Талдықорған: +9°C
$ 444.16
€ 487.29
₽ 5.40
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Жақсылық жасап жарысайық

1 қазан 2024
РУХАНИЯТ
Жақсылық жасап жарысайық
WhatsAppTelegramFacebook

Жуырда  Сарқан қаласының облыстық № 3 арнайы мектеп-интернатында «Мейірімді жүрек» қайырымдылық акциясы өтті. Жоғарыда аталған іс-шара аудан әкімінің қолдауымен әрі білім ордасы басшылығының бастамасымен ұйымдастырылды. Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Алмас Байғұнысов, аудандық ардагерлер ұйымының өкілдері, өңірге танымал кәсіпкерлер, мекеме-ұйым басшылары қатысып, шәкірттерге арнайы әзірлеген бағалы сыйлықтарын табыстады.

Акция барысында мектептің фойесінде оқушылардың өз қолдарымен әзірленген қолөнер бұйымдарынан көрме ұйымдастырылып, барлық қажетті жағдайлармен жабдықталған сынып бөлмелері қонақтарға таныстырылды. Сонымен қатар мұнтаздай жиналып, дайындалған білімпаздар демалатын төсек-орындар да келушілер назарынан тыс қалмады.

Мектеп-интернат ауласында арнайы дайындалған сахнада кеш жүргізушілері оқушылардың қатысуымен дайындалған концерттік нөмірлерді көрермендер назарына ұсынды. Бастауыш сынып оқушыларынан құрылған «Меруерт» би тобы қызылды-жасыл көйлек киіп, «Гүлдер» биін мың бұрала билесе, мектеп ұстазы Индира Елубаева «Ата-ана үшін ғұмыр бер, Алла» әнін нақышына келтіре шырқады.

Арнайы әзірленген концерттік бағдарламаның соңында мектеп-интернат басшысы Бақытгүл Сәрсембаева осынау қайырымдылық акциясына атсалысып, демеушілік көмек көрсеткен қайырымды жандарға Алғыс хат табыстаса, өңірге танымал бапкер Жандос Хабдулиннің баптауындағы болашақ спорт сайыпқырандары джиу джитсу сайысынан шеберлік сағатын көрсетті. 

Өз салалары бойынша жетістікке жетіп, ел алғысына бөленіп жүрген осындай аға-апаларының өздеріне деген қамқорлығын сезініп жүрген мектеп-интернаттың жеткіншектері келешекте ел қамын күйттейтін, қайырымды болуға барынша тырысатын ұлағатты ұрпақ болып ержетері даусыз.

Жақсылық жасау – имандылықтың, тәрбиеліліктің, парасаттылықтың айқын көрінісі. «Не берсең де балаға бер, бала үшін жаса»  деген халқымыздың игі дәстүрі қазіргі кезде жанданып, өз жалғасын тауып келеді.

Жақсылық ЖОМАРТҰЛЫ
Сарқан ауданы

 

Қатысты жаңалықтар

270 мыңнан астам қазақстандық жасанды интеллект құралдарын қолдануды үйренеді

270 мыңнан астам қазақстандық жасанды интеллект құралдарын қолдануды үйренеді

19 қараша 2026
Олжас Бектенов:«Қордың стратегиялық бағыты өзгеріссіз қалып, міндеттемелер толық орындалады»

Олжас Бектенов:«Қордың стратегиялық бағыты өзгеріссіз қалып, міндеттемелер толық орындалады»

19 қараша 2026
Қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жаратудың тиімді тәсілдері талқыланды

Қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жаратудың тиімді тәсілдері талқыланды

19 қараша 2026
«Таза Қазақстан»: келесі жылы Талдықорғандағы орталық саябақ жаңғыртылады

«Таза Қазақстан»: келесі жылы Талдықорғандағы орталық саябақ жаңғыртылады

19 қараша 2026

Елімізде 44 жаңа мектеп пен 37 балабақша пайдалануға берілді

18 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.