Талдықорған: +10°C
$ 455.12
€ 498.99
₽ 5.55
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

ҚОҒАМ ДЕРТІМЕН КҮРЕС

28 маусым 2024
САЯСАТ
ҚОҒАМ ДЕРТІМЕН КҮРЕС
WhatsAppTelegramFacebook

Қоғамды қандай да бір құйтырқыдан, қылмыстан арашалау құқық қорғаушылардың құзыретінде. Олар тәртіп пен заңның салтанат құруына қарекет етеді. Кей жұртта, кей жұрт емес, көп жұрттың санасында полицейлер қылмыс пен оны жасаушыларды құрықтаушы ғана деген жаңсақ пікір қалыптасқан. 


Шын мәнінде, тәртіп сақшыларының жұмысы қылмыстың алдын алуға, оны болдырмауға, ел мен жердің тыныш болуын қамтамасыз етіп және қоғамдық ой қалыптастыруға бағытталған. Оның айқын көрінісі апта ортасында Жастар паркінде өткен шарада әспеттелді. Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай өткен фестивальде облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Мадияр Омаров қоғам дертіне қарсы күрес жайын таразылады.

– Нашақорлық қоғамды іштен ірітетін, ұлттың болашағына балта шабатын үлкен қатер. Осы індетпен күресте тек ішкі істер органдарына ғана иек артып қоюға болмайды. Онымен күресте қоғамдық бірлік қажет. Осы жамандыққа қарсы әрекет біздің ортақ ісіміз болуы керек. Балалар мен жастарды саламатты өмір салтын ұстануға тартып, қоғам арасында спортты насихаттау елдің болашағын ойлағандар үшін жауапты міндет. Жастарды спортпен шұғылдануға, дамуға, алға мақсат қойып, жаңа белестерді бағындыруға шақырамын, – деді Мадияр Омаров.

Осы күнге орайластырып облыстық полиция департаменті БАҚ өкілдері арасында қоғамда есірткіге қарсы мәдениет қалыптастыруға бағытталған байқау ұйымдастырған еді. Сол байқаудың жеңімпаздары шара барысында марапатталды. «Jetisý» газетінің қос тілшісі Айдар Қалиев пен Дастанбек Садық «Үздік мақала» аталымы бойынша жүлделі орындарға ие болды. Сонымен қатар, «Вестник Жетісу» газетінің тілшісі Татьяна Демидова «Үздік әлеуметтік желідегі жазба» аталымы бойынша үздіктер көшін бастады. Мұнан өзге облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Мадияр Омаров жыл көлемінде есірткіге қарсы мәдениет қалыптастыруда еңбек етіп жүрген бірқатар азаматқа алғыс білдірді. Шара барысында жас спортшылар мен құқық қорғау өкілдерінің бірлесуімен түрлі флешмобтар көрсетіліп, қала тұрғындарына өңірдің әнші-күйшілері керемет көңіл күй сыйлады. 

Мағмар МАҚСЫМ

Қатысты жаңалықтар

Жетісу өңірі мал қыстату науқанына дайын

Жетісу өңірі мал қыстату науқанына дайын

23 қараша 2026
Тарихи тұлға – ұрпаққа өнеге

Тарихи тұлға – ұрпаққа өнеге

23 қараша 2026
Жетісу облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Рүстем Әмірғазыұлы Досжанов

Жетісу облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Рүстем Әмірғазыұлы Досжанов

23 қараша 2026
Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Бейсенов Еркін Аманбайұлы

Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Бейсенов Еркін Аманбайұлы

23 қараша 2026
Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Садыбаева Анар Білісбекқызы

Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Садыбаева Анар Білісбекқызы

23 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.