Талдықорған: +10°C
$ 455.12
€ 498.99
₽ 5.55
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

КОНСТИТУЦИЯ-ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ АЙҒАҒЫ

30 тамыз 2024
САЯСАТ
КОНСТИТУЦИЯ-ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ АЙҒАҒЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстан тәуелсіз ел болғаннан бастап, Конституция алғаш рет 1993 жылдың 28 қаңтарында қабылданды, яғни Конституция, Республиканың дамуындағы зор қадам болып саналды.

Сондай-ақ, 1993 жылдың 28 қаңтарында Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі, Егеменді тәуелсіз қазақ мемлекетінің тұңғыш Конституциясын бір ауыздан қолдады. Сәйкесінше Конституция – егеменді, ешбір мемлекетпен ортақтаспаған тәуелсіз мемлекеттің Ата Заңы болып бекіді.

Кейіннен, 2022 жылдың 5 маусымында бүкiлхалықтық дауыс беру негiзiнде қазіргі қолданыстағы Конституция қабылданды.

Конституцияның бізге берген ең басты құндылығы – таңдау құқығы, басқаша айтқанда, өз өміріңнің қожасы болу кез келген қазынадан да бағалы, яғни, мемлекеттік биліктің қайнар көзі халықтың өзі екенін айқындады.

Себебі, Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырды. Ал, оның ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары деп айқындалды.

Мемлекеттiк билiктiң бiрден-бiр бастауы – халық. Сондай-ақ, халық билiктi тiкелей республикалық референдум және еркiн сайлау арқылы жүзеге асырып, өз билiгiн жүзеге асыруды мемлекеттiк органдарға бередi.

Ата Заңымызды бұлжытпай орындаудың нәтижесінде Отанымыздың бірлігі нығайып, елдегі тұрақтылық пен татулық орнықты. Жаңа Конституцияны қабылдау арқылы, мемлекетіміз жаңа дәуірге қадам басты.

Осылайша, Ата Заңымыз мемлекетіміздің қуатына айналды және Қазақстан халқының қарқынды істері бүгінде әлем жұртшылығы үшін үлгі – өнеге болып отыр. Әрбір қазақстандық келешекке керуен тартқан мемлекетіміздің тұрақты дамуының кепілі Конституцияның мемлекет пен қоғам үшін ғана емес, өзінің жеке басы мен отбасы үшін де маңыздылығын терең сезінеді.

Қадағалау органына қатысты айтсақ, Конституцияда құқық қорғау жүйесінің ұйытқысы прокуратура органдары болуы керек деп көрсетілген. Заңнамадағы белгілі бір санаттағы қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеу процестерін жүргізу және басқару міндеттерін прокуратура органдарына беру жөніндегі жаңалық тәжірибе жүзінде талай рет өзінің тиімділігін дәлелдеген.

Прокуратура тергеу топтарын басқаруға мүмкіндік беретін заңнамадағы өзгерістер, ал қазіргі кездегі алдын ала тергеуді тікелей жүргізу, құқық қорғау органдарының жалпы жүйесінде прокуратураның үйлестіруші рөлін нығайтты.

Құқық қорғау органдарының ішіндегі прокуратураның беделі биік. Оған барлық құқық қорғау органдарының Үйлестіру кеңесіне жетекшілік ету тапсырылған.

Прокуратура органдары жалпы құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауда осы уақытқа дейін ауқымды жұмыстар жүргізіп келді. 

Осы айтылғандарды қорыта келе, мемлекетіміздің әр азаматы, әр тұрғыны Конституциямызда көрсетілген өз құқықтары мен міндеттерін білуге, барлық заңдарды сақтауға, сыйлауға, оларды уақытылы және дұрыс орындауға, ел саясатын қолдауға, дербес құқықтық мемлекетімізді одан әрі дамыту үшін атсалысуға міндетті. Сонда ғана біз өркендеген мемлекет және елімізде тәртіп орнатамыз.

Мемлекетімізбен қоғам тұрақтылығының, болашаққа деген сенім мен халқымыздың ауқатты тұрмысының, лайықты өмірінің кепілі — Ата Заңымыз күнімен Қазақстанның барша халқын құттықтаймыз.

 

 

Медет ТҰРЫСКЕЛДИЕВ,

полковник, Жетісу облыстық қорғаныс

істері жөніндегі Департаментінің бастығы

                                                                        

 

Қатысты жаңалықтар

Жетісу өңірі мал қыстату науқанына дайын

Жетісу өңірі мал қыстату науқанына дайын

Бүгін, 18:57
Тарихи тұлға – ұрпаққа өнеге

Тарихи тұлға – ұрпаққа өнеге

Бүгін, 16:48
Жетісу облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Рүстем Әмірғазыұлы Досжанов

Жетісу облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Рүстем Әмірғазыұлы Досжанов

Бүгін, 16:30
Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Бейсенов Еркін Аманбайұлы

Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Бейсенов Еркін Аманбайұлы

Бүгін, 16:19
Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Садыбаева Анар Білісбекқызы

Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Садыбаева Анар Білісбекқызы

Бүгін, 16:11

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.