Талдықорған: +11°C
$ 447.73
€ 502.98
₽ 5.35
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Толқын тербеген толғамды кеш

05.10.2026
РУХАНИЯТ
Толқын тербеген толғамды кеш
WhatsAppTelegramFacebook

Алатау баурайындағы ару қала Алматыда белгілі академик-дәрігер, ақын, сазгер Толқын Ақанұлының «Толқынның Толқындары» атты әдеби-сазды шығармашылық кеші өтті. Республика сарайының сахнасында өткен тағылымды басқосу өнер мен әдебиетті, ғылым мен медицинаны тоғыстырған бай мазмұнды рухани кешке айналды.

Кешке есімдері елге танымал өнер майталмандары арнайы қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Олардың қатарында Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Тұңғышбай Жаманқұлов, белгілі кино және театр актері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Болат Әбдіман, күйші Айгүл Үлкенбай, танымал әнші әрі тележүргізуші Қаракөз Сүлейменова және басқа да өнер саңлақтары болды.

Сахна шымылдығы ақынның өмірі мен шығармашылығынан сыбағалы сыр шертетін театрландырылған көріністермен түрілді. Онда Толқын Ақанұлының азаматтық болмысы, дәрігерлік қызметі, әдебиет пен өнерге деген ыстық ықыласы шынайы сомдалып, сегіз қырлы, бір сырлы өнер иесінің жан-жақты ізденістері айқын көрініс тапты.

Зал толы көрермен қауымының алдында сөз алған қазақ кино өнерінің қара нары Досқан Жолжақсынов Толқын Ақанұлының дәрігерлік саладағы еңбегіне кеңінен тоқталып, оның шығармашылық жолындағы ізденістеріне де жоғары баға берді. Өнер тарланы ақынның жүрек тебірентер жырларынан жатқа үзінді оқып, оның поэзиясындағы ұлттық рух пен терең ой-толғамдарына айрықша тоқталды.

Осы орайда Досқан Қалиұлы автордың:

Алтайдың Тауына қарап қартайдым,
Суына қарап ортайдым.
Қазақтың алтын Алтайы,
Енді өзің болдың зор қайғым.
Қатпар-қатпар сыр едің,
Құлпырып тұрған гүл едің.
Жеріңе қарап жүдедім,
Ауырып кетті жүрегім.
Қайда лашын, қыраның,
Кеткен бе ауып құланың?!
Сүркей шыңның басында,
Көрінбейді ұларың,
– деген Алтай туралы жыр шумақтарын тебіреніспен жеткізіп, ақынның туған жердің тағдырын табиғатпен астастыра суреттеген шеберлігін айрықша атап өтті.

«Ақынын ардақтаған ел бақытты» деген. Осыдан соң Досқан Жолжақсынов кеш иесіне ақ батасын беріп, шапан жауып, ақынға деген ыстық ықыласын білдірді. Бұл – өнер иесіне көрсетілген құрмет қана емес, қазақтың ақынға деген дәстүрлі тағзымының жарқын көрінісі.

Рухани кештегі тағы бір тағылымды сәт – Қазақстан Жазушылар одағының арнайы марапатының табысталуы болды. Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының бірінші орынбасары Бейбіт Сарыбаев одақ басшысының арнайы құттықтауын оқып, Толқын Ақанұлына Халықаралық Алаш әдеби сыйлығын табыс етті.

Шараға арнайы келген Қырғызстан Ұлттық кітапханасының директоры Елдияр Ақтоқты да бауырлас екі ел арасындағы әдеби-мәдени байланыстың маңызына тоқталды. Сондай-ақ ол Толқын Ақанұлының дәрігерлік қызметпен қатар әдебиет пен өнерге қосқан үлесінің Қырғызстанда да жоғары бағаланатынын жеткізді. Сөз арасында Елдияр мырза қаламгерге бұған дейін Шыңғыс Айтматов атындағы сыйлықтың табысталғанын еске сала келіп, Қырғызстан Жазушылар одағының мүшелік куәлігін табыстап, Қырғызстан Ұлттық кітапханасының 90 жылдығына арналған мерекелік медалімен марапаттады.

Осылайша Алматы төрінде өткен «Толқынның Толқындары» атты кеш бір азаматтың шығармашылық әлемін танытқан тағылымды шара ғана емес, өнер мен ғылымды, әдебиет пен адамгершілікті сабақтастырған рухани мерекеге ұласты.

Адамға тән дарынның бір саладан екінші салаға сәуле түсіретіні бар. Дәрігер үшін адам жүрегінің соғысы – кәсіби зерттеу нысаны болса, ақын үшін жүрек – өлеңнің мекені. Ал сазгер сол жүректің үнін әуенге айналдырады.

Толқын Ақанұлының шығармашылық әлемінде осы үш арна тоғысып, дәрігерлік, ақындық және сазгерлік өзара сабақтасып жатыр. Оның кеші де осы үндестіктің айқын айғағындай әсер қалдырды. Алматы аспанына тараған ән мен күй, жыр мен сыр көрермен көңілін тербеп, кеш иесінің жан-жақты дарынын даралай түсті.

Айдын КӘЛІМХАН

Қатысты жаңалықтар

65 жастан асқан жүргізушілерге қойылатын талап өзгереді

65 жастан асқан жүргізушілерге қойылатын талап өзгереді

05.10.2026
Толқын тербеген толғамды кеш

Толқын тербеген толғамды кеш

05.10.2026
Елде 200-ден астам мас жүргізуші ұсталды

Елде 200-ден астам мас жүргізуші ұсталды

05.10.2026
Маусымды жеңіспен бастады

Маусымды жеңіспен бастады

05.10.2026
Жетісуда ер адам баласы жылағаны үшін әйелін суық қарумен қуалаған

Жетісуда ер адам баласы жылағаны үшін әйелін суық қарумен қуалаған

05.10.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.