Талдықорған: +11°C
$ 448.72
€ 493.86
₽ 5.49
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Жетісу облысында жыл басынан бері кәмелетке толмаған 105 қыз жүкті болып қалған

4 қараша 2024
РУХАНИЯТ
Жетісу облысында жыл басынан бері кәмелетке толмаған 105 қыз жүкті болып қалған
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысы ерте жүктілік бойынша республикада бесінші орында тұр. Өткен жылы 91 жасөспірімнің аяғы ауыр болып қалған. Ал, биыл 9 айда 105 кәмелетке толмаған қыз жүктілігі бойынша есепке алынған.

Оқу оқып, ертең маман болады деп үміт артқан өрімдей қыздар ерте «Ана» атанып отыр. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мамандарының мәліметінше, жоғарыда аталған 105-тің 69-ы босанып алса, он қызда түсік болған. Ал, 26 жасөспірімнің ай-күні жақындап отыр.

 

«Ерте жүкті болған қыздардың 80 пайызы 17 жаста. Екеуінен басқасының барлығы толық отбасынан шыққан. Анасы да, әкесі де бар. Екі қыз мектеп оқушысы. Босанып алған қыздар қазір енелерімен, жолдастарымен бірге тұрып жатыр. Біз де өз тарапымыздан кәмелетке жасы толмағандарға түсіндірме жұмыстарын өткізіп, ерте жүктіліктің алдын алумен күресіп жатырмыз. Әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның бастамасымен халықтың репродуктивті денсаулығын қорғауға арналған ашық есік күні Жетісу облысы бойынша 16 медициналық ұйымда өткізілді. Онда жалпы 3 мыңнан аса қыз-келіншектерді қабылдадық. Оның 632-сі жасөспірімдер болды», — дейді Жетісу облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жанетта Нұрманбетова.

Білім беру ұйымдарында кәмелетке толмағандар арасында зорлық-зомбылық, жыныстық қатынастың орын алу себептерін жедел анықтау және шұғыл психологиялық кеңес көрсететін жұмыс тобы құрылған. Сондай-ақ, басқармадағылар ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында психологтар мен мектеп медбикелері сауалнамалар мен жеке әңгімелесулер үнемі жүргізіп отыратынын айтады. Бірақ, ата-аналардың дені балаларымен бұл тақырыпта ашық сөйлесуге қарсылық білдіретін көрінеді. Мамандар ерте жүктіліктің алдын алу үшін жыныстық тәрбие 12 жастан бастап жүргізілсе дейді. Айта кетейік, өткен жылы облыстағы мектеп оқушылары арасында ерте жүктілік бойынша 5 факт тіркелген болатын.

 

«Бұл проблеманың туындау себептерінің бірі әлеуметтік желіден бе деп ойлаймын. Өйткені, баласының гаджеттен не көріп жүргенін үнемі қадағалап отырған ешкім жоқ. Бұл үлкен мәселе. Ұрпақ тәрбиесімен қазір тикток, инстаграмм айналысып жатыр. Әке-шеше баланы тек материалдық құндылықтармен ғана қамтамасыз етіп отыр. Содан кейін ата-аналар осы тақырыпта балаларымен ашық сөйлесе алмайды. Менталитетке келмейді деп жатады, негізі жыныстық тәрбие берілсе балалар өз шекарасын түсініп, оны бұзуға ешкімге жол бермес еді. Оны есейе келе ортасынан, айналасынан естіп, біліп алады дейтін шығар. Ол қате түсінік. Ертең баланың ерсі қылығынан ұялмау үшін, бүгін онымен ұялмай әңгімелесу керек», — дейді Талдықорған қаласындағы № 14 орта мектептің педогог-психологы Қанғабылова Назым.

Еске салайық бұған дейін Талдықорғанда 6 жасар қызды зорламақ болған ер адамның іздестіріліп жатқаны туралы жазғанбыз. 

KAZINFORM

Фото: azh.kz

Қатысты жаңалықтар

Жас мергендер жүлделі оралды

Жас мергендер жүлделі оралды

Бүгін, 14:00
Жетісу облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Оспанов Жанат Тәнірбергенұлы

Жетісу облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Оспанов Жанат Тәнірбергенұлы

Бүгін, 12:38
Еңбек адамының 25 бастамасы Халық Кеңесіне табысталды

Еңбек адамының 25 бастамасы Халық Кеңесіне табысталды

Бүгін, 11:34
«Жетісу» футбол клубы сингапурлық инвестордың басқаруына өтеді

«Жетісу» футбол клубы сингапурлық инвестордың басқаруына өтеді

Бүгін, 10:00
«Таза Қазақстан»: Мектептерде 560 мыңнан астам экологиялық сынып сағаты өткізілді

«Таза Қазақстан»: Мектептерде 560 мыңнан астам экологиялық сынып сағаты өткізілді

Бүгін, 09:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.