Талдықорған: +15°C
$ 443.62
€ 492.24
₽ 5.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ТАБЫС КӨЗІ

6 қыркүйек 2021
РУХАНИЯТ
ТАБЫС КӨЗІ
WhatsAppTelegramFacebook

Бүгінде Балқаш ауданында 20-ға жуық ірілі-ұсақты жеке тұлға тұрақты қарбыз өсірумен айналысады. Солардың бірі – Бақбақты ауылының тұрғыны Радик Ан. Біз Радиктің қарбыз егілген алқабына арнайы бардық. 

Өңірге танымал қарбызшының егіс алқабына атбасын бұрғанымызда ол өзінің 6 жасар қызы Катерина екеуі пісіп-жетілген қарбыздарды жинастырып жүрді. Қарбызшы бізді жылы жүзбен қарсы алып, өзінің кәсібі туралы айтып берді. Радик қарбыз егуді өзінің әкесінен үйреніпті. Бала жасынан жаз айларында егіс алқабына жиі барып, әкесіне қолқанат болып, қарбыз өсірудің қыр-сырын үйреніп, еңбекке ерте араласып, шыңдалыпты. 
Мектеп бітіргеннен кейін Отан алдындағы азаматтық борышын өтеп келгеннен соң  әртүрлі мекемеде жұмыс істеп көреді. Бірақ  ол өзінің атакәсібі қауын-қарбыз егумен айналысуды жөн санайды. Сөйтіп, ол көп ойланбастан егіс алқабынан жалға жер алып, қарбыз егумен айналыса бастайды.  Алғашқы жылдары біраз қиындықтың болғанын да жасырмады. Десе де оның бәрін жеңеді. Сөйтіп, өзі сүйіп қалаған атакәсібінің жемісін көріп жүргеніне биыл                      32 жылдың жүзі болыпты. 
Биыл «Киз МТС» ЖШС-не тиесілі егіс алқабынан 18 гектар жер алып, оның 2 гектарына картоп отырғызса, қалған жерге қарбыз-қауын еккен. Көктемгі егіс пен күзгі жиын-терін кезінде 20 адамды, ал күнделікті шаруаға 5 адамды жұмыспен қамтып жүргенін де айта кету керек. Кәсіп иесі пісіп-жетілген дайын өнімдерді аудан орталығындағы азық-түлік дүкендеріне өзі жеткізіп берсе, Алматы, Қапшағай қалаларынан жүк көліктері келіп, келісімшарт бойынша көтерме бағада сатып алады екен. 
Пайдасы шаш етектен болмаса да, «кәсібім – нәсібім» деп еңбектің қарақазанын қайнатып, маңдай терін төгіп, табысқа кенеліп жүрген қарбызшы атакәсібінен қол үзбейтінін әңгіме арқауына айналдырды.

Бақтығали  ДӘУІТБАЕВ
Балқаш ауданы

 

Қатысты жаңалықтар

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

12 қараша 2026
Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

12 қараша 2026
«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

12 қараша 2026
«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

12 қараша 2026
«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

12 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.