Талдықорған: +10°C
$ 455.12
€ 498.99
₽ 5.55
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

Ата заңым айбыным

30 тамыз 2023
САЯСАТ
Ата заңым айбыным
WhatsAppTelegramFacebook

Ата Заң – шеті мен шегі, қиыры көрінбес алып атырапта салтанат құрған еліміздің ең құнды әрі басты заңнамалық құжаты. Әр азаматтың құқықтары мен бостандық құндылықтарын айшықтап, мемлекеттің де келешекке қарай қарымды қадам басуына тірек болып отыр.

Конституция – кез келген елді алға сүйреуші локомотив. Қазіргідей жаһандық бәсекелестік өршіген заманда тура жолдан тайдырмай, барлығына бірдей құқық берер заңнамалар жинағы.    

Құқықтық мемлекетті қалыптастыруда заңның үстемдігін қамтамасыз ету кез келген мемлекеттің ең негізгі әрі басты мақсаттарының бірі. Қоғам өмірінің барлық саласында заң үстемдігін жүзеге асыру, даму кезеңінің нақты қажеттігін қанағаттандыру, демократияны орнықтыру, жеке тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру сияқты көптеген маңызды мәселелермен тікелей байланысты. Демек Конституция жоғарыда көрсетілген мемлекет мүдделерінің жүзеге асырылуына әсері мол мемлекеттік құқық жүйесінің негізін бекітіп көрсететін ең жоғарғы заңдық күші бар басты құжат саналады.

Ата Заңымыз 1995 жылғы 30 тамызда  республикалық референдум өткiзу жолымен қабылданған болатын. Конституцияны қабылдай отырып, Қазақстан халқы мемлекеттік билiктiң қайнар көзi – өзiнiң егемендiк құқығын баянды еттi. Бұл жаңа Конституция Қазақстанның төртiншi Ата Заңы. Жаңа Конституцияның ең жоғарғы заңдық күшi бар және ол ҚР-дің бүкiл аумағында тiкелей қолданылады. Мұның өзi конституциялық нормалар мен заңдардың басқа нормативтiк-құқықтық актiлердiң нормаларынан үстем екендiгiн көрсетедi.

Тәуелсіздіктің Көк байрағын желбіреткен айтулы сәттен кейін қабылданған алғашқы Ата Заң мемлекеттік билікті басқарудың барлық жүйесін нығайту, экономикалық реформаны жүргізе отырып, елді сол кезеңдегі терең дағдарыстан шығару, жас мемлекеттің сыртқы саясатын қалыптастыру және ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету сынды дүниелерге жауап беруі керек болды. Алайда бұларға дөп бағытталған баптардың жетіспеушілігінен, заман ағымына қарай араға екі жыл салып, 1995 жылы 30 тамызда қазіргі негізі Конституциямыз қабылданды.  Халықтың өзі дауыс беріп, қабылдаған Ата Заңымыз өркениетті мемлекеттің барлығына тән демократиялық қағидалармен толық қамтылды. Конституция бірлігіміздің тұрақтылығын, мемлекеттік құры    лыс пен еліміздің тұтастығын бекітіп берді.

Әрбір азаматтың өзін тең сезінуіне және құқықтарын сақтауына берік негіз болды. Жасампаз жаңа дәуірге кең жол ашты. Еліміздің жеткен жетістігі мен алған белесі осы тұғырлы Конституцияның арқасында мүмкін болды.

Отбасымыздан басталатын кең-байтақ ұлы Отанымыздың Конституция күні құтты болсын! Еліміз тыныш, жұртымыз аман, көк туымыз әрдайым биіктен желбірей берсін.

Эльмира АСУБАЕВА,
Алакөл аудандық сотының төрағасы

Қатысты жаңалықтар

Жетісу өңірі мал қыстату науқанына дайын

Жетісу өңірі мал қыстату науқанына дайын

Бүгін, 18:57
Тарихи тұлға – ұрпаққа өнеге

Тарихи тұлға – ұрпаққа өнеге

Бүгін, 16:48
Жетісу облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Рүстем Әмірғазыұлы Досжанов

Жетісу облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Рүстем Әмірғазыұлы Досжанов

Бүгін, 16:30
Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Бейсенов Еркін Аманбайұлы

Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Бейсенов Еркін Аманбайұлы

Бүгін, 16:19
Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Садыбаева Анар Білісбекқызы

Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Садыбаева Анар Білісбекқызы

Бүгін, 16:11

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.