Құрылтай депутаттарын сайлау күні Талдықорғанда бірнеше отбасы үшін ерекше қуанышты жаңалықпен есте қалды. Қаладағы перзентханаларда бір күн ішінде 9 сәби дүниеге келді.
Жаңа туған нәрестелердің екеуі қыз, жетеуі ұл. Қазіргі уақытта сәбилер мен олардың аналарының жағдайы жақсы, барлығы дәрігерлердің бақылауында.
Сәбилі болғандардың қатарында 45 жастағы қала тұрғыны Наталья Дидичина да бар. Ол 11 баланың анасы. Отбасында 8 қыз бен 3 ұл тәрбиеленуде.
Осылайша, ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси оқиғамен тұспа-тұс келген бұл күн тоғыз отбасы үшін де қос қуанышқа толы, ұмытылмас күнге айналды.





