атағы бар ұжым» аталымының жеңімпазы Панфилов ауданының «Жаркент әуендері» халықтық ән-би ансамблі болса, «Үздік театр әртісі» номинациясын Ақсу халық театрының әртісі Ілияс Нұрланбеков жеңіп алды. Талғар аудандық Мәдениет үйі, В.Маяковский атындағы Талдықорған қалалық кітапханасы, Есік археологиялық өлкетану музейі, Сүйінбай атындағы облыстық филармония аспапшысы Айбол Құдайберген үздіктердің номинациясын иеленді.

Жеңімпаздарға облыс әкімінің арнайы дипломы мен 100 мың теңгеден ақшалай сый-сияпат берілді. Ал «Үздік облыстық мәдениет мекемесі» номинациясының жеңімпазы Ұста Дәркембай атындағы қолөнер музейінің директоры Дәулет Шоқпаровқа «Лада Гранта» автокөлігінің кілті табыс етілді.

Салтанатты жиында сөз алған «Ұста Дәркембай» атындағы қолөнер музейінің директоры Дәулет Шоқпаров ерекше қолдау көрсетіп келе жатқан облыс әкіміне алғысын жеткізді.

Ары қарай жетісулық өнерпаздардың концертіне ұласқан салтанатты шара көрерменнің зор қошеметіне бөленді. Мәдениет майталмандарына құрмет көрсетілген тамаша күн олардың құшақтарын гүлге, көңілдерін нұрға толтырды.

Алма ЕСЕНБАЕВА

Фото — Жұмабай МҰСАБЕКОВ

 

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда Жайпақ станциясының теміржол вокзалы жаңғыртылды

Жетісуда Жайпақ станциясының теміржол вокзалы жаңғыртылды

Бүгін, 12:28
Ұстаз сөзі неге салмақсызданды?

Бала тілі бал болмай тұр

Бүгін, 11:33
Жыр болған көпір жаңара ма?

Жыр болған көпір жаңара ма?

Бүгін, 10:00
Жаратылысы бөлек Жарасқан

Жаратылысы бөлек Жарасқан

Бүгін, 09:00
Өркендеудің өзегі

Көңіл тоғайтатын құжат

7 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.