Талдықорған: +10°C
$ 455.00
€ 498.77
₽ 5.56
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет Мәслихаттар сайлауы

Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Жанғабылов Әлішер Асқарұлы

Бүгін, 15:07
Мәслихаттар сайлауы
Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Жанғабылов Әлішер Асқарұлы
WhatsAppTelegramFacebook

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА

2026-2031 жылдарға арналған «ӘДІЛЕТ» партиясынан Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына № 7 бірмандатты сайлау округі бойынша кандидат Жанғабылов Әлішер Асқарұлы.

 

Құрметті сайлаушылар!

 

Менің еңбек жолым мәдениет, білім беру және мемлекеттік басқару салаларымен байланысты. Жинақтаған тәжірибемді мәдениетті дамытуға, рухани құндылықтарды насихаттауға және туған өлкемнің өркендеуіне үлес қосуға арнап келемін.

Мен, Жанғабылов Әлішер Асқарұлы 1994 жылы 3 наурызда Көксу ауданының Еңбекшіқазақ ауылында дүниеге келдім. І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін «Музыкалық білім» мамандығы бойынша тәмамдап, «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алдым.

Еңбек жолымды 2015 жылы музыка пәнінің мұғалімі болып бастап, ауылдық мәдениет үйлері мен клубтарында түрлі қызметтер атқардым. 2024 жылдан бері Көксу аудандық мәдениет үйінің директоры қызметін атқарып келемін.

Мен үшін басты мақсат – жинақтаған білімім мен тәжірибемді ел игілігіне жұмсап, мәдениет саласын дамытуға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және тұрғындардың мәдени өмірін жақсартуға үлес қосу. Туған өлкемнің рухани дамуына қызмет етуді басты міндетім деп санаймын.

 

                                                                     Құрметпен, Әлішер Жанғабылов

 

2026-2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НАҚТЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР

1. ЖОЛ ЖӘНЕ КӨЛІК

№7 округіне қарасты Балпық би ауылындағы Қабанбай көшесіне күрделі жөндеу жүргізу мәселесін көтеріп, мектептер мен мәдениет үйі маңында жол белгілері мен жаяу жүргіншілер өткелдерін орнату арқылы тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге күш саламын.

2. СУ, ЭЛЕКТР ҚУАТЫ ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ

Ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасын жақсарту мақсатында Балпық би ауылындағы Құрманов, Дәулетов және Әйтеке би көшелерінде сапалы ауызсумен қамту, электр қуатының үздіксіз берілуі, көше жарықтарын орнату және коммуналдық желілерді жаңарту жұмыстарына ықпал етемін. Сонымен қатар, 2030 жылы екі қазандықты қайта жаңғырту және ауызсудың сапасы мен тұрақты берілуін бақылауда ұстаймын.

3. ҚОЛЖЕТІМДІ НЕСИЕЛЕР ЖӘНЕ АУЫЛДЫҚ БИЗНЕСТІҢ ДАМУЫ

Ауыл тұрғындары мен кәсіпкерлер үшін жеңілдетілген несие, микрокредит және лизинг жобаларының санын 3-тен 7-ге дейін арттыруға, кәсіпкерлікті дамытуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал етемін.

 

Қуатты өңірлер – қуатты ел!

 

4. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚОЛДАУ

Ауыл жастарының кәсіпкерлік бастамаларын қолдауға, агробизнес жобаларын жүзеге асыруға, жылыжай және бау-бақша шаруашылығын  дамытуға, сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылықтардың жұмысын кеңейтіп, ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін 2 есе арттыруға мүмкіндік жасауға басымдық беремін.

5. АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ ҮШІН ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ МЕН ТАБЫС

Ауылда кәсіпкерлікті дамытуға, инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға және жаңа жұмыс орындарын ашуға күш саламын. Сонымен қатар, жергілікті тұрғындардың тұрақты табыс табуына жағдай жасауға және шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталған бастамалардың орындалуына басымдық беремін.

6. ҚОЛЖЕТІМДІ ЖӘНЕ САПАЛЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

Балпық би ауылындағы жедел медициналық жәрдем бекетінің жұмысын қолдауға, тұрғындарды жылына кемінде 1 рет скринингтік тексерулермен қамтуға және салауатты өмір салтын насихаттау шараларын жүзеге асыруға ықпал етемін.

7. БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЗАМАНАУИ МЕКТЕПТЕР МЕН ЖАҒДАЙЛАР

2027-2028 жылдары Балпық би ауылында 600 орындық жаңа мектеп құрылысын жүзеге асыруға, сондай-ақ өнер мектебі мен түрлі үйірмелердің жұмысын дамыту арқылы балалардың қосымша білім алу мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал ету.

8. ОТБАСЫЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ

Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы мен аудандық «Жанұя» отбасын қолдау орталығының жұмысын жетілдіруге, әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтарға көмек көрсету сапасын арттыруға және көпбалалы отбасылардың балаларын мәдени, спорттық және қоғамдық іс-шараларға қатыстыруға атсалысамын.

9. ЖОҒАРЫ САПАЛЫ БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ

Балпық ауылдық округіне қарасты Балпық би ауылындағы мәдениет үйі мен кітапханаларда тегін Wi-Fi нүктелерін ашуға, тұрғындардың, әсіресе аға буын өкілдерінің цифрлық сауаттылығын арттырып, заманауи технологияларды тиімді пайдалану дағдыларын меңгеруіне жәрдемдесу.

10. ТАЗА ӘРІ ЖАҚСЫ КҮТІЛГЕН АУЫЛ

Көксу ауданының орталығы Балпық би ауылында жыл сайын ағаштар мен жасыл желектер отырғызу арқылы көгалдандыру жұмыстарын жандандыруға, қоғамдық орындардың тазалығын сақтауға, сондай-ақ «Таза Қазақстан» акциясы аясында аптасына кемінде 1 рет жастар мен еріктілерді қоршаған ортаны қорғау және ауылды абаттандыру шараларына тартуға ықпал етемін.

 

                                                                            Халық сенімі – сөз емес, жауапкершілік!

Бала болашағы – басты басымдық!

Әр шешім – ауылдың игілігі үшін!

 

ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!

 

Балпық ауылдық округінің болашағы – оның тұрғындарының бірлігіне, адал еңбегіне және туған жерінің дамуына деген жанашырлығына байланысты. Ауылдың өркендеуі, халықтың әл-ауқатының артуы және әрбір отбасының жарқын болашағы – басты назарда болуы тиіс маңызды міндеттер.

Біздің мақсатымыз – ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық дамуына жаңа серпін беру, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту және елді мекендердің инфрақұрылымын кезең-кезеңімен жаңғырту. Ауыл жолдарының жағдайын жақсарту, көшелерді жарықтандыру, білім беру мен денсаулық сақтау салаларының қолжетімділігін арттыру, кәсіпкерлікті қолдау және жастарға жаңа мүмкіндіктер жасау – алдағы жұмыстың негізгі бағыттары.

Мен үшін ең маңыздысы – халықтың сенімін ақтау, тұрғындардың ұсыныс-пікірлеріне құлақ асып, көтерілген мәселелердің шешілуіне нақты ықпал ету. Әрбір бастама ел игілігіне бағытталып, әрбір атқарылған жұмыс ауыл тұрғындарының күнделікті өмірінен көрініс табуы қажет.

 

МЕНІҢ ҰСТАНЫМДАРЫМ

Халықтың сенімі – мен үшін үлкен жауапкершілік. Тұрғындармен ашық қарым-қатынас орнатып, олардың күнделікті мәселелері мен ұсыныстарын назарда ұстауды маңызды міндетім деп санаймын.

Әрбір азаматтың пікіріне құрметпен қарап, елді мекеннің дамуына қатысты бастамаларды қолдауға және көтерілген мәселелердің шешімін табуға бар күшімді саламын.

 

Сайлауға келіңіздер! Маған дауыс беріңіздер! 

 

Тапсырыс беруші: Жанғабылов Әлішер Асқарұлы
Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидаттың сайлау қоры қаражаты есебінен төленді.

 

Қатысты жаңалықтар

Жетісу облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Рүстем Әмірғазыұлы Досжанов

Жетісу облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Рүстем Әмірғазыұлы Досжанов

Бүгін, 16:30
Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Бейсенов Еркін Аманбайұлы

Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Бейсенов Еркін Аманбайұлы

Бүгін, 16:19
Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Садыбаева Анар Білісбекқызы

Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Садыбаева Анар Білісбекқызы

Бүгін, 16:11
Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Бейсенбай Жамбыл Жанатұлы

Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Бейсенбай Жамбыл Жанатұлы

Бүгін, 15:59
Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Қанлыбаев Айдос Маратұлы

Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Қанлыбаев Айдос Маратұлы

Бүгін, 15:49

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.