Талдықорған: +4°C
$ 453.87
€ 508.33
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Жерімізді қорғаймыз десек…

16 ақпан 2018
РУХАНИЯТ
Жерімізді қорғаймыз десек...
WhatsAppTelegramFacebook

Ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап келіп, көзінің қарашығындай сақтап, ұрпағына аманат еткен қазақтың кең-байтақ жері бар. Бұл жер әрбір қазақ үшін киелі. Өйткені сан ғасыр бойы ата-бабаларымыздың қанымен, аналардың көз жасымен суарылды. 

Дәлірек айтсақ, кәрі Каспий жағалауынан өр Алтайға дейінгі, Алатау, Қаратаудан Батыс Сібір ойпатына дейінгі қазақ жерінің көлемі 2 миллион 717 мың шаршы шақырымды құрайды. Бұл дегеніміз – бүгінде дамыған  Еуропаның Англия, Франция, Германия, Испания, Австрия, Голландия, Дания сияқты мемлекеттердің жерлерін қоса есептегенде асып түсетін аймақ. Жер көлемі жағынан  Қазақстан әлемде тоғызыншы орында. Осындай кең территорияда тұратын 18 миллион халықтың 12 миллионы қазақ. Мұндай байлық пен бақыт көптеген ұлт пен ұлыстардың маңдайына жазылмаған. Сондықтан кейбіреулердің қызыға да қызғана қарайтыны сөзсіз.
Еуразия кеңістігінің ортасынан ойып орын алған Қазақстан көршілес бес мемлекетпен шектеседі. Олардың ішінде Ресеймен арадағы шекарамыз 7500 шақырымға тең болса, Қытаймен 2300 шақырымды құрайды. Сол сияқты Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан елдерімен де шектесеміз. Жалпы Қазақстан территориясының шекара сызығының ұзындығы 15000 шақырымнан асады. Мемлекеттердің шекарасын арнаулы құрылған шекаралық комиссиялар анықтап, Мемлекет басшылары бекітеді. Ол жөнінде арнаулы келісімшарттар жасалады.
Мемлекеттер арасындағы шекара бағытын белгілеу халықаралық қатынаста «делимитация» деп аталады. Делимитация бойымен өтетін шекара сол мемлекеттің құрлықтағы немесе судағы территориясы саналады. Меже бойымен өтетін тік биіктік сол мемлекеттің әуе кеңістігі болса, жердің үсті мен астындағы байлығы ешкімге қол сұғуға болмайтын, тек сол мемлекеттің билігі жүретін меншігі есептеледі.
Дүниені дүрліктіріп отырған АҚШ Мексикамен арадағы шекараға биіктігі үш метр, ұзындығы 3 шақырым болатын қоршау орнатып тастаған. Біз де «Мәңгілік Ел» боламыз десек, бүкіл шекарамызды қоршап алуымыз керек. Халықаралық қатынасқа, сауда-саттыққа қажетті, өзімізге тиімді жерлерден өткелдер, кедендер қалдырып, шекарамызды қоршап алсақ мемлекетіміздің іргесі берік болары анық. Бұл, әрине, менің өз ойым.

Мұхамедкерім Айнақұлұлы,
заңгер, ҚР Прокуратурасының
 Құрметті қызметкері

 

Қатысты жаңалықтар

Үшарал қаласында 7 көпқабатты үйдің қасбеті жөнделеді

Үшарал қаласында 7 көпқабатты үйдің қасбеті жөнделеді

Бүгін, 18:05
Мәдени мұра және жасанды интеллект: Минскіде қазақстандық мамандар тәжірибе алмасты

Мәдени мұра және жасанды интеллект: Минскіде қазақстандық мамандар тәжірибе алмасты

Бүгін, 17:01
Талдықорғанда жаңа оңалту орталығы ашылады

Талдықорғанда жаңа оңалту орталығы ашылады

Бүгін, 16:03
Алакөл ауданында «Қабанбай – Тоқжайлау» автожолы жөнделді

Алакөл ауданында «Қабанбай – Тоқжайлау» автожолы жөнделді

Бүгін, 15:10
Қорғаныс министрі зардап шеккен әскери қызметшілердің отбасыларын қабылдады

Қорғаныс министрі зардап шеккен әскери қызметшілердің отбасыларын қабылдады

Бүгін, 15:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.