Талдықорған: +13°C
$ 509.51
€ 570.60
₽ 6.30
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

БАСПАНА МӘСЕЛЕСІ БАРШАҒА ОРТАҚ

25.09.2024
САЯСАТ
БАСПАНА МӘСЕЛЕСІ БАРШАҒА ОРТАҚ

Облыс әкімі Бейбіт ИСАБАЕВ азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Олардың көпшілігі мемлекеттік тұрғын үй, жер мәселесі бойынша өтініш білдірді.

Қабылдауға бірінші болып Талдықорған қаласының 90 жастағы тұрғыны көпбалалы ана, «Күміс алқа» иегері Рухия Құнанбаева кірді. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру мәселесімен жүгінген тұрғын «Kezekte.kz» бірыңғай ұлттық жүйесінің деректеріне сәйкес Талдықорған қаласының тұрғын үй кезегіне «Көпбалалы отбасылар» санаты бойынша 2020 жылы  тіркелген. Қазір кезекте 820-шы болып тұр. Облыс басшысы ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 74-бабына сәйкес, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй мұқтаждар есебінде тұрған азаматтарға барлық қажетті құжатпен өтініш берілген кезден бастап тізімдерде белгіленген кезектілік тәртібімен берілетінін айтты. Талдықорған қаласының әкіміне мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру тәртібін түсіндіруді тапсырды.  

1981 жылы туған ІІ топтағы мүмкіндігі шектеулі азамат Ернар Балабаевты да баспана мәселесі мазалайды. 2009 жылы «Халықтың әлеуметтік осал топтары» санаты бойынша Талдықорған қаласының тұрғын үй кезегіне мүгедек ретінде тіркелген. Кезек саны – 138. Жалпы, Талдықорған қаласы бойынша тұрғын үй кезегінде барлығы 15 мың 310 адам тұр. Оның ішінде «Халықтың әлеуметтік осал топтары» санатында  6 мың 698 адам. Аймақ басшысы арызданушы кезегіне сәйкес  мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үймен шамамен 2025 жылдың екінші жартыжылдығында қамтамасыз етілетінін айтты. Ал қала тұрғындары Зоя Самойлова мен Галина Жигалова көпқабатты тұрғын үйді көгілдір отынға қосу қажеттігін айтып, арызданған. Шевченко көшесіндегі 135/141 көпқабатты үйінде 48 пәтер бар. Барлық тұрғынның газ плиталары үйдің ауласына орнатылған газ бактарынан сұйытылған газбен қамтамасыз етілген. Газбен жабдықтаушы ұйым – «Тавиди» ЖШС. Алайда бұл жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жұмысына қанағаттанбаған тұрғындар 2023 жылдың қараша айында «Home Gaz» ЖШС-мен табиғи газға қосу үшін келісімшарт жасаған. Бірақ жұмыс жүйелі атқарылмаған. Мәселенің мән-жайын тыңдаған облыс басшысы  «Тавиди» сұйытылған газ беруді тоқтатып,  «Home Gaz» ЖШС үйді көгілдір отынға қосу үшін монтаж жұмыстарын бастауды сала мамандарына қатаң тапсырды. Жұмыстың жүйелі атқарылуын тікелей қала әкімі өз бақылауына алатын болды.   

Қоғамдық қабылдау соңында облыс әкімі Бейбіт Исабаев азаматтардан түскен арыз-шағымдар мен ұсыныстар заң аясында шешілетінін айтып, жауапты басшыларға тапсырма берді.

Еңлік КЕНЕБАЙ
Суретті түсірген Дмитрий ЕРОФЕЕВ

Қатысты жаңалықтар

Талдықорғандықтарды тәнті етті

Талдықорғандықтарды тәнті етті

18.05.2025
Жанкүйерін қуантпай тұр

Жанкүйерін қуантпай тұр

18.05.2025
Тұрлымбеттің тұғыры: Сары биді жеңгені

Тұрлымбеттің тұғыры: Сары биді жеңгені

18.05.2025
Сот шешімін орындамасаң  жаза бар

Сот шешімін орындамасаң жаза бар

18.05.2025
ЖЕТІСУЛЫҚТАР ЖЕҢІМПАЗ

ЖЕТІСУЛЫҚТАР ЖЕҢІМПАЗ

18.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.