Талдықорған: +15°C
$ 443.62
€ 492.24
₽ 5.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 30 ЖЫЛЫ: БІЗДІҢ БУЫННЫҢ ЕҢ БАСТЫ БОРЫШЫ ҚАНДАЙ?

27 қараша 2021
РУХАНИЯТ
ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 30 ЖЫЛЫ: БІЗДІҢ БУЫННЫҢ ЕҢ БАСТЫ БОРЫШЫ ҚАНДАЙ?
WhatsAppTelegramFacebook

Тәуелсіздік – халқымыздың көптен күткен арманы, жүрегі «қазақ» деп, соққан әрбір жанның баға жетпес асыл мұрасы. Қайсар да рухты ата-бабаларымыз осы тәуелсіздік жолында сан ғасырлар бойы жан алысып, жан берісіп, ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап, көзінің қарашығындай сақтап, келер ұрпаққа аманат етті. Демек, өз алдына жеке ұлт болу қазақ халқы үшін оңайға соққан жоқ. Сол себепті, текті елдің өскелең ұрпақтары құнды жәдігеріміз – тәуелсіздіктің дәрежесін біліп, ұлан байтақ жерімізді қастерлеп қадірлеуі қажет.

Тәуелсіздік – ерекше ұғым, яғни, Алаш жұртының тарихындағы жаңа парақтың басталуы, ширек ғасыр кезеңіне қадам басуы, болашаққа ұмтылуы. Аллаға шүкір, бүгінде керегеміз кең, тереземіз тең болып, шекарамызды белгілеп, мемлекеттік белгілерімізді қабылдап, өз басшымызды сайлап, тәуелсіздіктің алтын бесігінде тербеліп жатқанымызға 30 жыл толып отыр. Қазақстан Республикасы егемендік алысымен әлем жұртының алдында өзіннің даңқты ел екенін мойындатып, бәсекеге қабілеттілігін таныта білді.

XXI ғасыр білектінің емес, білімдінің заманы екендігі баршамызға мәлім. Тұңғыш Президентіміз – Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен тәуелсіздік жылдарында елімізде білім мен ғылым саласының дамуына көп жағдай жасалды. Қазақстан аумағындағы көптеген жоғарғы оқу орындарына қазақша атаулар берілді. Білім мен ғылымның киелі қара шаңырағы болып саналатын Қазақ ұлттық университеті – тәуелсіз еліміздің елеулі мақтанышы, Қазақстандағы №1 жоғарғы оқу орны.

Бір ғасырға жуық тарихы бар, білімнің қайнар ошағы — әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бірнеше жылдар бойы әлемдік стандарттарға сәйкес құрастырылған жоғары деңгейдегі оқу жүйесінің бірқатар әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, ғылым саласында көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Жалпы, ҚазҰУ құрамында 16 факультет, факультет аумағында 67 кафедра, 32 ғылыми-зерттеу институты мен орталықтар, технопарк жұмыс істейді.

Соның ішінде, әлемдік деңгейдегі халықаралық қатынастар саласының мамандарын даярлауға зор үлес қосып келе жатқан халықаралық қатынастар факультетін атап өткенді жөн көрдік. Халықаралық қатынастар факультеті халықаралық аренада, сыртқы саясатта әрекет етуші білікті мамандарды қалыптастыру жолында аянбай еңбектенуде. Халықаралық қатынастар факультетінің құрылу тарихы Қазақстанның мемлекет болып қалыптасуы кезеңінен бастау алады.

Әрбір демократияны қолдайтын мемлекетте, ең алдымен, тәртіптің және әділеттіліктің болуы басты әрі заңды қағида. Осы тұста халықаралық қатынастар факультетінің құрамында қызмет атқаратын халықаралық құқық кафедрасы туралы айтқымыз келеді. Халықаралық құқық кафедрасы бүгінге дейін білім беру жүйесінде үздіксіз даму үстінде, сонымен қатар, біздің кафедрамыз Қазақстан Республикасы мен Орталық Азия елдеріндегі халықаралық құқық саласында маманданушы заңгерлерді даярлау бойынша жетекші орталық болып табылады.

Бұл мамандықтың басты ерекшелігі білім алушы студенттер еліміздің заңымен қоса, басқа мемлекеттердің құқықтық жүйелерін негізге ала отырып, бірге талқылап, салыстырмалы түрде зерделеп, қарастырады. Осы отыз жыл аясында біздің кафедрамыздан сан мыңдаған түлек білімін жетілдіріп, болашаққа нық қадам жасады және де әрбір студент жан-жақты жетілген, білікті маман ретінде қалыптасып шықты. Қазіргі таңда халықаралық құқық мамандығының түлектері жоғарғы лауазым иелері атанып, еліміздің қарқынды дамуына, гүлденуіне өз үлестерін қосып жүргендігі — біз үшін үлкен мақтаныш.

Биыл университет көлемінде тұғырлы тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойына байланысты көптеген іс-шара ұйымдастырылып жатыр. Өткізіліп жатқан тәрбие сағаттарарының негізгі мақсаттары – оқытушылар мен студенттер арасында Отанға деген сүйіспеншілікті оятып, теңдесі жоқ байлығымыз – тәуелсіздігімізді құрметтеуге, елімізге деген  патриоттық сезімді дарытуға бағытталаған.

Тәуелсіздік – Тәңірден келген тәтті сый. Расымен де, көк аспанның астында, бейбіт күннің жарқыраған нұрына бөленіп жатқан біздер шынайы бақытты жандармыз. Болашақта еліміздің өркендеуіне атсалысып, тәуелсіздігімізді баянды ету біздің ең басты – борышымыз!

А.ОТАРБАЕВА,

А.БЕГЖАН,

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық құқық кафедрасының аға оқытушылары

Д.СЕРІКҚАНОВА

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық құқық мамандығының 4-курс студенті

Қатысты жаңалықтар

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

12 қараша 2026
Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

12 қараша 2026
«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

12 қараша 2026
«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

12 қараша 2026
«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

12 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.