Талдықорған: +15°C
$ 443.62
€ 492.24
₽ 5.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗГЕ — 30 ЖЫЛ: ТАЛАЙ ОҚИҒА ТАРИХ ПАРАҒЫНА АЛТЫН ӘРІППЕН ЖАЗЫЛДЫ

16 сәуір 2021
РУХАНИЯТ
ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗГЕ - 30 ЖЫЛ: ТАЛАЙ ОҚИҒА ТАРИХ ПАРАҒЫНА АЛТЫН ӘРІППЕН ЖАЗЫЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Тарих қатпарына көз жүгіртсек, қазақ халқы небір зұлмат заманды басынан кешірді. Бірінші, Екінші дүниежүзілік соғыстар, ашаршылық, репрессия жығылған жұртқа жұдырық болды. Жылдар бойы жүргізілген отарлау саясаты ұлттық санамызға соққы жасап, ата-баба дәстүрінен алшақтатуға тырысты. Бірақ еліміз қандай сынға кезіксе де ұлттық мұратты биік тұтты. Ол елдің еркіндігі, рухымыздың тәуелсіздігі еді.

Қайсарлықты ту еткен халқымыз үшін талай жыл арманға айналған тәуелсіздік таңы арайлап атты. Егемендік оңай келмеді. Төгілген қан мен тердің өтеуіне берілген Тәңір сыйы, маңдайымызға басылған бақ. Ұшса қыранның қанаты талатын, шапса тұлпардың тұяғы тозатын ұлан-ғайыр жерді мекендеп, шегарамызды бекітіп, аты әлемге әйгілі ел ретінде еңсе тіктеуіміз береке-бірлігіміздің арқасы.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласындағы: «Тарихқа көз жүгіртсек, әр буын белгілі бір сынақты басынан өткереді. Біздің бабаларымыз «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаны», аталарымыз алапат ашаршылықты, қуғын-сүргінді, дүниежүзілік соғысты көрді. Тоталитарлық кезеңде ұлттық құндылықтарымыздан, тілімізден, діліміз бен дінімізден айырылып қала жаздадық. Оның бәрі Тәуелсіздіктің арқасында халқымызға қайта оралды. Бірақ, ұлт пен ел ретінде сақталып қалу үшін бүгінгі және болашақ ұрпақ жаңа сын-қатерлерге дайын болуы керек», – деген сөзі тәуелсіздікке жету қиын да, оны сақтап қалу одан да ауыр екенін айқындайды. Мәні терең мақалада айтылған тағылымды әрқайсымыз жете түсініп, ертеңгі күнге бағдар етуіміз керек.

Күні кеше күллі түркі жұртының астанасы ретінде жарияланған Түркістан қаласы терең тарихтың куәгері іспеттес. Сонау сақ, ғұндардан бастау алған баба жолы бүгінге жалғасып, Мәңгілік Елдің ертеңіне жол ашты. Барлығымыз сол келешек үшін аянбай еңбек етіп келеміз. Жоғымыз түгенделіп, өшкеніміз жанған мезеттегі әр жыл, әр күн, әр ай, әр сағат теңдессіз, қадір-қасиетіміз іспеттес. Отыз жылдың ішінде орын алған барлық айтулы оқиға тарих парағына алтын әріппен жазылды. Келер ұрпақ үшін тәуелсіздіктің қадір-қасиетін ұғынуға, оны терең түсінуге, салт-дәстүрін санасына сіңіріп өсуіне сол тарих жол ашпақ. Олай болса, бүгінгі күнімізге ертеңгі тарих ретінде қарап, келешекке абыроймен ұсынайық.

Нұрбақыт ТЕҢІЗБАЕВ,

Алматы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы

Сурет ғаламтордан алынды

Қатысты жаңалықтар

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

12 қараша 2026
Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

12 қараша 2026
«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

12 қараша 2026
«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

12 қараша 2026
«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

12 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.