Талдықорған: +10°C
$ 455.12
€ 498.99
₽ 5.55
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

Татулықты ту еткен институт

18 мамыр 2024
САЯСАТ
Татулықты ту еткен институт
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақ қоғамында татулық пен бірліктен асқан құндылық жоқ. Бейбіт күнде дауласып өмір сүру дала заңына да жат. Бағзы заманда әділдікті ту еткен елдің ішінде туындаған жанжалдарды, дауларды билер, қазылар шешіп отырды. Қос тарап олардың шешімін мақұлдайтын. Қазір де заман басқа, заң басқа дейтін уақыт емес. Дауласқан тараптарға татулықты ұсынып, жанжалдарды қос тараптың ымыраластығымен шешетін тетік бар. Ол – медиация.

Медиация – дауларды реттеудің баламалы жаңа түрі. Бұл институт әлеуметтік мәселелерді шешу және қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді сақтау үшін қолданылады. Медиацияның мақсаты – қос тарапты бірдей қанағаттандыратын және дауласушылық деңгейін төмендететін өзара тиімді бейбіт келісімге қол жеткізу.

Бұл институт уақыт үнемдеу жағынан да тиімділігін көрсетті. Оны дауды медиатордың, судья-татуластырушының, адвокаттың көмегімен шешкендер жақсы білсе керек. Себебі, дауды сот арқылы шешу көп уақытты қажет етеді. Сот актісі қолға тигенше апта, ай емес, тіпті жыл өтуі мүмкін. Ал нағыз пайда табар, табысын еселер уақытта дау қуып сотта жүру ешбір азаматқа абырой мен береке әкелмейді. Осы тұрғыдан алғанда екі тарапты теңдей тыңдай отырып, даудың тоқетер түйінін тарқатып, ортақ мәмілеге келтіретін медиатордың келісімі қос тарапқа да ыңғайлы. Дауды сот арқылы шешкісі келгендер жұмыстан сұранып, басшының көзіне түседі, негізгі шаруасын тастап, табысынан ажырайды. Одан гөрі бітімге келсе осы кедергілердің біріне де кездеспейтінін тәжірибе көрсетіп отыр.

Сотта өзіңнің дұрыстығыңды дәлелдеу үшін қаншама құжат жинап әуреге түсетінің белгілі. Медиаторлардың көмегіне жүгінгендер қағазбастылықтан арылады. Өйткені тараптар арасындағы келісім өзара сенімгерлік сипатында өтеді.

Медиация институты жоғарыда айтқанымыздай, қазақ халқы үшін жаңа ұғым емес. Қазақ хандығының билері көпке пайдалы және қарапайым қызметпен, яғни татуластырушылықпен айналысқан және бұл адал және нәтижелі татуласу болған, билер өздерінің бір ғана сөзімен шытырман даулы мәселелердің дұрыс шешімін тауып отырған, сонымен қатар өз әділдіктерімен елге сыйлы әрі танымал бола білген.

Гүлжазира Садабаева,
Ескелді аудандық сотының төрайымы
Фото: inbusiness.kz 

 

 

Қатысты жаңалықтар

Жастар желінің жетегінде

Жастар желінің жетегінде

Бүгін, 13:00
Кітап оқыңыз, құрбым!

Кітап оқыңыз, құрбым!

Бүгін, 12:30
Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Дамудың басты бағдары

Бүгін, 12:00
Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

Ата Заң үстемдігі – әділетті қоғамның негізі

Бүгін, 11:37
Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның бағдары

Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның бағдары

Бүгін, 11:37

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.