Талдықорған: +15°C
$ 443.62
€ 492.24
₽ 5.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ЖАҢА КІТАП ЖАРЫҚ КӨРДІ

3 шілде 2021
РУХАНИЯТ
ЖАҢА КІТАП ЖАРЫҚ КӨРДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Кеген ауданының тұрғындары Бексырға Данышпановты жақсы таниды. Биыл 80 жасқа толатын Бексырға Данышпанов Ұзынбұлақ ауылында туып-өскен. Мәнді де мағыналы ғұмырын туған жерінің өсіп-өркендеуіне арнады.

Кеген аудандық партия комитетінің хатшысы, бірінші хатшысы болып жемісті еңбек етті. Алматы облыстық ауылшаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары, Алматы қалалық жер қатынастары комитетінің төрағасы, облыстық көші-қон және демография, орман-тоғай және биоресурстар басқармасының басшысы қызметтерін атқарды. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Қазселденқорғау құрылыс» кәсіпорнын басқарды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. Вашингтондағы Мэриланд университетінің жер пайдалану және аймақтандыру кафедрасынан білім алған. География ғылымының кандидаты ерен еңбектері үшін Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен, көптеген медальмен марапатталды. 
Қоғам қайраткері, ел ағасы Бексырға Данышпанов соңына ізгілікті істерін қалдырып жүрген бірегей жан. Әйгілі Қарқара көтерілісінің 70 жылдығында өзі бас болып Ереуілтөбеге ескерткіш орнатуға негіз қалаған азамат. Қажымай-талмай, ерінбей еңбектеніп, көз майын тауысып жүріп, әлемдегі ұлы тұлғалардан қалған қанатты сөздерді тәржімалап, «Даналық тағылымы» атты кітап шығарған. Жақында ғана өзі басқарған «Қарқара» кеңшарының 90 жылдығына арналған «Қарқара» атты кітабы жарық көрді. Бұл кітапта  «Қарқара» кеңшары туралы ғана әңгіме айтылмай, деректер, дәйектер, архив құжаттары арқылы қастерлі де қасиетті Қарқараның тарихи құндылықтары ашып көрсетілген. Кітап сонысымен құнды. Өсер ұрпаққа қажетті рухани азыққа толы. 
Жақында Қарқара ауылында қоғам қайраткері, ел ағасы Бексырға Данышпановтың «Қарқара» атты кітабының тұсауы кесілді. Кітап авторының атына ақжарма тілектер айтылды. Ауыл азаматтары атынан иығына шапан жабылып, астына ат мінгізілді.

Қанат БІРЖАНСАЛ
Кеген ауданы

Қатысты жаңалықтар

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

12 қараша 2026
Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

12 қараша 2026
«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

12 қараша 2026
«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

12 қараша 2026
«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

12 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.