Талдықорған: +13°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ТАЛДЫҚОРҒАН: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

27 мамыр 2019
РУХАНИЯТ
ТАЛДЫҚОРҒАН: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
WhatsAppTelegramFacebook

КСРО Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты М.Төлебаев атындағы V Халықаралық «Алтын таяқша» дирижерлер, «Кестелі орамал» вокалистер байқауы өз мәресіне жетті.

Үш күнге созылған саз саңлақтарың дүбірлі додасы тартысқа толы болғаны бір төбе, ұлы композитор шығармашылығына жаны құмар тыңдарманның рухани шөлі бір басылғандай көрінгені бар. Байқаудың алғашқы күнінде Өзбекстанның Халық әртісі, профессор, Өзбекстан ұлттық халық аспаптар оркестрінің дирижері Фарут Садыков, АҚШ-тың Мобил университеті фортепьяно кафедрасының меңгерушісі, музыка ғылымының докторы, профессор, Gulf Coast Steinway қоғамының президенті Хадиша Оңалбаева сынды алыс-жақын шетел мен мемлекетіміздің музыка майталмандары журналистермен жүздесіп, байқау туралы кең көлемде мағлұмат беріп, ақпарат саласы өкілдері тарапынан болған сауалдарға жан-жақтылы жауап берді.

Соңына саф алтындай жарқыраған бай мұра қалдырған алып тұлға құрметіне орай 5-ші рет ұйымдастырылып отырған байқаудың бұған дейінгілері ел көлеміндегі музыка майталмандары арасында өрбіген болса, биыл бірінші рет халықаралық дәрежеде жалау желбіретіп отыр. Бұл байқауға 6 мемлекеттен 17 дирижер және 28 вокалист қатысып, өзара бақтарын сынасты.

Мұқан Төлебаевтың шығармаларымен бірге өзі таңдаған шетел классикаларын сахнада сайратқан саз саңлақтары мен дирижерлардың үздіктері байқаудың соңғы күні Гала-концертте өнерлерін көрсетті. Б. Римова атындағы облыстық драма театрының сахнасында өткен рухани шараның шымылдығы Сүйінбай атындағы облыстық филармониясының М. Төлебаев атындағы халықтық ұлт-аспаптар оркестрінің  орындауындағы «Біржан-Сара» туындысымен басталды.

– Өнер байқауы әрбір талант иесінің қарым-қабілетін шыңдайды. Біз Жетісу жерінде осыдан бес жыл бұрын алауы тұтанып, бүгінде халықаралық сипатта өріс алып отырған бұл байқаудың негізін салушыларға алғыс айтуымыз керек. Осындай байқау барда қазақ музыкасы насихатталып, қазақ композиторлары көптеп таныла береді деп сенемін, – деген қазылар алқасының мүшесі, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, Қазақ ұлттық өнер университетінің ұстазы Азамат Жылтыркөзов байқаудың жоғары дәрежеде өткенін тілге тиек етті.

Өнер байқауында дирижерлар арасында өткен «Алтын таяқша» аталымы бойынша алматылық Бекболат Әбдіберікұлы, талдықорғандық Медет Есбергенов, шымкенттік Қуаныш Исмайлов ІІІ орын, американдық Шахруһ Садикаф ІІ орын иегері атанды. Ал бірінші тұғырдан табылу бақыты қостанайлық Берік Оразалинов пен Белоруссиядан келген Анастасия Лаватиға бұйырды. «Кестелі орамал» аталымы бойынша ІІІ орын иегері деп алматылық Дамир Садуақасов, талдықорғандық Мадина Мәлібекова танылды. Ал, алматылық Балуан Бергенов пен Дінмұхамед Көшкенбаев ІІ орын, Өзбекстаннан келген Ақылбек Пиязов пен нұр-сұлтандық Гүлдана Алдадосова І орын иегері атанды.

Халықаралық байқауда оза шауып талантымен танылған нұр-сұлтандық Руслан Баймұрзин «Алтын таяқша» дирижерлар байқауында, ал елордалық Азат Мәлік «Кестелі орамал» вокалистер байқауында Гран-при иегері деп танылып, облыс әкімінің орынбасары Ақан Әбдуәлиевтің қолынан марапатталды. Сондай-ақ, барша жеңімпаздар қаржылай сыйлыққа ие болды.

Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Өркендеудің өзегі

Көңіл тоғайтатын құжат

7 қараша 2026
Қызылағашта трассалық медициналық-құтқару пункті бой көтеруде

Сапалы медицина – салауатты қоғам негізі

7 қараша 2026
Қазақстан Тәжікстанның ірі сауда серіктестерінің үштігіне кіреді

Қазақстан Тәжікстанның ірі сауда серіктестерінің үштігіне кіреді

7 қараша 2026
Тоқаев Тәжікстанмен стратегиялық серіктестікті нығайту мәселесін талқылады

Тоқаев Тәжікстанмен стратегиялық серіктестікті нығайту мәселесін талқылады

7 қараша 2026
«Халықтық құрылыс» – материалдық құндылықтар бастауы

«Халықтық құрылыс» – материалдық құндылықтар бастауы

7 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.