Талдықорған: +20°C
$ 472.03
€ 540.29
₽ 6.11
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

«Бізге сіздердің тәжірибелеріңіз керек»: Тоқаев Германия президентіне алғыс айтты

21.06.2023
САЯСАТ
"Бізге сіздердің тәжірибелеріңіз керек": Тоқаев Германия президентіне алғыс айтты
WhatsAppTelegramFacebook

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайер Қазақ және неміс жоғары оқу орындары ректорларының форумына қатысты, — деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы Massaget.kz дерегіне сүйеніп. 

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мемлекет басшысы Астанаға арнайы келген Германия президентіне және неміс университеттерінің өкілдеріне алғыс айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл сапар қазақ-неміс ынтымақтастығын кеңейтуге мүмкіндік беретін еліміздің білім және ғылым саласындағы маңызды оқиға екенін атап өтті.

«Ғылым мен технологияны қоса алғанда, көптеген саладағы байланыстарымызды нығайтуға мол мүмкіндік бар. Қазақстанды Еуразиядағы зерттеу хабына айналдыру – менің арманым.  Осы орайда арманымның жүзеге асуында неміс университеттері маңызды рөл атқарады. Ал мүмкіндіктер туралы айтатын болсақ, әрине, біз экономикалық серіктестігімізді нығайтуға баса назар аударамыз. Неміс инвесторларының экономикамыздың дамуына белсенді атсалысуын жоғары бағалаймын. Қазақстан Үкіметі бизнес-қоғамдастықтың еліміздегі ұзақ және қауіпсіз қызметі үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды. Сіздердің бизнестегі, экономикадағы, сондай-ақ ғылыми саладағы кәсіптеріңіз табысты болуы үшін Қазақстан Үкіметі қабылдайтын барлық шараны талқыладық», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, Қазақстан ғылым мен технологияны дамытуға, қолдауға, сондай-ақ отандық жоғары оқу орындарының әлеуетін күшейту мәселелеріне баса мән береді.

«Мен Мемлекет басшысы ретінде бұл мәселеге айрықша мән беремін. Алдымызда ұзақ жол тұр. Дегенмен жолымыздағы барлық кедергіні сәтті еңсеретінімізге сенімдімін. Сондықтан біздің бұл бағыттағы міндеттеріміз айқын. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін Ғылым және жоғары білім министрлігіне анағұрлым белсенді болуды және бизнеске бағдарлануды тапсырдым. Мен жоғары технологияға басымдық беру қажет екенін үнемі айтып жүремін. Елімізде сапалы білім беретін университеттер жеткілікті. Алайда бізге сіздердің тәжірибелеріңіз керек. Германия көптеген елдің технологиялық дамуын ілгерілетуге септігін тигізетін технология саласындағы білім беру ісінде жетекші ел саналады», — деді Президент.

Мемлекет басшысы мұндай кездесулер өзара тәжірибе алмасып, тиімді байланыстар орнатуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Сондай-ақ қол жеткізілген уағдаластықтар екі елдің ғылыми әлеуетін арттыруға септігін тигізетініне сенім білдірді.

«Германияның беделді ғалымдарынан құралған делегацияны елімізге алып келгені үшін әріптесім президент Штайнмайерге  ризашылығымды білдіремін. Бірлескен жұмысты табысты атқару үшін қажетті жағдайдың бәрін жасаймыз. Біздің ынтымақтастығымыз, достығымыз және бір-бірімізге тілеулестік ниетіміз табысты боларына сенімдімін», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Сондай-ақ Ректорлар форумында Германия Президенті Франк-Вальтер Штайнмайер сөз сөйледі. Ол екі елдің жоғары білім беру, ғылыми-зерттеу және студенттерді оқыту ісіндегі ынтымақтастықтың маңызды екенін атап өтті. 

Жиын аясында Қазақстан мен Германияның жоғары оқу орындары арасында бірқатар келісімге қол қойылды. Жалпы, Ректорлар форумына 11 германиялық және 25 қазақстандық техникалық университеттің өкілдері қатысты. 

Фото: Ақорда 

 

Қатысты жаңалықтар

Әділетті қоғамның алтын арқауы

Әділетті қоғамның алтын арқауы

04.07.2026
Қоныстойға келіңіздер!

Қоныстойға келіңіздер!

04.07.2026
Ұлттық домбыра күніне орай Қазақстанда 2000-нан астам мәдени іс-шара өтеді

Ұлттық домбыра күніне орай Қазақстанда 2000-нан астам мәдени іс-шара өтеді

04.07.2026
Арқа ауруы, миопия, диабет: Жастар арасында қандай дерттер көбейді?

Арқа ауруы, миопия, диабет: Жастар арасында қандай дерттер көбейді?

04.07.2026
Алакөлде тоғыз адамнан тұратын отбасы құтқарылды

Алакөлде тоғыз адамнан тұратын отбасы құтқарылды

04.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.