Талдықорған: +11°C
$ 457.09
€ 508.42
₽ 5.67
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Жұртшылықты жырмен тербеді

18 қазан 2017
РУХАНИЯТ
Жұртшылықты жырмен тербеді
WhatsAppTelegramFacebook

Көксу ауданының ақыны тіл жанашыры Қаракөз Сейітжанқызының «Тілімді туған жырыма қосып тербетем» атты шығармашылық кеші өтті. Мерекелік кешке аудан әкімі Алмас Әділ, филология ғылымының докторы, профессор Бауыржан Жақып, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, сатирик Ермахан Шайхыұлы және көксулық тұрғындар қатысты.
 Қаракөз Сейітжанқызы 1971 жылы Жамбыл ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын аудан орталығындағы №2 М. Құрманов атындағы орта мектепте қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі болып бастаған. 2007 жылдан бері аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде бас маман болып қызмет атқарып келеді. Қызмет пен қаламды қатар ұстаған ақын қыздың осы уақытқа дейін үш кітабы «Сезім моншақтары», «Көксуым – жұмақ мекенім» атты поэзиялық жинақтары, 2017 жылы облыс әкімі Амандық Баталовтың қолдауымен «Үмітімді үкілеген – қаламым» деген публицистикалық туындылары оқырманға жол тартты. 
 Кеш барысында аудан әкімі Алмас Қабдулұлы ақынға Елбасы саясатын жүзеге асыруда ауданның әлеуметтік-рухани өміріне үлес қосып келе жатқаны үшін алғыс білдірді. Ақын Бауыржан Жақып пен жазушы-сатирик Ермахан Шайхыұлы жылы лебіздерін жеткізе келе Қаракөз Сейітжанқызын Жазушылар одағының мүшелігіне ұсыну туралы ойларымен бөлісті. Сонымен қатар, облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омардың кеш иесіне деген арнайы құттықтау хатын облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Айдар Башбаев пен облыстық ұйымдастыру бөлімінің инспекторы, ақын Гүлбақыт Қасенова табыстады. 
 Ақ тілектерден кейін кеш иесі сахна төрінде «Асыл анам», «Әкеме», «Олжасыма», «Мен сізге ғашық едім», «Өмір» атты поэзиялық туындыларын оқыды. Бұған қоса, Көксудың көркем де келісті табиғаты суреттелетін театрлық көрініс қойылды. Қоғамның алуан түрлі саласында кезек күттірмейтін өткір де өзекті мәселелер күні бүгінге дейін қаламгердің шығармаларынан көрінісін тауып келеді. Бұл ретте әйгілі тұлғалардың тарихи-сәулет ескерткіштерін түгендеп, мемлекеттік тізімге енгізгені ауыз толтырып айтарлық абыройлы іс. Сондай-ақ, поэзиялық жанрдағы туындылары әнмен де өрнектеліп, тыңдаушысын тауып жатыр. 
 Кеш соңында аудан әкімінің «Ықылас гүлі» тапсырылып, «Керғұлан» тобының орындауындағы «Қазақстан – ғажабым» авторлық әні шырқалды. Шығармашылық кеште Мәдениет үйіне лық толған көрермендер жырмен сусындап, поэзиялық кештен ерекше әсер алып тарқасты. 

Жадыра ЕРМҰХАНОВА.
Көксу ауданы. 

Қатысты жаңалықтар

Геология, өнеркәсіп және құрылыс саласы жаңа белеске көтерілді

Геология, өнеркәсіп және құрылыс саласы жаңа белеске көтерілді

Бүгін, 15:45
Көне үйдегі көркемсурет әлемі

Көне үйдегі көркемсурет әлемі

Бүгін, 14:30
Ақсу, Сарқан және Алакөл тұрғындары үйлеріне қашан газ кіргізе алады?

Ақсу, Сарқан және Алакөл тұрғындары үйлеріне қашан газ кіргізе алады?

Бүгін, 12:13
Мұрадан – Гарвардқа!

Мұрадан – Гарвардқа!

Бүгін, 11:34
Ел бірлігін сақтаудың тетігі

Ел бірлігін сақтаудың тетігі

Бүгін, 11:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.