Талдықорған: +10°C
$ 455.12
€ 498.99
₽ 5.55
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

Қазақ жазушылары туған ауылдар жабылып жатыр – сенатор

13 қыркүйек 2024
САЯСАТ
Қазақ жазушылары туған ауылдар жабылып жатыр – сенатор
WhatsAppTelegramFacebook

Бүгінде қазақ жазушылары туған ауылдар жабылып жатыр. Бұл туралы Сенат депутаты Нұртөре Жүсіп айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Ол депуаттық сауалын Үкімет басшысы Олжас Бектеновке жолдады.

Сенат өткен сессияда «Демографиялық өсу – ұлттың стратегиялық артықшылығының негізі» тақырыбында Үкімет сағатын өткізген. Сенат Үкімет пен тиісті министрліктерге бірқатар ұсыным жолдады. Осыған байланысты Үкімет берген жауапта көтерілген мәселелердің басым бөлігі шешімін таппаған күйінде қалып отыр. Мысалы, елімізде демографиялық саясат саласында уәкілетті орган анықталмаған. Демографиялық зерттеулер жүйесін болжау да құрылмаған. Демографиялық саясат мәселелерінде мемлекеттің нақты ұстанымы анықталмаған. Салдарынан бүгінде тек статистикамен шектеліп отырмыз, — деді cенатор.

Нұртөре Жүсіптің айтуынша, сенаторлар Үкіметке демография мәселелері бойынша мемлекеттік орган құру мәселесін зерделеуді айтқан. Бұған ұлттық экономика министрлігі «Мұндай мемлекеттік органды құру іс жүзінде мүмкін емес» деп жауабын қысқа қайырыпты.

Сенаттың демография саясатына қатысты көтерген өзекті мәселелердің бәрін Үкімет елемейтін болса, сырғытпа жауаптармен құтылса, сонда Үкімет сағатын не үшін өткіздік? Үкімет берген жауап біздің көңілімізді көншітпейді. Демографиялық сын-қатерлер, халықтың қартаюы, бақыланбайтын урбанизация және көші-қон, халықтың шамадан тыс өлімі мәселелеріне жүйелі және шұғыл шешімдер қажет. Демографиялық процестер үшін Үкімет тарапынан нақты жауапкершіліктің болмауы, мониторингтің жоқтығы, жүргізіліп жатқан экономикалық және әлеуметтік реформалардың тиімділігінің төмендеуіне әкелетініг ескеру қажет, — деді сенатор.

Ол соңғы жылдары солтүстік өңірлерде адамдардың саны азайып жатқанын жеткізді.

«Ұлттық статистикасы бюросының дерегіне сүйенсек, Солтүстік Қазақстан облысында көші-қон сальдосы 2024 жылғы 1 шілдеде теріс болды – минус 3396 адам. Сондай-ақ СҚО бойынша табиғи өсім мың адамға шаққанда теріс сальдоға тең – минус 1,94 адам. Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстарында туған адамдардың саны жыл сайын азайып жатыр», — деді Нұртөре Жүсіп.

Ол бүгінде қазақ жазушылары туған ауылдар жабылып жатқанын мысалға келтіріп, елімізде демография мәселесі өзекті екенін атап өтті.

Құрметті Олжас Абайұлы, өңірлерге жұмыс сапары барысында халықпен кездесулер өткізіп келдік. Демографияға қатысты сұрақтар тағы алдымыздан шықты. Мысалы, Солтүстік Қазақстан облысындағы Сәбит Мұқанов ауылы жабылған. Халық жазушысы Сафуан Шаймерденовтің ауылы жабылуға жақын. Еңбек ері, қазақ әдебиетінің классигі Ғабит Мүсірепов туған Жаңа жол ауылының да тағдыры қыл үстінде тұр.

Осыған байланысты Сенат ұсынымдарын қайта қарауды, солтүстік өңірлерде әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасын дереу қолға алуды, аймақтарға жастарды тарту, инфрақұралымды дамыту, миграцияны басқару, зейнетақы және әлеуметтік қызметтерді жақсарту бойынша мәселелерді жедел пысықтап нақты шешімдер қабылдануы керек», — деп сөзін түйіндеді депутат.

 

Фото: freepik.com-тен көрнекілікке алынды

 

Қатысты жаңалықтар

Жетісу өңірі мал қыстату науқанына дайын

Жетісу өңірі мал қыстату науқанына дайын

23 қараша 2026
Тарихи тұлға – ұрпаққа өнеге

Тарихи тұлға – ұрпаққа өнеге

23 қараша 2026
Жетісу облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Рүстем Әмірғазыұлы Досжанов

Жетісу облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Рүстем Әмірғазыұлы Досжанов

23 қараша 2026
Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Бейсенов Еркін Аманбайұлы

Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Бейсенов Еркін Аманбайұлы

23 қараша 2026
Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Садыбаева Анар Білісбекқызы

Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Садыбаева Анар Білісбекқызы

23 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.