Талдықорған: +28°C
$ 488.37
€ 559.77
₽ 6.64
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ТАЛДЫҚОРҒАНДА МҰҚАҒАЛИҒА АРНАЛҒАН БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

09.03.2021
РУХАНИЯТ
ТАЛДЫҚОРҒАНДА МҰҚАҒАЛИҒА АРНАЛҒАН БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Биыл – қазақ жырының Хантәңірі атанып кеткен Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл. Торқалы той ел көлемінде аталып өтуде. Дегенмен, Алматы облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жыл басында мерейтойға орай сауын айтып «Тас жүректі тіліммен тілімдедім» байқауын жариялаған болатын.

Ел көлемі бойынша ең алғаш шымылдығын түрген байқау қорытындысы шықты. Алты Алашының мәңгілік махаббатына айналған Мұқағали ақынның жырларын насихаттап, ұлылығын ұлықтау мақсатында әрі «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру үшін онлайн түрде ұйымдастырылған бәйгеге 450-ге жуық өтінім келіп түскен.

Жер жанатты Жетісу жерінде жалауын көтерген байқауға өтінім білдіргендер саны көп болғанымен, арнайы сараптау кезінде 90-ға жуық шығарма жарамсыз деп танылған. 360 автор екі аталым бойынша байқауға қатысып, жүлдені сарапқа салған. Айта кетелік, «Қазақтың қара өлеңі – құдіретім» аталымы бойынша ақындар мұзарт таудың мұзбалағына арнаған өлеңін жолдаса, әдебиет зерттеушілері, жас ғалымдар мен сыншылар «Мұқағали шығармасындағы ұлттық таным» аталымында зерттеу мақаласын, эссе, очерктерін жіберген.

Екі айға созылған байқаудың марапаттау салтанаты Тіл сарайында өтті. Шараның шымылдығын облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарма басшысы Болат Керімбек құттықтау сөзімен ашты.

Ол өміршең өлеңдерімен әрбір қазақтың жүрек төрінен орын алған ақынның тұлғалық болмысын ашып, ғұмырын айшықтап, ұлы қазынасын насихаттау мақсатында өткен байқаудың мәреге жеткенін, жүзден жүйрік шыққандардың маңдайы жарқырап, осы жиынға жиналып отырғанын сөз етті. Жеңімпаздарға алдын-ала жүрекжарды лебізін білдірді.

Өз кезегінде 18-45 жас аралығындағы ақын-жазушылар арасында өткен «Тас жүректі тіліммен тілімдедім» байқауына қазылық еткен әділқазылар алқасының төрағасы, көрнекті ақын, «Жетісу» газеті бас редакторының орынбасары Нүсіпбай Әбдірахым сөз алды. Байқауға көп үміткер қатысқаны көңілге қуаныш ұялатқанымен, төрттен бірі көшірілген туынды болып шыққанын ерекше атап өткен Нүсіпбай Додабайұлы аламанға ұсынылған шығармаларға ерекше тоқталды. «Қара қылды қақ жарған» ұстаныммен шын жүйріктерді белгілі ақын Сағыныш Намазшамова, Қазақстан Жазушылар одағы Алматы облыстық филиалы директорының орынбасары Жангелді Немеребай, «Серпер» сыйлығының лауреаты Жеңіс Жолдыбай сынды азаматтармен екшеп, саралағанын жеткізді.

Жырлары толқындай тебіреніске бөлер ұлы ақынның жерлесі, ҚР Мәдениет қайраткері, облыстық «Жетісу» газеті бас редакторының орынбасары Жұматай Әміреев сөз алып, ұлы бабаның өмір сорабынан, есті естеліктерінен, шырайлы шығармасынан сыр сабақтады.

Қара қылды қақ жарған қазылар алқасының шешімі бойынша  поэзия бағытында Мақсат Ережептің арнау өлеңі бас жүлдеге лайық деп танылды. Байқаудың I орынын Самал Шеңгелбаева еншіледі. II орынды Азамат Нұрмұхан мен Айып Айдар қанжығаласа, Рауан Әміреев, Ербол Бұлбұл, Орынтай Мұратхан III орынға ие болды. Сәбит Нұрақов, Назгүл Ақбасова, Мағрипа Сандуғашқа ынталандыру сыйлығы берілді.

Ал Мұқағалиға арналған зерттеу мақалалары ішінен бас жүлде Асыл Сұлтанғазыға тиесілі деп танылды. I орын Бектас Талдыбаевқа, II орын Алмат Ержановқа, III орын Гүлнар Абдрахмановаға бұйырды.

Әйгерім ИЕБЕКОВА,

Алматы облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың баспасөз хатшысы

Қатысты жаңалықтар

Талдықорғанда «Әкелер форумы» өтті

Талдықорғанда «Әкелер форумы» өтті

22.06.2026
Нобель иегерімен жүздесу

Нобель иегерімен жүздесу

22.06.2026
Колледждерде құжат қабылдау 25 маусымда басталады

Колледждерде құжат қабылдау 25 маусымда басталады

22.06.2026
Қазақстанның барлық өңірінде «Әділет» партиясының филиалы құрылды

Қазақстанның барлық өңірінде «Әділет» партиясының филиалы құрылды

22.06.2026
Елімізде балалар спортын қолдауға 50 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

Елімізде балалар спортын қолдауға 50 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

22.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.