Талдықорған: +10°C
$ 455.12
€ 498.99
₽ 5.55
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

ДЕПУТАТ ӘДЕБІ

21 қазан 2023
САЯСАТ
ДЕПУТАТ ӘДЕБІ
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жетісу облыстық филиалында  депутаттық қызметке қажетті дағдыларды меңгерту мақсатында жергілікті мәслихат депутаттары үшін біліктілікті арттыру курстары өткізіледі. Ұзақтығы кемінде 40 академиялық сағаттан тұратын курсты табысты аяқтаған депутаттарға сертификат беріледі.

Мәслихаттың жұмысы облыс әкімдігімен, мемлекеттік органдармен, қоғамдық ұйымдармен және саяси партиялармен тығыз қарым-қатынаста жүретіні белгілі. Одан бөлек, депутаттар көптеген консультативтік-кеңесші органдардың құрамында жұмыс істейтіндіктен адамдармен араласу, қарым-қатынас барысында әртүрлі жағдайға тап болады. Әрекеті жемісті болуы үшін депутаттық әдеп мәселесі ешқашан ойдан шықпауы тиіс.

Әрбір депутат куәлік алған сәттен бастап жұртшылықтың көз алдында жүретін билік өкіліне айналады. Бұдан былай оның мінез-құлқы кәсіби және іскерлік сияқты арнайы этикаға бағынуы керек. Осы екі ерекшеліксіз халық қалаулысының имиджі толық болмайды.

Депутаттың кәсіби мінез-құлқы деп оның өз өкілеттіктерін орындау кезіндегі, яғни халық таңдаған адам ретінде өзіне тиісті міндеттерін қабылдап алатын кезеңдегі мінез-құлқын айтамыз. Әрбір өкілді органның және жалпы муниципалитеттің беделі депутаттардың белгіленген мінез-құлық ережелерін қаншалықты дәл және қатаң сақтайтынына байланысты болады. Әдепті ортадағы қолайлы жұмыс атмосферасы әр депутаттың әлеуетін ашуға, көзқарасын ашық білдіруіне, білім алмасуға және ұжымды ортақ міндеттерді орындауға жұмылдыруға мүмкіндік береді.

Өкінішке қарай, біздің қоғамда кейде лауазымды тұлғалар мен мемлекеттік органдардың іске асырып   жатқан сая­са­­тын  қорлау және нормативтік емес лексиканы   қолдану   фактілері  де кезде­седі. Қазақстан халқының этикалық құндылықтары еркіндікке, алуан пікірге негізделген. Бірақ тұлғаны қорлау, яғни әдепсіз түрде айтылып, оның ар-намысы   мен   қадір-қасиетін  басқа адам тарапынан төмендетуге қатысты жауапкершілік Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде   қарастырылғаны бекер емес. Бұл үшін кінәлі азаматтар айыппұлмен   немесе түзеу жұмыстарымен  жауапқа тартылады.

Этикалық құндылық – адамзаттың рухани өмір жолындағы мәдениет пен жақсылыққа ұмтылуы. Егер осы ұстанымдарды басты бағдар етіп алсақ, сыпайы сөйлеу, орнықты жүріс-тұрыс, ізет-кішіпейілділік, адамгершілік, білімдарлық қасиет сияқты адами құндылықтардың барлығы депутат келбетін ғана емес, кез келген адамның тұлғалық қасиетін аша түседі.

Қазақ тәлімді тәрбиесімен, әдептілік құндылығымен ерекшеленген халық. Қазақтың ежелден қалыптасқан дүниеге көзқарасы – мейірімділік пен адамгершілікке негізделген. Оған дау жоқ. Өйткені, ел басынан өткен алмағайып заманда да ата-әжелеріміз «адам» деген ардақты атқа лайық болып қалды, ұрпақ бойына сіңіре білді. Данышпан Абай: «Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» дейді. Адам қандай жағдайда да өзінің адамгершілік сипаттарын, кісілік қасиеттерін сақтап қалуға тиіс. Әдепті адам қашанда мінез-құлқымен қандай ортада болсын ерекшеленіп тұрады.

Егер қоғамда белгілі бір этикалық нормалар сақталмайтын болса, адамдар арасындағы қатынас хаосқа айналады. Қай қоғамда да адамдардың тәртібін адами тұрғыда бақылайтын, теріс қылықтарды азайтатын белгілі бір нормалар жиынтығы болады. Біздің әңгіменің арқауы болып отырған депутаттық (парламенттік) этика – белгілі бір мінез-құлық ережелерін, кәсіби жауапкершілік этикасын және табыс этикасын сақтауды көздейтін парламентішілік қарым-қатынастың моральдық нормаларының жиынтығы болып табылады.

Қорыта келе айтарымыз, депутаттың қызмет орнында өзін-өзін ұстай білуі, сыртқы бейнесі мен киім үлгісі арқылы көпшілік тарапынан сын туғызбауы, өз қимыл-әрекеттерін бақылап, әңгіме кезінде қолдана білуі, анық әрі түсінікті, жүйелі түрде сөйлей алуы – осылардың барлығы этикалық құндылықтардың жиынтығына жатады.

Қазақстан әлемдегі мемлекеттердің алдыңғы қатарынан  табылуы  үшін бәріміз бірігіп өзіміздің санамызды, ой-өрісімізді өзгертіп, ескірген көзқарастан арылуымыз керек. Мемлекет басшысы айтқан жаңа, Әділетті Қазақстан құру, сананы жаңғырту үшін біздің ортақ мақсаттарымыздың бірлігі қажет, құндылықтарымыздың да ортақ болуы маңызды.

Ғабит ТҰРСЫНБАЙ,
облыс әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі

Қатысты жаңалықтар

Жетісу өңірі мал қыстату науқанына дайын

Жетісу өңірі мал қыстату науқанына дайын

23 қараша 2026
Тарихи тұлға – ұрпаққа өнеге

Тарихи тұлға – ұрпаққа өнеге

23 қараша 2026
Жетісу облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Рүстем Әмірғазыұлы Досжанов

Жетісу облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Рүстем Әмірғазыұлы Досжанов

23 қараша 2026
Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Бейсенов Еркін Аманбайұлы

Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Бейсенов Еркін Аманбайұлы

23 қараша 2026
Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Садыбаева Анар Білісбекқызы

Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Садыбаева Анар Білісбекқызы

23 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.