Талдықорған: +22°C
$ 474.47
€ 541.37
₽ 6.08
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ТАЛДЫҚОРҒАНДА РЕСМИ ЖАЗУШЫ АТАНҒАНДАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

29.05.2021
РУХАНИЯТ
ТАЛДЫҚОРҒАНДА РЕСМИ ЖАЗУШЫ АТАНҒАНДАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорған қаласындағы Сүйінбай атындағы облыстық филармония ғимаратында үшінші маусым жалғасқан «Біз күткен көктем» атты әдеби-сазды кеш өтті. Атаулы күннің қонағы болып Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Марлен Көлбаев және Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, көрнекті ақын Ұлықбек Есдәулет келіп қатысты. Бұл туралы «Жетісу» газеті хабарлады.

Сахна шымылдығын Сүйінбай атындағы облыстық филармониясының “Алтынай” мемлекеттік халық би ансамблі ашты.

– Қайырлы күн, құрметті достар, әдебиетсүйер қауым! Бүгін біздің Талдықорған қаласында, облыс орталығында мәдениет тойы жалғасып жатыр десем артық емес. Алматы облысының әкімі Амандық Ғаббасұлы мәдениетке үлкен көңіл бөліп, барлық жағынан қолдап, Жетісу ақындарына көрсеткен көмегі үшін алғыс білдіреміз, – деген Марлен Көлбаев ізгі ниетпен ақындарға сәттілік тілеп, облыс әкімінің жас қаламгерлерге ұсынған Алғыс хаттарымен марапаттады.

Әдебиет әлемінде белсенділік танытып, ел руханиятына үлес қосып жүрген ақындарды марапаттау рәсімінде Жангелді Немеребай, Есболат Айдабосын, Айнұр Төлеу, Елдос Тоқтарбай, Азамат Нұрмұхан, Асыл Сұлтанғазы есімді көпшілікке танылған қаламгерлерге облыс әкімінің Алғыс хаттары табысталды. Сондай-ақ, Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасы Ұлықбек Есдәулетке, басқарма төрағасының орынбасары Ақберен Елгезек және басқарма хатшысы Ғалым Қалибекке облыс әкімі атынан шапан жабылып, құрмет көрсетілді.

Марапаттау шарасында Абай Құнанбайұлының толық шығармаларын моңғол тіліне көркем аударғаны үшін Түрік тілдес халықтардың ІІ поэзия фестивалінің лауреаты, Моңғолияның еркін Жазушылар одағының мүшесі Жүкел Хамай мен драматург, Қырғызстанда өткен Орта Азия театрлар фестиваліне қатысып, пьесалары халықаралық сертификатқа ие болған, Мәдениет министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған Лидия Егембердиеваға Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығы табыс етілді. Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының Алғыс хатымен Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Әли Ысқабай, «Жетісу» газеті бас редакторының орынбасары Нүсіпбай Әбдірахым, жазушы Жомарт Игіман, облыс әкімдігі ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімінің қызметкері Гүлбақыт Қасен, «Шабыт» фестивалінің жүлдегері Сағыныш Намазшамова, журналист Назым Дүтбаева марапатталды.

Бұл кеш облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасымен бірге Қазақстан Жазушылар одағы Алматы облыстық филиалы және «Жанр» әдеби клубымен бірге ұйымдастырылды. Бұған дейін “Жапырақ жауған күз”, “Ақпанда жауған аппақ жыр” секілді әдеби- сазды кеш ұйымдастырылған болатын.

Әділет БАЛТАБЕК,

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің студенті

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Тұщы суды тоқтаусыз тұтынады

Тұщы суды тоқтаусыз тұтынады

02.07.2026
«Әділет» партиясы Жетісу облыстық филиалының басшылық құрамы жасақталды

«Әділет» партиясы Жетісу облыстық филиалының басшылық құрамы жасақталды

02.07.2026
Қазақстанда шағын және орта бизнеске арналған BusinessGO цифрлық экожүйесі іске қосылды

Қазақстанда шағын және орта бизнеске арналған BusinessGO цифрлық экожүйесі іске қосылды

02.07.2026
Кәсіп ашуды армандады

Кәсіп ашуды армандады

02.07.2026
Президент инвесторларға Қазақстанның басты артықшылығын атады

Президент инвесторларға Қазақстанның басты артықшылығын атады

02.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.