Талдықорған: +15°C
$ 443.62
€ 492.24
₽ 5.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ТАЛҒАРЛЫҚ ЖАС ӨНЕРПАЗДАР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУДА ТОП ЖАРЫП ЖҮР

19 қараша 2020
РУХАНИЯТ
ТАЛҒАРЛЫҚ ЖАС ӨНЕРПАЗДАР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУДА ТОП ЖАРЫП ЖҮР
WhatsAppTelegramFacebook

Биылғы пандемияға байланысты жер-жерде іс-шаралар онлайн форматқа өтіп, әлеуметтік желінің қолданылуы одан әрі қыза түскені мәлім. Осы орайда халықаралық, облыстық онлайн байқауларға жерлестеріміз қатысып, жүлделі орындарға ие болып жатыр. Соларды атап өтсек дейміз.

Рысқұлов ауылының тұрғыны Қарақат Башанова «Junior Eurovision 2020» халықаралық ән байқауының ұлттық іріктеуінің финалында қазылар алқасы мен көрермендердің дауыс беруі арқылы жеңіске жетті. Енді Қарақат Польшада өтетін «Junior Eurovision-2020» байқауында халықаралық гранд-финалда Қазақстан атынан өнер көрсететін болады.

Нұр-Сұлтан қаласында халықаралық «Ақ көгершін» балалар шығармашылығы атты онлайн байқауы ұйымдастырылып, өнер додасының 15 жылдығына орай Ресей, Қырғызстан, Қазақстанның түпкір-түпкірінен келген 1500-ден аса үміткер бақ сынады. Талғар аудандық Мәдениет үйінің «Ару» би ансамблі «Ұлы Даланың жеті қыры» би қойылымымен байқауға қатысып, жүлделі I орынды жеңіп алды. Олар 2021 жылы Түркия мемлекетіне баратын топтық жолдамаға ие болды.

Алматы облысы әкімінің жүлдесі үшін «Жетісу жұлдыздары-2020» онлайн байқауында Талғар ауданынан Жақыпбек Олжас дәстүрлі ән номинациясы бойынша (орта топ) бас жүлдені, Айсұлтан Мұхамадиев эстрадалық ән номинациясы бойынша (кіші топ) бас жүлдені жеңіп алды. Сондай-ақ, Абдубай Әзел эстрадалық ән номинациясы бойынша (үлкен топ) II орын, Өкен Балауса дәстүрлі ән номинациясы бойынша (орта топ) III орын иегері атанды.

Алматы облысы бойынша «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен өткен «Біржан мен Сара» (ақиқат, салмақты сөз — айтыстан туады) атты онлайн айтысына Тұздыбастау ауылының тұрғыны Абитилда Нұрислам қатысып, жүлделі III орыннан көрінді.

Барша жеңімпаздарды марапатымен, жеңісімен құттықтаймыз! Алда алар асулар бен бағындырар белес көп болсын.

Арсен ҚҰРМАНҚАЗИЕВ,

Талғар аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

12 қараша 2026
Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

12 қараша 2026
«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

12 қараша 2026
«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

12 қараша 2026
«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

12 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.