Талдықорған: +35°C
$ 489.33
€ 566.30
₽ 6.74
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Тыңдаушыны бір серпілтті

16.10.2023
РУХАНИЯТ
Тыңдаушыны бір серпілтті
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорған жұртшылығы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Өнербаевтың концертін тамашалады. Халықтың сүйіктісіне айналған қоңыр дауысты өнерпаздың ән кешіне облыс әкімі Бейбіт ИСАБАЕВ қатысып, ықылас гүлін жолдады.

Салмақты әндерімен көпшіліктің көңілін жаулаған Нұрлан Өнербаев бұл жолы да ойлы әндерімен тыңдарманын тәнті етті. Қазіргідей мән-мағынасы жоқ, даңғаза шығарма көбейіп кеткен заманда өнерпаздың кеші тыңдарманның құлақ құрышын қандырды. Әндері ана, әке, бауыр, туған жерге арналатын әнші махаббат тақырыбында жырлайды.

Экрандағы бейнебаян әншінің тауға шығып, туған жер төсінде еркін тыныстап, даласына сүйсіне қараған кездерінен сыр шертіп, қазақтың сән-салтанаты, сұлулығы, ерекшелігігі көрсетіліп тұрды. Ән мен көрсетілім бір-бірін толықтырды. Бөрікті жігіттері мен көрікті қыздары, тау-тасы, мөлдір бұлағы, ұшқан құс, жүгірген аңы туған жердің байлығы мен берекесін паш етті. Ол ана туралы ән орындағанда экраннан анасының бейнесі, құрмет көрсетіп гүл сыйлаған кезі, перзенттің борышын өтеген сәті, қимас күндері естелік ретінде көрсетілді. Көпшілік сүйіп орындайтын «Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды» әні сонау 90-жылдарды еске түсірді.

Әншімен бірге: «Анашым, шалқып күлсең, Алдымда ұзақ жүрсең, Жүрегім жыр толғайды, Көнілім ортаймайды. Анасы бар адамдар, Ешқашан қартаймайды», – деп әннің қайырмасына қосылған әркім өз анасына деген көңіл түкпіріндегі тілегін шырқады.

Нұрлан Өнербаев осыдан бірнеше жыл бұрын елді COVID дерті дендеген кезді еске ала келіп: «Осы кеселден елім аман қалса Қазақстанды аралап жүріп, 60 концерт қоямын!» деп серт бергенін айтты. Жетісу жеріне дейін жер-жерді аралап, жиырмадан астам концерт қойып келген екен. Бұл күні ел аралауға қос ұлы бірге шығыпты. Үлкені Мақсат, кішісі Марғұлан. Тектіден тәрбие алған тозбайды дегендей сүйікті әншінің қос перзенті де кәсіби әнші. Жастар өздеріне тән ырғақты, жеңіл, көңіл-күйді аспандатып жіберетін әндерді орындады.

Нұрлан Өнербаев қос ұлымен бірігіп үш дауыста ән шырқады. Біле білген адамға осының өзі тәрбие емес пе?! Ұрпағы әке жолын жалғап, қазақы ән-жырды жанына серік етсе қалай қуанбассың?! Үшеуі біріп, танымал әндерден попурри айтты.

«Өз елім менің,

Өзегім менің,

Жырыма қосып жүремін,

Төрім деп менің,

Жерім деп менің,

Соғады мәңгі жүрегім», – деген  ән жолдары  барша қазақтың патриоттық сезімін аспандатты. Лирикалық ән сүйер қауым да көңіл хошына бөленді.

«Сен дегенде, сен дегенде таңмен бiрге ояндым,

Сен дегенде, сен дегенде күн нұрына бояндым,

Екеумiзге ауысса екен, аяулым,

Адалдығы, адалдығы Қозы менен Баянның» – деген әннің қайырмасын қосыла шырқаушылар қатары көп болды. Театр іші  бір тілек, бір арман, бір көңіл-күйді бастан өткізді. Тыңдаушыны баурап алу деген осы болар?! Жүректен шыққан ән жүректерге жетті. «Қарағым-ай», «Айналайын», «Алатауым» әндерімен балалық шаққа, туған жерге сапар шеккізген әнші Талдықорғандық музыканттардың сүйемелдеуімен де бірнеше ән орындады.

Концертінің соңында Бикен Римова атындағы театрдың әдемілігін, осындай салтанатты сарайда ән салу мен оны алаңсыз тыңдап отырудың өзі бір бақыт екенін айтқан Нұрлан Өнербаев бақыттың берекелі елде болатынына тоқталып, көрерменге алаңсыз күндер тіледі.

Гүлжан ТҰРСЫН
Суретті түсірген Жеңіс Ысқабай

Қатысты жаңалықтар

Бордақылау алаңы салынуда

Бордақылау алаңы салынуда

14.06.2026
Дамудың жаңа кезеңі

Дамудың жаңа кезеңі

14.06.2026
Табиғи  өнім, тәтті тосап

Табиғи өнім, тәтті тосап

13.06.2026
Мүмкіндігі көп қала

Мүмкіндігі көп қала

13.06.2026
Биро Жаде. Басты қарсылас – өзіміз

Биро Жаде. Басты қарсылас – өзіміз

13.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.