Талдықорған: +15°C
$ 444.76
€ 495.37
₽ 5.37
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ТӘТТІ ТОҚАШ ШЫҒАРАДЫ

5 сәуір 2021
РУХАНИЯТ
ТӘТТІ ТОҚАШ ШЫҒАРАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

«Алақай» тамаша сауда маркасымен 2010 жылы тәтті тоқаштар  шығара бастаған Текелі кондитер зауытының құрылғанына да 10 жылдың жүзі болды. Осы жылдар ішінде еш іркіліссіз жұмыс істеп, нарықтан өз орнын таба білген кәсіпорында бүгінде 50-ден астам адам тұрақты жұмыс істейді. Нарық заңында басшылыққа алынатын «бәсекеге қабілеттілік» деген, міне, осы!

Бұл – кәсіпорынды біліктілікпен басқарудың, сонымен бірге, тұтас ұжымның береке-бірлікпен еңбек етуінің нақты нәтижесі.          
«Металлург» шағынауданында орналасқан кәсіпорын күніне 1 – 1,5 тонна тәтті тоқаш пісіруге қауқарлы. 
Мұнда «Алақай» тәтті тоқаштың 12 түрі шығарылады. Өнімдер Нұр-Сұлтан, Алматы, Өскемен қалаларына жөнелтіледі, қаламыздағы барлық азық-түлік дүкендерінде сатылады. Қала тұрғындары дәмді тоқаштарды күнделікті тұтынумен бірге сыйлы қонақ дастарқанына, сәлем-сауқатқа өзіміздің жергілікті өнім ретінде пайдаланады. Бір сөзбен айтқанда, «Алақай» өнімдеріне сұраныс бар және ол ешқашан құлдыраған емес. 
Мың құбылған нарықтан өзіне лайықты өріс ашып, қиындықтарды еңсере отырып, нық қадаммен ілгерілеп келе жатқан кәсіпорын болашағына қызметкерлер сеніммен қарайды. Сондықтан да жұмысқа сергек шығып, үйге көңілді оралады. Ұжымның береке-бірлігі бекем. Бұл жайында кәсіпорын директоры Талғат Төңкеріс былай дейді:                   
– Әрине, қызметкерлердің мүддесін үнемі назарда ұстаймыз. Тұрақты және лайықты жалақы – олардың өз кәсіпорнына деген сенімі мен жауапкершілігінің негізі. Айта кетерлігі, пандемияға байланысты жарияланған төтенше жағдай кезінде үйде отырған қызметкерлермен үнемі байланыста болып, оларға кәсіпорын қорынан азық-түлік, ұн, сұйық май үлестіріліп, көмек көрсетілді. Міне, осындай адамгершілікті ұстаным, риясыз көмек қызметкерлерді өз кәсіпорнына жақындата түседі. Осында еңбек ететіндердің бәрі қаламыздың тұрғындары. Олар жақын жерден табыс тауып, бала-шағасының, отбасының қасында болғанына дән риза. Халқымызда: «Алыстан арбалағанша жақыннан дорбала» дейтін сөз бар ғой. Жақындағы жұмыс адамды көп мүмкіндіктерге жақындата түседі. Айталық, олар бос кезінде саяжай баптап немесе басқа да қосымша жұмыс істеуіне уақыт табады. Жан қалауын тапқан адам жігерлі, белсенді болып келеді.
Кәсіпорын, сондай-ақ, өндірісті жаңа технологиямен жабдықтап, өнімділікті  арттыруға баса мән беруде. Бұл туралы Т. Төңкеріс: «Зауыт алғаш ашылған кезде жұмыс негізінен қолмен істелді. Қызметкерлердің саны да біршама көп болды. Десе де уақыт өте келе барлығы сұрыпталып, жұмыс күшіне деген қажеттілік пен түсетін табыс арасындағы теңгерімділік негізінде қызметкерлерді лайықты еңбекақымен тұрақты қамтамасыз етуге күш салынды. Ол үшін өнімділігі жоғары, үнемді жаңа технология қажет болды. Осы мақсатта 2018 жылы кәсіпорын өз қаржысына Ресейден тоқаш пісіруге арналған арнайы пеш сатып алып, іске қосты», – деп заманауи құрылғының уақытты үнемдеп, жұмысты барынша жеңілдете түскенін алға тартты. 
Пештің ұзындығы 32 метрді құрайды. Арнайы құраммен иленген қамыр компьютерленген технологияның басқаруымен автоматты түрде белгілі өлшеммен және көлеммен жылжымалы табаларға түседі. Табалар бірінен соң бірі ыстық пешке қарай жылжып, әр 12 минутта          70 киле қамыр хош иісі аңқып, біркелкі қызылсары болып піскен дәмді тоқаштарға айналып шыға келеді. Содан соң «Алақай» маркалы қапшықтарға, қораптарға салынып, дүкен сөрелеріне, тұтынушыларға жол тартады. 
Бәрін өзің өндіре алған кезде ғана өз қолың өз аузыңа жетеді. Шынайы қуанғанда ғана айтылатын «алақай» дейтін бала тілінің  мәні де осында секілді.    

Ұлжан Ұлдаханқызы,
Текелі қаласы әкімінің 
баспасөз хатшысы

Қатысты жаңалықтар

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

Бүгін, 16:19
Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

Бүгін, 16:13
«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

Бүгін, 15:44
«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

Бүгін, 14:55
«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

Бүгін, 14:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.