Талдықорған: +10°C
$ 455.12
€ 498.99
₽ 5.55
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

ҚАЙТА ДАЙЫНДЫҚТАН ӨТТІ

17 тамыз 2024
САЯСАТ
ҚАЙТА ДАЙЫНДЫҚТАН ӨТТІ
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорғанда толыстағы офицерлердің қатысуымен «Қалқан – 2024» арнайы тактикалық оқу-жаттығуының бірінші кезеңі өтті. Облыс бойынша жыл сайынғы міндетті әскери науқанға толыстағы 135 офицер шақырылды.


10 күн қолдарына қайта қару алып, тактикалық оқу-жаттығуға шыққан толыстағы офицерлер ұрыс даласында қалай қорғану, шабуылдау керектігін, қоян-қолтық ұрыс түрлерін көрсетті. Олардың іс-әрекеттерінде қазіргі заманғы қарулы қақтығыстардың тәжірибесі кеңінен қолданылды. Арнайы тактикалық жаттығуда тегеурінді техника сыналып, сарбаздар содырларға соққы беруге сақадай сай екенін айқындады. Жиынға қатысушылар арнайы формамен, азық-түлік және медициналық қызметпен қамтамасыз етілді. Заң бойынша оқу-жаттығуға қатысқандардың жұмысы сақталып, әскери қызметте болғаны үшін арнайы жалақы тағайындалады. 

Шара барысында облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы Айдар Кибаев:
– 5-14 тамыз аралығындағы оқу-жаттығудың бірінші кезеңі Талдықорған қаласының аумағында өтті. Оқу-жаттығуды өткізу жоспарына сәйкес стратегиялық объектілерді күзету және қорғау, жауынгерлік міндеттерді орындау бойынша арнайы тактикалар пысықталды. Офицерлер, сіздердің үйлесімді әрекеттеріңіздің, бригаданы шебер басқаруларыңыздың арқасында міндеттер пысықталып, алға қойған мақсаттар орындалды. Аумақтық қорғаныс бригадасын Алакөл ауданында оқу-жаттығуды осындай лайықты деңгейде өткізуге шақырамын, – деді.

Облыстық қорғаныс бригадасының бастығы Бағлан Шегібаев: «Біздің бригадаға десанттық шабуылдаушылар кіреді. Мұнда толыстағы барлық офицерлер жиналды. Олар арнайы жаттығудан өтіп тұрады. Жиын барысында күзет ротасы жинақталып, аумақты қалай қорғау керек, диверсиялық топтармен күрес жүргізу тәсілдерін пысықтады», – деді. 

Оқу-жаттығу аяқталғаннан кейін облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы әскери оқу-жаттығуды сәтті өткізуімен құттықтап, үздіктерді марапаттады.

Айта кетейік, «Қалқан – 2024» арнайы тактикалық оқу-жаттығуының екінші кезеңі 21-30 тамыз аралығында Алакөл ауданы Үшарал қаласында өткізіледі. Оған толыстағы 100 офицер, сержант, сарбаз қатысады.

Айдар ҚАЛИЕВ

Қатысты жаңалықтар

Жетісу өңірі мал қыстату науқанына дайын

Жетісу өңірі мал қыстату науқанына дайын

Бүгін, 18:57
Тарихи тұлға – ұрпаққа өнеге

Тарихи тұлға – ұрпаққа өнеге

Бүгін, 16:48
Жетісу облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Рүстем Әмірғазыұлы Досжанов

Жетісу облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Рүстем Әмірғазыұлы Досжанов

Бүгін, 16:30
Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Бейсенов Еркін Аманбайұлы

Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Бейсенов Еркін Аманбайұлы

Бүгін, 16:19
Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Садыбаева Анар Білісбекқызы

Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Садыбаева Анар Білісбекқызы

Бүгін, 16:11

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.