Талдықорған: +10°C
$ 455.12
€ 498.99
₽ 5.55
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

Бас прокуратурада Үйлестіру кеңесі өтті

26 желтоқсан 2023
САЯСАТ
Бас прокуратурада Үйлестіру кеңесі өтті
WhatsAppTelegramFacebook

Бас Прокурор Берік Асыловтың төрағалығымен Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмыскерлікке қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтіп, онда 2021-2022 жылдары және ағымдағы жылдың өткен мерзімінде анықтаудан, тергеп-тексеруден және соттан бой тасалаған адамдарды іздеу бойынша құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігі талқыланды.         

Үйлестіру кеңесінің жұмысына Жоғарғы Соттың өкілдері, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың, Цифрлық даму министрлігінің басшылығы мен басқа да жауапты тұлғалар, облыс прокурорлары мен аумақтық қылмыстық қудалау органдарының басшылары қатысты.

Жиынды ашқан Берік Асылов «Әділетті мемлекетті құрудың негізгі белгісі, кез келген құқық бұзушылық үшін жазаның бұлтартпастығы қағидатын жүзеге асырудың негізгі факторларының бірі – қылмыстық қудалаудан бой тасалаған азаматтарды тиімді іздестіру», — деп атап өтті.         

Бас Прокурор қылмыскерлерді іздеуде белгілі нәтижелерге қол жеткізілгенін атап өтті.         

Жыл басынан бері 2552 қылмыскер, оның ішінде адам өлтіргені үшін 30, тонау қылмысын жасаған 81, қарақшылық жасаған 15, алаяқтық жасаған 384, есірткі қылмыстарын жасаған 82 айыпталушы ұсталды.         

Үйлестірілген іс-шаралардың және халықаралық серіктестермен арадағы өзара тығыз байланыстың нәтижесінде шетелдік юрисдикциялардан ауыр және аса ауыр қылмыстар, оның ішінде адам өлтіру, зорлау, қаржы пирамидалары мен ұйымдасқан қылмыстық топ құру қылмыстары бойынша 100 ден аса күдікті елге қайтарылды.         

Бұл ретте экстрадициялау туралы келісімдердің жоқтығына қарамастан, ағымдағы жылы Германиядан, Камеруннан, Польшадан және Швециядан іздеуде жүрген 7 адам экстрадицияланды.         

Қазіргі таңда Аргентина, Бразилия, Германия, Грузия, Испания, БАӘ, Польша, Ресей, Сербия, Түркия, Украина, Франция, Чехия және тағы да басқа елдерден іздеуде жүргендерді экстрадициялау жұмыстары жүргізілуде.         

Іздестіру жұмысына цифрлық технологияларды кеңінен қолданудың маңыздылығы, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың ақпараттық жүйелерінің барынша интеграциясының нәтижесінде іздеуде жүрген адамдардың мемлекеттік, банктік, медициналық, көліктік және тағы да басқа қызметтерді алғандығы жөнінде уақтылы хабарлау қажеттілігі атап өтілді.         

Талқылау нәтижелері бойынша, оның ішінде «Интерпол» Ұлттық бюросының желісі бойынша, іздестіру қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған методологиялық және заңнамалық кешенді шаралар әзірленді.         

Жалпы, қылмыскерлерді іздеу қызметін жақсартуға бағытталған басқа да шаралар ұсынылды. 

Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда әлеуметтік жобалар жаңа аудандарда жалғасады

Жетісуда әлеуметтік жобалар жаңа аудандарда жалғасады

Бүгін, 15:20
АИТВ-дан сақтанудың заманауи тәсілдері

АИТВ-дан сақтанудың заманауи тәсілдері

Бүгін, 14:30
…Туғанды биде иман жоқ

…Туғанды биде иман жоқ

Бүгін, 14:00
Жастар желінің жетегінде

Жастар желінің жетегінде

Бүгін, 13:00
Кітап оқыңыз, құрбым!

Кітап оқыңыз, құрбым!

Бүгін, 12:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.