Талдықорған: +29°C
$ 486.47
€ 554.77
₽ 6.26
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ТАЛДЫҚОРҒАН ТЕАТРЫНДА ЕКІ ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕН НАЗАРЫНА ҰСЫНЫЛДЫ

22.11.2021
РУХАНИЯТ
ТАЛДЫҚОРҒАН ТЕАТРЫНДА ЕКІ ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ КӨРЕРМЕН НАЗАРЫНА ҰСЫНЫЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

«Қасиетіңнен айналайын, бабалар! Ғасырлар толқыны жасырған қасіретімді қозғаған, бүгінімнің арайлы шағын, берекелі мезгіл-мезіретін сенің ұлы қаһармандығың, ерен ерлігің мен маңдай теріңді шүмектеткен еңбегіңнің арқасында еншілептік-ау. Сары сағым көлбеген кеңістікке құштар көңілімнің еркіндігі, басымның азаттығы сендердің бізге аманаттаған ұлы мұраларың екен ғой», – деп тебіренгенде қос жанардан мөлт етіп ұлы бақыттың жасы үзіліп түсті.

Жанардың мөлдір сығындысын саусақпен сылып тастап, театр сахнасына тебірене телміре түстік. Көз ұшындағы арын ұрлатқан Меңтайдың мұңлы тағдыры у ұрттатқандай денені бір ысынтып, бір суынтты. «Жас құлындай шыңғырттым-ау. Нәрін сорып алғанда қабығы қалған лимондай лақтырып тастадым», – дейтін Тұмажанның аяр әрекеті соғыс дәуіріндегі қатал қоғамды көз алдыңа алып келеді. Майдангер досының ақтық өтінішін орындаймын деген жалған желеумен Меңтайды іздеп-тауып, досының аманатына қиянат істеген, жас қызды қорлап кеткен Тұмажан намысты тырнап, қабаққа ашу тепсітті. Ал: «Сен алтынсың. Алтынды қара ниетті адам лас қолымен, ақ жүрек жан таза қолымен де ұстайды. Сонда да алтын алтын күйінде нарқы мен қалпын бұзбай қалмай ма? Сен де сондайсың», – деп Меңтаймен тірлігін түйістерген, бақытын ұштастырған Ерболдай азаматты көңіліңмен аймалағандай боласың.

Сырбаз қаламгер Әзілхан Нұршайықовтың қаламынан туған «Махаббат, қызық мол жылдар» романын сахналаған Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры жетісулық көрерменді осындай тебіреніске жетеледі. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Б.Римов атындағы Талдықорған драма театры сахнасында қос қойылым көрініс тапты. Алғашқы күні ғажайып театр «Махаббат, қызық мол жылдарды» көрермен назарына ұсынса, екінші күні І.Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасын сахналады. Ұлттың ұлы құндылығын танытатын қойылымда қазақтың қай заманда да адалдық деген басты құндылыққа баса назар аударатынын, текті ел екенін танытатын қос туынды көрермен жанарынан жас үздірді.

Тарихтың сан қилы жолын жүріп өткен қазақ халқының классикалық туындыларын сахналаған режиссер Фархат Молдағалидың режиссерлік шеберлігі тәнті етті. Алғашқы қойылымда бір ғана Меңтайдың басына түскен ауыртпалығын сахна арқылы сөйлетудегі режиссердің тапқырлығы таңдай қақтырса, екінші қойылымда Құлагердің сом мүсінінен тартып, аттардың бәйгеге шабатыны, сарнаған құстың образы көңілді көкке өрлеткендей күйге түсірді. Ал ғасырға жуық тарихы бар театрдың әрбір актерінің сахнадағы рөлі жоғары деңгейде сомдалып, қойылымда иненің жасуындай кемшілік байқалмады.

Тебіренткен осынау қос қойылым соңында Әмірсана Ришадұлы есімді ең жас көрерменнен пікір алдық. Ол: «Маған қойылым өте қатты ұнады. Мен Әзілхан Нұршайықов атамыздың бұл кітабын енді оқимын. Неткен аянышты, ауыр шығарма еді?! «Құлагерді» де оқып, жаттауға тырысамын», – деп олжалы қайтып бара жатқанын жеткізді. Ал салиқалы көрермен жүзіндегі толқыныс көпке дейін тарқаған жоқ. Осыдан-ақ, ел Тәуелсіздігіне тарту еткен Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының қойылымдары жүрекке жеткенін аңдадық.

Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Жасанды интеллект бойынша стратегиялық семинар өтті

Жасанды интеллект бойынша стратегиялық семинар өтті

29.06.2026
QYZYLJAR MUSIC FEST – V фестивалі бастау алады

QYZYLJAR MUSIC FEST – V фестивалі бастау алады

29.06.2026
Астанада «Асыл мұра» концерті өтеді

Астанада «Асыл мұра» концерті өтеді

29.06.2026
Сарбаздар куәлік алды

Сарбаздар куәлік алды

29.06.2026
Талдықорғанда ыстық су тоқтатылады

Талдықорғанда ыстық су тоқтатылады

29.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.