Талдықорған: +12°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

ЖУРНАЛИСТЕР КӘСІПОРЫНДАРДЫ АРАЛАДЫ

27 мамыр 2019
РУХАНИЯТ
ЖУРНАЛИСТЕР КӘСІПОРЫНДАРДЫ АРАЛАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Еңбекшіқазақ, Тал­ғар аудандарындағы ауылшаруашылы­ғы өнімдерін өңдеу кәсіпорындарына баспасөз турын ұйым­дастырды. Шараға «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ басқарма төрағасы Нармұхан Сарыбаев қатысты.

«Басты бағыттардың бірі – мал шаруашылығы өнімдерінің экспорттық әлеуетін арттыру. Осы мақ­сатта мал шаруашылығы­мен айналысатын фермер­лер атқаратын пирамида қалыптасуда. Пирамида­ның жоғары жағы – ет ком­бинаттары, өйткені оларда экспортқа шығару мүмкін­дігі мен тиісті технология­лар бар, – деген басқарма төрағасы фермерлік сала кеңейіп, ұлғайғанда дітте­ген нәтижеге қол жеткізе­тіндіктерін тілге тиек етті. – Жергілікті бағдарламаның толыққанды жүзеге асуы үшін 10 жыл ішінде 1 млн. бас мал экспорттауымыз қажет, бұл бізге ірі қара мал санын 5 млн.-ға арттыру қа­жеттігін көрсетеді. Әрине, бұл Қазақстан экономика­сына жаңа деңгейге көтері­луге мүмкіндік береді».

Мал шаруашылығы ғана емес, сонымен қа­тар, балық және өсімдік шаруашылығындағы экс­порттық өнім пайызының артуы аграрлық сектордың дамуын бірнеше есеге арт­тыра түседі. Осы бағытта атқарылып жатқан жұмыс­тар барысын байқау мақ­сатымен баспасөз турына қатысушылар мен «Аграр­лық несие корпорациясы» АҚ басшылығы облыстағы экспортқа жұмыс істейтін бірнеше кәсіпорынды ара­лады.

Алғаш боп ат басын бұрған Еңбекшіқазақ ауда­нына қарасты сыйымды­лығы 1000 тоннаға жететін жеміс сақтау қоймасының құрылысы аяқталған. «Но­кина» ШҚ жеміс сақтау­ға арналған қойма салып, «Талғар» несие серіктестігі арқылы Аграрлық несие корпорациясының 262 млн. теңге қаражаты есебінен тоңазытқыш құрылғыла­рын орнатқан. Аталған ша­руа қожалығының негізгі қызметі – бағбаншылық, сондай-ақ, олар табиғи алма шырынын өндірумен айналысады. Шаруа қожалы­ғында 20, 40 гектар аумақта алманың «Голден Делишес» және «Старкримсон» сұ­рыптары өсіріледі, оның 15,4 гектар аумағын там­шылатып суару жүйесі және торлы жүйе қолданылатын экстенсивті бақтар және 5 гектар аумағын интенсивті бақтар алып жатыр. Бүгінгі таңда компания шырындары мен алмалары Ресей және жақын шет мемлекеттерге экспортталады. Алдағы уа­қытта Қытай нарығына шы­ғару көзделген.

Ал Қасымбек ауылын­дағы ет өңдеу кешенінің құрылысы аяқталуға таяу. «EmpireFood» ЖШС Аг­рарлық несие корпора­циясының қаражатына ет өңдеу кешеніне қажетті жабдықтар сатып алған. Жобаның жалпы құны 2,4 млрд. теңгені құрайды. Оның 1,3 млрд. теңгесі жабдықтарға, құрылыс-монтаж жұмыстарына 0,7 млрд. теңге, айналым қар­жысына 430 млн. теңге жұмсалады. Бір ауысымда ет өңдеу кешенінің өндіріс­тік қуаты 1120 басты құра­мақ. Осы күні өз жұмысын бастап кеткен кәсіпорын жыл соңына дейін толық қуатта жұмыс істеуді жос­парлауда. Аталған ет өңдеу кешені осы өңірдегі ауыл­шаруашылығы саласында­ғы перспективті компания­лардың бірі. Ол өңірлік және халықаралық деңгей­де өткізу нарығын кеңейту­ге, негізгі тұтынушыларға сатылым көлемін ұлғайту­ға, сондай-ақ, жақын ше­телдердің нарықтарына шығатын дистрибьютор­ларды тартуды көздейді.

– Шаруашылық мұндай кәсіпорындардың көмегін­сіз өз бетінше экспортқа шыға алмайды. Бұл, бірін­шіден, өсірген малды көңіл­ге қонымды бағамен сатуға жақсы мүмкіндік берсе, екіншіден, өнім өткізу тұ­рақтылығын береді. Нәти­жесінде фермер шаруашы­лығын одан әрі алаңсыз дамыта береді. Өйткені, өз өнімін сенімділікпен сату мүмкіндігі бар, – деді бас­қарма төрағасы.

Мал шаруашылығы­нан басқа елімізде балық өндірісі де дамып келеді. Соның бірі «Теплоинвест» ЖШС Аграрлық несие кор­порациясының қаражатына балық зауытына қажетті жабдықтар алып, ғимарат­қа жөндеу жұмысын жүр­гізген. Жобаның жалпы құны 487 млн. теңге. Балық зауытында филе дайында­лады, жаңа мұздатылған және кептірілген, жалпы көлемі 1500 тоннаға жуық балық өңделеді. Жаңа ба­лық өңдеу зауыты өз өнім­дерін ел аумағымен қатар ТМД және Қытай нарығы­на жөнелтеді.

Өткен жылы экспортқа 297 тонна, ішкі нарыққа 91 тонна өнім өн­дірген. Жоғарыда аталған үш жобаның инвестиция­лық бөлімі «Агроэкспорт» несие бағдарламасы шең­берінде 8 пайыздық сыйа­қы мөлшерлемесі бойынша қаржыландырылады. Аг­робизнес бағдарламасы ая­сында айналым капиталы жылдық сыйақы мөлшер­лемесі бойынша 16 пайыз­дық мөлшерлемені субси­диялауды ескере отырғанда жылына 11 пайызды құрай­ды.

«Аграрлық несие корпо­рациясы» АҚ басшылығы қаржылай көмектің тиім­ді жүзеге асырылуына көз жеткізу үшін барған үш кә­сіпорынның одан әрі даму перспективалары туралы әңгіме өрбіді. Өз тарапынан кәсіпорындар басшылығы қол жеткізген жетістіктері туралы мақтанышпен баян­дап, бұл орайда, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-на жобаларды қолдап, қар­жылай көмек көрсеткендері үшін алғыстарын білдірді.

Ұлбосын ИСАБЕК

Еңбекшіқазақ, Талғар аудандары

Қатысты жаңалықтар

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

8 қараша 2026
Махаббат ол…

Махаббат ол…

8 қараша 2026
Кәсіби шеберлік бәсекесі

Кәсіби шеберлік бәсекесі

8 қараша 2026
Ел құрметіне бөленген

Ел құрметіне бөленген

8 қараша 2026
Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

8 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.