Талдықорған: +13°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ТӘРБИЕСІЗ БІЛІМ – ТАЖАЛ

13 қаңтар 2020
РУХАНИЯТ
ТӘРБИЕСІЗ БІЛІМ – ТАЖАЛ
WhatsAppTelegramFacebook

Әлемде қанша ұлт болса, оның бәрі де өзінің құндылығымен ерекшеленіп жатады. Осы тұрғыдан келгенде тал бесіктен жер бесікке енгенше өмірі өлеңмен өрілетін халқымыздың өне бойы өнерге бейім тұрады. Бұл – біздің қанымызда бар дара қасиет. 
Осы ұлылық халық жырларынан, эпостарынан, әні мен күйінен бастау алады. Сондықтан, бүгінгі ұрпақты шынайы қазақы болмысқа ие, ұлтжанды, отансүйгіш етіп қалыптастырамыз десек, оларды сәби шағынан өнерге жақын, инабатты етіп өсіруге ден қойған дұрыс.

Бала тәрбиесінде мұғалім ата-аналармен тығыз байланыста болып, олар туралы әңгіме жүргізіп отыруы керек. Себебі, бала барлық жақсы қасиетті ең алдымен отбасынан алады. Әке-шешесіне еліктейді. Солардың бойындағы мінезді қайталағысы келеді. 
«Білім мен тәрбие – егіз ұғым». Түптеп келгенде, білім мен тәрбиені ұштастыру балаларды имандылыққа, инабаттылыққа баулудың алғышарты болып саналады. Ата- ананың тәрбиесін алған бала қашанда адал ниетті, таза мінез-құлықты болып келеді. Мұндай балалар хакім Абай атамыз армандағандай, «атаның баласы емес, адамның баласы» болып ержетеді. 
 «Өнер алды – қызыл тіл» деп қазақ бекер айтпаған. Қоғам тарихына көз салсақ, қай халықтың болсын қолбасылары, ойшылдары, ғалымдары ойға шебер, тілге шешен болған. Қазіргі кезде тіл мәдениетін сақтау үшін шешендік тіл өнерін қайта жаңғырту керек. Халқымыздың шешендік өнері сонау Майқы би, Асанқайғы, Аяз би, Жиренше шешендерден бастау алады. Бұл мұраны қазіргі ұрпаққа жақын таныстырып, шешендік тіл өнерін жаңғырту керек.
Ұрпақтан ұрпаққа ауы­­­сып отыратын ізгілік, адамгершілік, үлкенді сыйлау, құрметтеу сияқты қасиеттер отбасында қалыптасқаны жөн. Мұны халқымыз: «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі», – деп түйіндеген. Ал ғұлама ғалым Әбу-Насыр әл-Фарабише айтқанда, балаға білім беру үшін, ең алдымен, оны тәрбиелеген жөн. Тәрбиесіз берілген білім ертең бір апатқа әкеліп соғады. 

Тұрсынай ҒҰМАРОВА,
Талдықорған агро- өнеркәсіптік индустрия және
жаңа технологиялар колледжінің
 тәрбиешісі

Қатысты жаңалықтар

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

8 қараша 2026
Махаббат ол…

Махаббат ол…

8 қараша 2026
Кәсіби шеберлік бәсекесі

Кәсіби шеберлік бәсекесі

8 қараша 2026
Ел құрметіне бөленген

Ел құрметіне бөленген

8 қараша 2026
Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

8 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.