Талдықорған: +37°C
$ 485.82
€ 554.03
₽ 6.24
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ТАЛДЫҚОРҒАНДА БЕЙСЕН ҚҰРАНБЕК АТЫНДАҒЫ ОЛИМПИАДАНЫҢ АШЫЛУЫ ӨТТІ

08.10.2021
РУХАНИЯТ
ТАЛДЫҚОРҒАНДА БЕЙСЕН ҚҰРАНБЕК АТЫНДАҒЫ ОЛИМПИАДАНЫҢ АШЫЛУЫ ӨТТІ
WhatsAppTelegramFacebook

Бейсенжан. Бейсен Құранбек елдің тілеуін тіледі. Жылағанның көз жасын сүртті. Соңында адамгершілікке тәрбиелейтін «Ар сақта! Намысты бол! Қарекет қыл. Тәуекел ет! Уәдеге берік бол! Біліміңді көбейт» деген өсиет қалдырды.

Бейсен журналист қысқа ғұмырында көпке үлгі боларлық іс атқарды. Ол қазақ тілді Президенттік пулдың негізін қалады. Мемлекеттік тілдің төрге шығуына қосқан үлесі үшін «Тіл жанашыры» Құрмет төсбелгісін тағынды. Бейсен Құранбек басқарған «Жетісу» телеарнасы республикалық дәрежедегі «Нұр сұңқар» сыйлығын иеленіп, мерейлері асқақтады.

Бейсенжанға елі Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері атағын берді. Ол «Қайсар» төсбелгісіне лайық деп танылды. Бейсен Құранбек туған жері Кербұлақ ауданы және Талдықорған қаласының Құрметті азаматы атанды. Мұның бәрінен де мықтысы, Бейсен есімі «Айтуға оңай» бағдарламасымен қатар аталды. Жастардың бет түзейтін темірқазығына айналды. Айта жүрсін деді ме, соңына жақсы үлгі-өнеге қалдырды.

Ол қызмет атқарған «Жетісу» телеарнасы Алматы облыстық білім басқармасымен бірлесіп, өткен жылдан бері ұстаздар мен оқушылар арасында жастардың шығармашылығын дамыту мақсатында олимпиада ұйымдастыруда. Үрдіс биыл да жалғасын тапты.

Журналистер үйіндегі Бейсен Құранбек атындағы бұрышы гүл шоқтарымен безендірілді. Шараның алдында қазақ журналистикасының жарық жұлдызы  Бейсен Абайұлы жайлы қысқа бейнефильм көрсетілді. Қаламгердің телеарнадағы көрермені көп хабарларынан үзінді көрсетілген фильмнің соңы  найзағайдың жай оғы тиген бәйтеректің құлауымен аяқталды.

Жанардан жас ыршып түсті. Бірақ фойеге қойылған суреттегі  кең маңдайлы журналистің  күлімдеген жүзі көпшілікті қайта серпілтті. Қобызшы Айна Қабыкеева мен «Мұрагер» ансамблінің орындауындағы күй құдіреті жиналған қауымның ойын қайта жинақтауына күш берді. Дарынды жастардың шығармашыл ізденісі мен белсенділіктерін арттыруға арналған олимпиаданың алғы сөзін облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Айжан Адамбекова ашты. Ол Бейсеннің әр айтқан сөзі – жақұт, әр ісі – үлгі, әр сөзі – тарихта сақталар құндылық екенін айтты. Ол олимпиадаға қатысушы жастар мен ұстаздарға сәт сапар тіледі.

Игі шарадағы келесі сөзді Бейсеннің әріптес ағасы, «JETISÝ» газетінің бас редакторы Әміре Әрін алып, інісінің өмірлік ұстанымына тоқталды. «Бейсенжан  Президент қасында абыройлы қызмет атқара жүріп, туған жерге туын тігуді мақсат етті. Сондай жоғары, жанға жайлы қызметті қиып, еліне еңбек етуге келді. «Жетісу» телеарнасы журналистерінің мықты құрамын қалыптастырды. Бейсен телеарна арқылы қазақтың болмысын паш етті. Бейсенжанның рухы шат болсын», – деді ол.

Олимпиаданың ашылу салтанатында Бейсен Құранбек атындағы оқушылар арасындағы 2020 жылғы олимпиаданың 1-орын иегері, Кербұлақ ауданы, Күреңбел қазақ орта мектебінің 11-сынып оқушысы Алуа Байтілеуова қаламгер ағасына арнаған өлеңін оқыды.

«Жетісу» телеарнасының басшысы Серік Сарыбаев олимпиаданы ұйымдастырған облыстық білім басқармасы мен «Жетісу дарыны» орталығына алғыс білдіріп, олимпиада өткізу жыл сайын дәстүрге ұласса деген ұсынысын айтты. Биыл аламан-сынақтың күрделенгенін, осы кең тынысты бәйгеде шын жүйрік озса деген тілегін білдірді. Қазақтың сапалы болғанын тілеген Бейсекеңнің арманы орындалып, маңдайы жарқыраған ұл-қыздар біздің өңірден шықса деген ізгі ойын жеткізді.

Жастарды адамдыққа тәрбиелеуге арналған шарада Бейсеннің жары Гүлмира Зербайқызы сөз алып, жолдасының «Айтуға оңай», «Қаракет» бағдарламалары арқылы елдің қордаланған мәселелерін шешуге атсалысқанына тоқталды. «Бүгінгі іс-шара Бейсекеңнің ізгі ойының жалғасы. Бейсекеңнің өмірін жастарға үлгі етіп, олардың додада бағын сынауына жағдай жасаған көпшілікке алғыс айтамын», – деді Бейсеннің жары.

Бейсен Құранбек халықтың жел жағына шығып, қиналғанның жан жарасын емдеудің үлгісін көрсетіп, соңына өшпес өнеге қалдырды. Бүгінгі ұлағатты ұстаздар қауымының игі ісі соны жалғастырудың үлгісі. Қазақтың біртуар азаматы, бейбіт күннің батыры, дарынды тележурналист, қазақтың Бейсені салған сара жолды жалғастырушыларға сәт сапар тілейік!

Гүлжан ТҰРСЫН

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Арманға апарар жол

Арманға апарар жол

30.06.2026
Қауіпті контенттен қорғанайық

Қауіпті контенттен қорғанайық

30.06.2026
Маркемен жасалған келісім

Маркемен жасалған келісім

30.06.2026
Өңірде 116 мың гектар алқапты суару жоспарлануда

Өңірде 116 мың гектар алқапты суару жоспарлануда

30.06.2026
Мемлекеттік сатып алуда ашықтық керек

Мемлекеттік сатып алуда ашықтық керек

30.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.