Талдықорған: +27°C
$ 474.47
€ 541.37
₽ 6.08
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ТАЛДЫҚОРҒАНДА «ҚАРА ӨЛЕҢНІҢ ҚУАТЫ» АТТЫ ӘДЕБИ КЕШ ӨТКІЗІЛДІ

11.07.2021
РУХАНИЯТ
ТАЛДЫҚОРҒАНДА "ҚАРА ӨЛЕҢНІҢ ҚУАТЫ" АТТЫ ӘДЕБИ КЕШ ӨТКІЗІЛДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Жұмекен Нәжімеденовтің «Ақын суреттеген әрбір бұтаның артында адам бар, әрбір тамшының көзінде шындық бар. Соны сезім сүзгісінен, ой елегінен өткізгенде ғана әсерлі поэзия тумақ» деген сөзі қолына қалам алып, Тәңір тарту еткен таланттың арқасында поэзияға еңбек етіп жүрген жандардың бағыт алар Шолпан жұлдызы іспетті. Сол секілді алпыс деген талтүс жасты еңсерген ақын Қуат Қайранбаевтың қазақ поэзиясындағы орны ерек.

«Өз елі өз ерлерін ескермесе, ел тегі қайдан алсын кемеңгерді?» деп жыр Құлагері Ілияс Жансүгіров айтпақшы, Жетісудың жүрегінде, Талдықорғанның төрінде өлең тойы тойланды. Осыдан бірер күн бұрын С.Сейфуллин атындағы облыстық әмбебап кітапханасында Қуат Қайранбаевпен «Қара өлеңнің Қуаты» атты шығармашылық кездесу кеші өтті. Кеште оқырман жүрегінен орын алған өлеңдері оқылып, ақынның сөзіне жазылған әндер шырқалды. Тағылымға толы шараның «бісмілләсі» ақын өмірі мен шығармашылығына арналған бейнеүзікпен басталып, өзі қызмет ететін жүзден асқан облыстық «Jetisy» газеті бас редакторының орынбасары Жұматай Әміреевтің құттықтау сөзімен жалғасты.

– Қаламыңыздан туған қарлығаш қанатты өлеңдеріңіз туған еліңіздің көңілінде қалықтап жүр. Сізді қанаттандырған, әдебиетке, руханиятқа үндеген туған еліңіздің ыстық ықыласы. Біздің көз алдымызда бірнеше кітабыңыздың тұсаукесері өтті. Кейінгі шыққан бір-екі кітабыңыз Алматы дейтін ақындардың ордасының жемісі деп білеміз. Ұзағынан сүйіндірсін. Құтты болсын. Асқаралы алпыс деген жасқа алқынбай жеттіңіз. Сол шабытыңызбен әлі де жазарыңыз таусылмасын. Мұнымен бітпесін, өлеңіңіздің нүктесін Жамбыл атамыздың жасына барып бір-ақ қойыңыз, – деп қара шаңырақта бірге қызмет етіп жүргендіктен бастан өткен есті естеліктерімен бөлісті.

Ақиық ақын Мұқағали Мақатаев айтқандай «Сен менен хал сұрама, жырды сұра!» демекші, ҚР Жазушылар одағының мүшесі Қуат Қайранбаев «Көңілдің қоңырауы» деген өлеңін оқып берді. Онда:

Тағы бір ойды бастап сабырменен,
Көңілдің қоңырауы қағылды әрең.
Жүректің түкпірінен маржан сүзіп,
Сезімнің тереңінен лағыл терем,
– деген бір шумағының өзі кешке келген қонақтардың көңілін тербеді. Жаңадан жарыққа шыққан туындысының атауы туралы:

– Кітаптың атын «Көңілдің қоңырауы» деп қоюыңыздың себебі не?» деп сұрап жатады. Өлеңімнің ішінен оқып отырсаңыз, өзі шыға келеді. Менің өлеңдерім ол менің көңілімнің қоңырауы екені рас. Сыңғырлап жұрттың құлағына, көңіліне, жүрегіне жетсем екен деп тұрады, – дейді ақын.

Әрмен қарай «Талдықорған әуендері» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің әншісі, композитор Нұржан Ахметбек әнін өзі жазған ақынның «Ғажап сурет» деген туындысын тамылжыта орындады. Ал «Жанр» әдеби клубының мүшелері Азамат Нұрмахан, Аршын Айдынбекұлы бастаған өлеңге, поэзияға жаны құмар жігіттер жырдан шашу шашты. Қуат Қайранбаевтың «Махаббат балладасы» атты өлеңіне әнші-композитор Гүлнұр Нұрасылова ән жазған туынды қалың қазақтың құлақ құрышын қандырып жүргені ақиқат. Гүлнұр Нұрасылова ақынға шығармашылық табыс тілеп, аталмыш әнді орындап берді.

Кешке арнайы ақ тілегін арқалай келген Тұрлыхан Кәрім, Айдын Кәлімхан, Роза Төлегенқызы, Зылиха Әуезова сынды қаламдас-замандастары тәтті тілектерін арнады. Ақын-сазгер Жангелді Немеребай әнін жазған «Жылдар» атты туындыны Нұржан Ахметбек орындап, кештің көркін кіргізді. Кездесудің өтуіне мұрындық болған С.Сейфуллин атындағы облыстық әмбебап кітапханасының директоры Ғалия Тоқабаева Қуат Қайранбаевқа шапан жауып, шалқар шабыт тіледі.

«Egemen Qazaqstan» газетіне жарияланған Мұхтар Күмісбектің Қуат Қайранбаевтың поэзиясы туралы «Қимас көздердің қарашығында…» атты мақаласы ақынның өлең өлкесінде шыққан биігін көрсеткендей. Онда: «Ол өзінің өскен ортасынан, ұшқан ұясынан ұзап ешқайда кетпейді. Кеткісі де жоқ. Кейде кіндік қаны тамған топырақты сағынғанда Талдықорғанға тартып тұратыны бар. Алматыға өкпелемейді, бірақ ауылдың ауасына жетер рухани дәрумен таппай жүргенін жанарынан анық байқаймыз. Шағын шаһар шайыр келгенде бір шалқып қалатыны белгілі» деп жазылған. Қара өлеңге құмар оқырман ыстық күнде поэзияның көлеңкесіне тұрақтап, өлеңмен шөлін басты.

Мәулен ӘНЕРБАЙ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Тұщы суды тоқтаусыз тұтынады

Тұщы суды тоқтаусыз тұтынады

02.07.2026
«Әділет» партиясы Жетісу облыстық филиалының басшылық құрамы жасақталды

«Әділет» партиясы Жетісу облыстық филиалының басшылық құрамы жасақталды

02.07.2026
Қазақстанда шағын және орта бизнеске арналған BusinessGO цифрлық экожүйесі іске қосылды

Қазақстанда шағын және орта бизнеске арналған BusinessGO цифрлық экожүйесі іске қосылды

02.07.2026
Кәсіп ашуды армандады

Кәсіп ашуды армандады

02.07.2026
Президент инвесторларға Қазақстанның басты артықшылығын атады

Президент инвесторларға Қазақстанның басты артықшылығын атады

02.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.