Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

«ОЙЫН ОЙНАҒАН»: ЕСКЕЛДІ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМДІГІ ӘЛІМЖЕТТІККЕ ҚАТЫСТЫ ТҮСІНІКТЕМЕ БЕРДІ

14 қаңтар 2020
САЯСАТ
"ОЙЫН ОЙНАҒАН": ЕСКЕЛДІ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМДІГІ ӘЛІМЖЕТТІККЕ ҚАТЫСТЫ ТҮСІНІКТЕМЕ БЕРДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Жоғары сынып оқушыларының желім иіскеуі, мектептегі әлімжеттік мәселелеріне қатысты Ескелді ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Әлима Мұратқызы түсініктеме берді.

Атышулы Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушылары төменгі сынып оқушыларына әлімжеттік көрсетеді деген ақпарат тарап, бұл жайлы «31-арнадан» көрсетілген болатын. Бұл ақпарат сілтеме арқылы «Жетісу» газетінің сайтына да салынған еді.

Осыған байланысты «Жетісу» газетінің сайтына түсініктеме берген Ә.Мұратқызы аудандық білім бөлімі және мектеп әкімшілігі оқушылар арасында саралау жұмысын жүргізіп, нәтижесінде, оқушылардан ақша алу, оларға әлімжеттік таныту секілді фактілер тіркелмегенін жеткізді. «Қазіргі таңда әкімішілік пен білім бөлімі тарапынан оқушыларды күнделікті бақылау жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, аудандық полиция бөлімі де бұл мәселені қатаң бақылауға алды», — деді ол.

Баспасөз хатшысының мәліметінше, Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп-гимназиясы білім сапасы мен тәрбие көрсеткіші бойынша алдыңғы қатарда. Аталмыш мектептің оқушылары арасында осыған дейін дау-дамайлы жағдай мүлдем орын алмаған.

— 7-сынып оқушыларының кейбірі ақылы ойын ойнап, ата-аналары берген ақшаны ойынға жұмсайтындарын айта алмай: «Жоғары сынып оқушылары ақшамызды қорқытып, тартып алады», — деп ата-аналарына ақталған. Сөйтіп, білім ордасының атына кір келтіруде. Алдағы уақытта мұндай келеңсіз жағдайды болдырмау мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілетін болады, — деп атап өтті Ескелді ауданы әкімінің баспасөз хатшысы.

Айта кетейік, Ескелді ауданының орталығында орын алған жағдайға байланысты «Жетісу» газеті сайтында «31 арнаға» сілтеме арқылы мақала жарияланған еді. Онда мектептегі әлімжеттік бойынша 7-сынып оқушылары мен ата-ананың шағым-арызы, осыған қатысты мектеп директорының сөзі берілді.

Қазіргі таңда Алматы облыстық полиция департаменті мектептегі әлімжеттік бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 194-бабы, 2-тармағы (адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен), яғни, «Қорқытып алу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталғанын мәлімдеді. Аталған факт полиция департаментінің бақылауына алынды.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Ескелді ауданы

Алматы облысы

Сурет ғаламтордан алынды

Қатысты жаңалықтар

Жазушыға құрмет көрсетілді

Жазушыға құрмет көрсетілді

13 қараша 2026
«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

13 қараша 2026
Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

13 қараша 2026
Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

13 қараша 2026
Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

13 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.