Талдықорған: +15°C
$ 443.62
€ 492.24
₽ 5.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ТАЛДЫҚОРҒАНДА МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ ПОЭЗИЯ КЕШІН ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

9 ақпан 2022
РУХАНИЯТ
ТАЛДЫҚОРҒАНДА МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ ПОЭЗИЯ КЕШІН ҰЙЫМДАСТЫРДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай Талдықорған қаласындағы №14 орта мектеп-гимназиясында поэзия кеші өтті. «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атымен өрнектелген рухани шарада шайырдың асқақ жырлары оқылып, әуезді әндері әуеледі.

Мұғалім, ата-ана және оқушы үштігінің қатысуымен шырайын тапқан шарада 4 «Г» сынып оқушылары ұлы ақынның туған ел, туған жер мен Отан, табиғат пен қазақы құндылықтарға шығарылған өміршең жырларын нақышына келтіріп оқыса, ата-аналар мен ұлағат иелері кештің жоғары деңгейде өтуіне атсалысты.

Аталмыш мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұргүл Ахмадиева:

– Жалынды жырларымен елінің сөз өнерін асқақтатып, қазақ әдебиетінің қоржынына телегей жырларын тоғытқан Мұқағали Мақатаев шын мәнінде мәңгілік ғұмыр иесі. Оның әрбір жыры туған елінің жүрегінде жатталып қалды, – деп толғана келе арнау оқыды.

Сахнаның сәнін келтірген оқушылар да өзін таныстырып, өлең атты қасиетті туындыны термелеп берді. Сонымен қатар, бірқатар ата-ана мұзбалақ ақынның сөзіне жазылған әсем әндерді домбыраның сүйемелдеуімен әуелетті. Арнайы мектеп ұстаздарынан сайланған әділқазы алқасы поэзия кешінде өнер көрсеткен үштіктің (мұғалім, ата-ана, оқушы) еңбегін бағалап, қорытынды шығарды. Үздік деп танылғандар мен белсене қатысқандарға мақтау қағаздары мен диплом табыс етілді.

Осы ретте айта кету керек, 4 «Г» сынып оқушыларының арасынан бейнелеу өнеріне қалам тартып, ақын портретін салған жас таланттардың жұмысы көрмеге қойылды. Мазмұнды шараны 4 «Г» сынып оқушыларының сынып жетекшісі Ләззат Салтақова ұйымдастырды.

Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ

Талдықорған қаласы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Әуежайдағы қауіпсіздік: Жолаушылар білуі тиіс басты ережелер

Әуежайдағы қауіпсіздік: Жолаушылар білуі тиіс басты ережелер

Бүгін, 12:00
Жаңа Конституция: Қазақстанның құқықтық дамуындағы жаңа кезең

Жаңа Конституция: Қазақстанның құқықтық дамуындағы жаңа кезең

Бүгін, 11:48
Қазақстандықтар 59 күнде 1 102 560 кітап оқыған

Қазақстандықтар 59 күнде 1 102 560 кітап оқыған

Бүгін, 11:44
Базардан мұнай өңдеу зауытына дейін: Қазақстанда көлеңкелі сектор тарихи минимумға дейін қысқарды

Базардан мұнай өңдеу зауытына дейін: Қазақстанда көлеңкелі сектор тарихи минимумға дейін қысқарды

Бүгін, 11:35
Текеліде күйеуін өлтірді деп айыпталған көпбалалы ана бостандыққа шықты

Текеліде күйеуін өлтірді деп айыпталған көпбалалы ана бостандыққа шықты

Бүгін, 11:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.