Талдықорған: +35°C
$ 485.82
€ 554.03
₽ 6.24
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

«ТАҢБАЛЫДАҒЫ» ТАРИХИ МҰРА

10.10.2021
РУХАНИЯТ
"ТАҢБАЛЫДАҒЫ" ТАРИХИ МҰРА
WhatsAppTelegramFacebook

Тарихи мәдени ескерткіштер – ұлттық тарихымыз бен мәдениетіміздің құнды жәдігерлері болып табылады. Ондай нысандар әрбір елдің тарихынан сыр шертіп, сол елдің өткені мен бүгінін саралайды, соған орай олардың келешек ұрпаққа тәлім-тәрбие берудегі маңызы да арта түседі.

Қазіргі таңда Қазақстан аумағында 25 мыңнан астам тарихи-мәдени ескерткіш сақталынған. «Таңбалы» шатқалындағы археологиялық ескерткіштер де сол қатарда.
«Таңбалы» тарихи-мәдени және табиғи қорық мұражайының аумағында  сақталынған археологиялық, діни-рухани ескерткіштер өте көп. Қазіргі таңда аталған ескерткіштердің 5000-ға жуығы тізімге алынған. Олардың басым бөлігі қола дәуірінен бастау алатын жартастағы суреттер мен жерлеу орындары, яғни қабірлер болып келеді.
Ашық аспан астындағы қорық мұражай ескерткіштерді тиімді қорғау мақсатында жыл сайын бақылау-барлау жұмыстарын жүргізе отырып, жаңадан табылған археологиялық мұраларды есепке алып, оларды жойылудан, бүлінуден қорғау мақсатында іс-шаралар атқарып келеді. 
Ескерткіштерді түпнұсқа қалпында сақтау қазіргі таңда өзекті мәселенің бірі болып отыр. Көптеген тарихи-мәдени мұралар жеке тұлғалардың жауапсыздығынан өзгерістерге ұшырап, кейбір жағдайда жойылып кету қаупі төніп отырады. Осы орайда жергілікті халық аталған тарихи-мәдени мұраларымызды бүлінуден, зақым келтіруден қорғап, өсіп келе жатқан жас ұрпаққа ескерткіштердің елдің, бүтін халықтың баға жетпес асыл қазынасы екенін түсіндіріп, насихаттап, мектептерде өтетін тәрбие жұмыстарының бағдарламасына енгізсе нұр үстіне нұр болар еді.
Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау, оларды зерттеу мен насихаттау мемлекеттік деңгейдегі шара болып табылады. Қазіргі таңда «Таңбалы» тарихи-мәдени қорық мұражайының жартас суреттерін қалпына келтіру және ғылыми зерттеу, қор сақтау бөлімі осы бағытта тыңғылықты жұмыс жасап келе жатыр. Бөлім мамандары жыл сайын археологиялық зерттеулер арқылы «Таңбалы» аумағынан ғасырлар куәсі болған жартас суреттері мен қорған-қабірлердің, тұрақтардың орнын тауып, тізімге алып келеді.
Әрбір қорық мұражайының, әсіресе, Дүниежүзілік мұралар тізіміне енген мұражайдың негізгі мәселесінің бірі – мұра нысандарының тұтастығы мен таза табиғилығын сақтау және қалың көпшілікке қолжетімділігін қамтамасыз ету. Қорық мұражай басшылығы мен менеджерлері республикалық және халықаралық баспасөз беттерінде соңғы жылдары халықаралық сарапшылар қауымдастығының назарына ілінген «Таңбалы» археологиялық кешенінің мәдени ландшафты және жартастағы бейнелерді сақтауы туралы мақалаларды көптеп жариялап, пікірсайыстар өткізіп келеді.
Қорық мұражайы ұжымы күнделікті ғылыми жұмыстарында жетекші мемлекеттік мекемелермен, атап айтқанда, Ә. Х. Марғұлан атындағы археология институтымен, отандық және шетелдік қорық – музейлермен, жоғары оқу орындарымен, ғылыми орталықтармен тығыз байланыста. Сонымен қатар, жартас өнері сарапшыларымен, зерттеушілерімен, менеджерлерімен Орталық Азияда, ТМД елдерінде басқосулары жақсы дәстүрге айналуда. 
