Талдықорған: +15°C
$ 443.62
€ 492.24
₽ 5.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ТАЛДЫҚОРҒАНҒА ГАЗ ТАРТЫЛДЫ, БІРАҚ ШЕШІЛМЕГЕН МӘСЕЛЕ ШАШ ЕТЕКТЕН

2 желтоқсан 2020
РУХАНИЯТ
ТАЛДЫҚОРҒАНҒА ГАЗ ТАРТЫЛДЫ, БІРАҚ ШЕШІЛМЕГЕН МӘСЕЛЕ ШАШ ЕТЕКТЕН
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорғанда табиғи газ құбырлары бірінен соң бірі қатып жатыр. Салдарынан халық тәуліктеп жылусыз, көгілдір отынсыз отыр.

Тіпті, тұрғындар шәугімге су қайнатып, құбырларды өздігінше жылытып әлек. Қазір Талдықорғанда көгілдір отын шығатын жерден қатты қысыммен су атқылап жатыр. Кемінде 500 мың теңгеге жуық қаражат беріп, газ орнатқан тұрғындар енді өмірлері үшін үрейленіп отыр.

— Кез келген уақытта қатып қалады. Күн жылыда да, күн суықта да. Қай уақытта қатып қалатынын өзің білмейсің. Шақырсаң келмейді. Звондасаң, аға, ыстық су құйыңыз дейді, сосын ыстық су құясың. Бір ай болды қостыртқаныма, ал қыстай қанша қақсап шығамын, бір Құдай біледі, — дейді Талдықорған қаласының тұрғыны Айтақын Бұлғақов.

Көгілдір отынды беріп отырған «ҚазТрансГазАймақ» акционерлік қоғамының Жетісу өңдірістік филиалы газдардың қатып жатқанын растады. Бірақ бұл компания біз құбырға емес, газға ғана жауаптымыз дейді. Ал соңғы қосылған абонименттер арасында газ құбырының қатуы сынды шағымдар көбейді деп отыр. «400-ге дейін қоңырау түседі. Көбіне Еркін және Өтенай жақтан. Мердігерлердің үйге қосқан құбырлары өте нашар», — дейді «ҚазТрансГазАймақ» акционерлік қоғамының Жетісу өндірістік филиалының директоры Равиль Исмаилов.

Ал Алматы облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы жіберілген кемшіліктерге қандай мердігер жауапты екені анықталып, тиісті шара қолданылатынын айтты.

— Нақты Талдықорған қаласын газдандыруға біз жоба бойынша 19,4 млрд.теңге қаражат жұмсадық. Мемлекеттен, бюджеттен. Іске қосу кешенінде 22 мердігер бар. 2016 жылдан бері бірталай мердігер болды, солардың бәріне дайындап жатырмыз. Тиісті шараларды қолданамыз, — деді Алматы облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Дамир Дәулетханұлы.

«ҚАЗАҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

Бүгін, 16:19
Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

Бүгін, 16:13
«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

Бүгін, 15:44
«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

Бүгін, 14:55
«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

Бүгін, 14:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.