Талдықорған: +15°C
$ 444.76
€ 495.37
₽ 5.37
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

«ҚЫЗЫЛ АЙМАҚТАҒЫ» ОРАЗА: БАС ИМАМ ЖАҢА ЕРЕЖЕЛЕРДІ ТҮСІНДІРДІ

12 сәуір 2021
РУХАНИЯТ
"ҚЫЗЫЛ АЙМАҚТАҒЫ" ОРАЗА: БАС ИМАМ ЖАҢА ЕРЕЖЕЛЕРДІ ТҮСІНДІРДІ
WhatsAppTelegramFacebook

«Жетісу Медиа» ақпараттық алаңында «Қош келдің, Рамазан!» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті. Оған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Талдықорған өңірі бойынша бас имамы Ардақ Оразбай қатысып, Рамазан айында ауыз бекітуге қатысты ерекшеліктерді атады.

Ардақ Нүсіпханұлының айтуынша, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бекітуімен биылғы ауыз бекіту күні 13 сәуірге тура келіп тұр, ол 12 мамырға дейін жалғасады. 13 мамыр Ораза айт мерекесі. Қадір түні 8-нен 9 мамырға қараған түніне сәйкес келуде.

Рамазан айында берілетін пітір-садақа 420 теңге деп белгіленіп отыр. Бұл екі келі ұнның орташа бағасына тең. Алтынның жинақ мөлшері 1160000 теңге деп көрсетілуде. Яғни, кімнің осындай көлемде жинаған қаржысы, алтын бұйымдары болса, ол адам зекет беруге міндетті. Сонымен қатар, пітір-садақасын ұннан тыс мейізбен беремін дегендер үшін 3580 теңге, құрмамен есептесемін дегендер үшін 7300 теңге, фидия құны 2500 теңге деп белгіленуде. Фидия дегеніміз – қарттыққа жеткен, денсаулығы ораза ұстауға келмейтін адамдардың садақасы. Бұл адамның сәресі және ауызашарда ішетін бір күндік тамағының құны.

— Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қазіргі еліміздегі қиын жағдайды ескере отырып, жұқпалы коронавирус індетінің алдын алу және одан сақтану шараларын басты назарға алып, діни құлшылық ету мәселесін үш аймаққа бөлуде, – деді бас имам. «Жасыл», «сары», «қызыл» аймақтарда орналасқан облыстар мен қалалар үшін жұма, тарауық намаздары, ауызашар өткізудің өзіндік талаптары бар.

Қазір Алматы облысы «қызыл аймақта» тұрғаны белгілі. Құлшылық ғибадаттар да соған сәйкес атқарылатын болады. Осы орай да арнайы орындарда намаз оқыған кезде екі метр арақашықтықты сақтау, намаз оқып болған соң мешіттен тезірек шығып кету, міндетті түрде бетперде тағу, ауызашарда топтасып бірікпей, әркім өз үйінде ашу міндеттеледі. Үлкен кісілер, денсаулығы нашар адамдар, әйелдер, жас балалар намазды үйде оқығаны жөн. Егер ниеттеніп ауызашар беремін дегендер мешіттерге хабарласып, ұсыныстарын айтса, мешіт қызметкерлері, осы іске жұмылатын еріктілер қажетті адамдардың үйіне ауызашар қоржындарын жеткізіп береді.

— Жалпы, Рамазан айында жеке құлшылық, ғибадат жасаушылар, дұға-тілек тілеушілер, пітір-садақа берушілер үшін мешіттердің есігі ашық болады, – деді бас имам.

Баспасөз мәслихатына қатысқан Талдықорған қалалық «Нұр» мешітінің имамы Алмас Данағұлов бүгінгі пандемия жағдайында бірлесе оқитын хатым құрандары, тарауық намаздарын мешітте оқи алмайтындықтан орталық «Иман» мешітінде бір уақытта онлайн түрде қатысып, оқуға мүмкіндік ашылатынын жеткізді. Сонымен қатар, Құран оқып үйренемін, намаз бастаймын деушілер үшін де «Zоом» платформасы арқылы дәрістер өткізелетінін, оған қай уақытта, қалай қатысуға болатыны әлеуметтік желі арқылы жарияланып тұратынын айта кетті.

Баспасөз мәслихатында журналистерді қызықтырған «Коронавирусқа қарсы екпе алған жағдайда ораза бұзыла ма?» деген сауалға жауап берген Ардақ Нүсіпханұлы екпе асқазанға баратын, адамға әл беретін қоректік зат болмағандықтан ауыз бекітуге еш кедергі келтірмейтінін, тек ауырып, денсаулығы нашарлаған жағдайда ғана ораза ұстауды тоқтата тұруға болатынын жеткізді.

Алма ЕСЕНБАЙ

Алматы облысы

Сурет — ғаламтордан

Қатысты жаңалықтар

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

Бүгін, 16:19
Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

Бүгін, 16:13
«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

Бүгін, 15:44
«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

Бүгін, 14:55
«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

Бүгін, 14:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.