Талдықорған: +15°C
$ 444.76
€ 495.37
₽ 5.37
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ТҮРІК ТІЛІНІҢ ІШІНДЕГІ ЕҢ ГАУХАРЫ — ҚАЗАҚ ТІЛІ: МӘШҺҮР ЖҮСІПТІҢ СӨЗІ

28 сәуір 2021
РУХАНИЯТ
ТҮРІК ТІЛІНІҢ ІШІНДЕГІ ЕҢ ГАУХАРЫ - ҚАЗАҚ ТІЛІ: МӘШҺҮР ЖҮСІПТІҢ СӨЗІ
WhatsAppTelegramFacebook

«Түрік тілінің ішіндегі гаухары – қазақ тілі».

Мәшһүр Жүсіп КӨПЕЙҰЛЫ

Тіл – ұлттың жаны, рухы, оның бет-бейнесі, өткені мен бүгіні және болашағы. Жері жоқ мемлекет болса да тілі жоқ ел болмайтыны ақиқат. Осы тұрғыдан келгенде біз бақытты мемлекетпіз деп мақтанып та, марқайып та айтсақ болады. Себебі, қасиетті жеріміз, мемлекеттік тіліміз бар. Енді осы қолда бар алтынның қадірін біліп, айбынын асқақтатып, мәртебесін биіктетуәрбір қазақстандықтың азаматтық парызы екенін ұмытпаса деймін.

Технологияның қарыштап дамыған заманында жас та, жасамыс та ана тіліне немқұрайды қарауға айналғаны ащы да болса шындық. Жастарымыздың басым көпшілігі үйде де, түзде де орысша шүлдірлеуге әуестеніп бара жатқандығы мені алаңдатады.

Жалпы, азамат үшін орны бөлек қасиетті мекен – отбасы екені рас. Сондықтан, балаға отбасында саналы тәрбие, дұрыс бағыт-бағдар берген жөн. Асқар таудай әкенің қанымен, ананың ақ сүтімен бала бойына дарыған ана тілінің болашағы шаттығы мол шаңырақта қалануы тиіс. Отбасының үлкендері ана тілінің мәртебесін көтеріп, өзге тілде шүлдірлемесе, бала да үлкенге қарап бой түзейді. Өкінішке қарай, біз көбіне отбасындағы тәлім мен тәрбие беруде үлкен қателікке бой алдырамыз да кейін бар кінәні қоғамға арта саламыз. Бірақ мұндай іспен біз ешқашан да жетістікке жете алмайтынымызды қазірден түсінгеніміз жөн. Себебі, ана тіліміз – ұлттың тұғыры, мемлекетіміздің негізі.

Ұлттық рухы биік, сенімі мол, Мәңгілік елдің текті ұрпағы қашан да жоғарыдан көрінуге тиіс. «Ұрпағым мәңгі жасасын» деген ата-бабамыздың да сан ғасыр бойы армандаған арманы осы емес пе еді? Сондықтан да, қасиетті тілімізді өзге тілдердің көлеңкесінде қалдырмайық.

Қазақ тілінің болашағын тек тіл жанашырларының мойнына жүктеп қойғаннан іс бітпейді. Ұлттық құндылығымыз саналған қазақ тілімізді қастерлеу, қадірлеу, құрмет көрсету – нағыз патриот ұрпақтың бойынан табылуы үшін отбасында ата-ана, балабақшада тәрбиеші, білім ошағында ұлағатты ұстаз бір кісідей атсалысып, еңбек етуі тиіс.

Қанша тіл біліп, қанша жұрттың ілімін үйренсек те, артық етпейді. Ең бастысы – жастардың бойында отаншылдық сезімі, ұлттық рухы әрдайым ояу болса деймін. Жалпы, тіл меңгеру үшін жағдай емес, талап керек. Тіл үйренуге деген ынта-ықыласы басым адам кез келген тілді оңай меңгеріп алатынын мамандар дәлелдеді. Сондықтан, қазақ тілін үйрену ел азаматтарының әрқайсының міндеті екендігін ұғынатын уақыт әлдеқашан келіп қойғандығын ескерейік.

Қол қусырып, өзге тілде шүлдірлеудің дәуренін өткізіп, өз ана тіліміздің мәртебесін арттыратын уақыт жеткенін мойындауымыз қажет. Отыз жылда аяққа нық тұрдық. Оңымыз бен солымызды ажыраттық. Енді егемен елдің еркін ұландары ұлттық құндылықтарды бойына сіңіріп, текті халықтың алтыннан да қымбат қазынасы саналатын ана тілінің мерейін өсіру жолында тер төгуі тиіс.

Қазақ әліпбиінің жасалуына күш салып, бар саналы ғұмырын ұлттық мүддеге арнаған Ахмет Байтұрсынұлының «Тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» деген аталы сөзі бар. Жаһандық жүйеге сіңіп, өзгенің қаңсығын таңсық етпей, қазақ тілінің ертеңі жарқын, келешегі кемел болуына үлес қосайық, ағайын!

Сәулет ӘБІШЕВА,

«Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» ММ «№2 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Талдықорған қаласы

Алматы облысы

Сурет — ғаламтордан

Қатысты жаңалықтар

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

Бүгін, 16:19
Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

Бүгін, 16:13
«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

Бүгін, 15:44
«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

Бүгін, 14:55
«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

Бүгін, 14:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.