Талдықорған: +9°C
$ 444.16
€ 487.29
₽ 5.40
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Жетісуда 1000 отбасына көмек көрсетілді

7 наурыз 2025
РУХАНИЯТ
Жетісуда 1000 отбасына көмек көрсетілді
WhatsAppTelegramFacebook

Биыл Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылғанына 35 жыл. Осыған орай  Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен елде «Рамазан сыйы» атты қайырымдылық марафоны басталды.

Аталған игі шараға атсалысқан Жетісу облысындағы мешіт имамдары аймақта бір мезетте 1000-ға жуық мұқтаж отбасына қайырымдылық жасалғанын жеткізді.

Өңірдің бас имамы Керімбек Дәуітовтің сөзінше, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастырумен өткен бұл жолғы шарада  еліміз бойынша бір мезетте 3500 отбасына азық-түлік себеттері таратылған. Осы орайда Жетісу жеріндегі мешіттерде 1000 мұқтаж отбасына көмек көсетіліпті. Олардың арасында тұрмысында қиыншылығы бар көпбалалы аналар, әлеуметтік жағынан аз қамтылған жағдайы төмен отбасының мүшелері, асыраушысынан айырылған жетім-жесір, мүмкіндігі шектеулі жандар бар.

 – Қайырымдылық жасау – сауабы мол, қайырлы іс. Рамазан айының құрметіне және діни басқарманың 35 жылдығына орай ұйымдастырылған қайырымдылық марафонында мұқтаж жандарға көмек көрсетілді. Мұндай  шаралар жыл соңына дейін жалғасып, барлығы 35 мың отбасыға азық-түлік себеттерін жеткізу жоспарланған. Ал бүгінгі игі іс-шараға мешіт имамдары, «Зекет және қайырымдылық» қорының қызметкерлері мен еріктілері, дін жанашырлары және демеуші азаматтар атсалысты. «Көп түкірсе – көл» деген, осы бір қасиетті айда жасалған жақсылықтарға қол ұшын созған әрбір азаматтың ісіне Алла берекет беріп, сауаптан жазсын!–деді бас имам.

Еске сала кетсек, бүгінде Жетісу өңіріндегі мешіт имамдары тараппынан атқарылып жатқан жұмыстар ауқымды. Атап айтсақ, өткен жылғы Рамазан айында өңір мешіттерінен су тасқынынан зардап шеккен халыққа 11 миллион теңгеден астам  қаржылай, 56 тонна заттай, 100 мыңға жуық құм салатын қап сынды көмек  көрсетілген.  Сонымен бірге, аймақтағы «Зекет» қорының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында мұқтаж адамдарға 14 баспана, балалар үйіне 1 монша,  «Мектепке жол» акциясы аясында 1200-ден астам оқушыға қажетті оқу құралдары мен киім-кешек табысталса,  білім алушы шәкірттерге 1  миллион 700 мың теңгеден астам ақшалай жәрдем жасалған. «Біз біргеміз!», «Жақыныңа жанашыр бол!», «Жақсылық жасап жарысайық!» сынды акциялар шеңберінде аймақтағы көмекке зәру адамдарға үнемі көмек көрсетіліп,  «Ауызашар қоржыны», «Рамазан сыйы» сынды көптеген ізгілікті шаралармен жалғасуда.

Айдын КӘЛІМХАН

Қатысты жаңалықтар

270 мыңнан астам қазақстандық жасанды интеллект құралдарын қолдануды үйренеді

270 мыңнан астам қазақстандық жасанды интеллект құралдарын қолдануды үйренеді

19 қараша 2026
Олжас Бектенов:«Қордың стратегиялық бағыты өзгеріссіз қалып, міндеттемелер толық орындалады»

Олжас Бектенов:«Қордың стратегиялық бағыты өзгеріссіз қалып, міндеттемелер толық орындалады»

19 қараша 2026
Қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жаратудың тиімді тәсілдері талқыланды

Қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жаратудың тиімді тәсілдері талқыланды

19 қараша 2026
«Таза Қазақстан»: келесі жылы Талдықорғандағы орталық саябақ жаңғыртылады

«Таза Қазақстан»: келесі жылы Талдықорғандағы орталық саябақ жаңғыртылады

19 қараша 2026

Елімізде 44 жаңа мектеп пен 37 балабақша пайдалануға берілді

18 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.