Қазақстанда «Таңбалы» қорық мұражайы әрдайым түрлі мәдени шаралардың бастауында. Мәдени мұраны сақтау саласы бойынша ұйымдастырылған түрлі аймақтық семинарларға қатысу және ұйымдастыру мәселелері ЮНЕСКО, сондай-ақ IFES (ТМД елдерінің гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық қоры) сияқты ұйымдарының тұрақты қамқорлығында. Қорық мұражайы 2010 жылдан бастап соңғы үш-төрт жылда екі аймақтық және халықаралық семинарлардың ұйымдастырушысы, сондай-ақ КазНИИ-мен бірлесе халық-аралық семинардың ұйытқысы болды. 
 2010 жылдың қазан айында ЮНЕСКО-ның бастамасымен жартас өнері (CARAD) жәдігерлерінің құжаттары бойынша Халықаралық аймақтық ғылыми-практикалық семинар өткізілді. Онда Орталық Азия, Сібірдің (РФ) жартас өнері зерттеушілерінің жұмыстары таныстырылды. Семинар «Таңбалының» бүкіләлемдік мұралар тізімінде екендігінің және ЮНЕСКО-ның Норвегия – Қазақстан жобасының іске асырылуының дәлелі. 
2003 жылы НИПИ ПМК МКРК және ЮНЕСКО-ның кластерлік бюросының ықпалымен «Орталық Азиядағы жартас өнерінің ескерткіштері: қоғам қолдауы, менеджмент, құжаттама және консервациялау» тақырыбы бойынша «Таңбалыда» ғылыми-практикалық семинар өткізді. Қорық-музей семинар ұйымдастырушысы болмаса да оның қалыптастыру мен тану үдерісіндегі маңызды қадамы болды. 
2011 жылы МФГС қолдауымен ТМД елдерінің тарихи-мәдени мұралары бойынша халықаралық семинар сәтті өтті. Семинар нәтижесі бойынша арнайы жинақ жарық көрді. 
«Таңбалыда» өткізілген әртүрлі деңгейдегі іс-шаралар мәдени ландшафтардың қазіргі кездегі қоғамдық санадағы ролінің күннен-күнге артып келе жатқандығының айғағы. 
Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғаудың маңыздылығы жайында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібеков ағамыз «Қай халықтың болса да рухани әлеміне саяхат оның көне ескерткіштерімен, тарихи орындарынан танысудан басталатыны мәлім» деп жазған болатын.   Ескерткіштерді қираудан, бүлінуден сақтау жайы көне замандарда да өткір мәселенің бірі болған. Мәдени құндылықтардың тоналуы, олардың зақымдануы кез келген елдің, халықтың тарихының жойылуына, мәдениетінің күйреуіне алып келеді.
Осы бағытта «Таңбалы» қорық музейі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырған ғылыми жобаларға қатысуда. Жобаның басты мақсаты Еуразия даласының жалпы мәдени дамуындағы орнын бағалауға мүмкіндік беретін материалдық мәдениеттің негізгі элементтері мен категорияларын егжей-тегжейлі талдау, есепке алу және құжаттандыру. 
Бұл тарихи-мәдени мұралар көне тарихтың куәсі. Өткенімізден сыр шертіп, бүгінгі күнге дейін сақталып аман жеткен ескерткіштерді қорғау мен сақтау, оларды насихаттау әрбір азаматтың еліне, туған жеріне деген жанашырлығы, мәдени мұраларға деген қамқорлығы болмақ.

Қ. Нұрмақсұтов, 
«Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық музейінің ғылыми-зерттеу,
қор сақтау және экскурсиялық көпшілік жұмыстар бөлімінің басшысы

Қатысты жаңалықтар

Мемлекеттік сатып алуда ашықтық керек

Мемлекеттік сатып алуда ашықтық керек

30.06.2026
Келешегі кемел Басши

Келешегі кемел Басши

30.06.2026
Полиция көшедегі күмәнді QR кодтарға байланысты ескерту жасады

Полиция көшедегі күмәнді QR кодтарға байланысты ескерту жасады

30.06.2026
Ескелді ауданында агротехниканың жаңа үлгілері таныстырылды

Ескелді ауданында агротехниканың жаңа үлгілері таныстырылды

30.06.2026
Қаратал жағалауында филармония маусымды салтанатты түрде жапты

Қаратал жағалауында филармония маусымды салтанатты түрде жапты

30.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.