Талдықорған: +17°C
$ 510.06
€ 566.32
₽ 6.32
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

Өтініш қайта қаралады

06.11.2024
САЯСАТ
Өтініш қайта қаралады

Облыс әкімі Бейбіт ИСАБАЕВ азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға келген көпшілік мемлекеттік тұрғын үй, жер мәселесі бойынша өтініш білдірді.

Қабылдауда Үштөбе қаласы, Әбдірахман ақын көшесі, №33 мекенжайы бойынша орталық базардың жер мәселесі қаралды. Өтініш беруші Зәуре Кәріпованың айтуынша, базар иесінің меншігіне өтіп кеткен жер кәсіпкерлерге кедергі келтіруде. Бұл істің оңынан шешілуін қалаған тұрғындар сотқа арыз да түсірген. Сот шешімімен келіспеген олар енді облыс басшысынан көмек сұрайды. Мән-жайды мұқият тыңдаған аймақ басшысы Бейбіт Өксікбайұлы Қаратал ауданының әкіміне қолданыстағы заңнама аясында Шорабаев көшесіндегі жер телімін иеліктен шығару процесін аудандық прокуратура өкілдерімен бірлесіп шешуді тапсырды. 
Ал Алакөл ауданының тұрғыны Өрік Отыншинова аудандық тұрғын үй кезегіне толық емес отбасы ретінде «Халықтың әлеуметтік осал топтары» санаты бойынша 2013 жылы тіркелген. Оған 2019 жылы аудан әкімдігі тарапынан Үшарал қаласынан 2 бөлмелі пәтер ұсынылып, үйді жалдау шарты жасалған. Арызданушы пәтер тұруға жарамсыз болуына байланысты үйден бас тартқан. Алакөл ауданының тұрғын үй комиссиясы отырысының №5 хаттамасы негізінде Өрік Ермұханқызына Үшарал қаласынан 1 бөлмелі жалдамалы тұрғын үй ұсынылған. Алайда жалғызбасты ана ол үйден де бас тартып, отбасы құрамындағы ұлын ескеріп 2 бөлмелі пәтер бөлуді талап етеді. Бірақ аудан әкімдігі кәмелеттік жастан асып кеткен ұлын отбасы құрамына қоспай 1 бөлмелі пәтер ұсынған және тұрғын үйді жалдау шартын жасамай, оны тұрғын үй кезегінен шығарған. Өтініш иесіне ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 8-бабына сәйкес тұрғын үй құқықтық қатынастарынан туындайтын даулар сотта шешілетіні түсіндірілген. Алайда пәтер жалдап тұрған жалғызбасты ананың жағдайына алаңдаған аймақ басшысы Алакөл ауданының әкімі Алмас Абдиновқа өтініш иесінің құжаттарын қайта мұқият қарап, қолданыстағы заңнамаға сәйкес шешім қабылдауды тапсырды. 
Талдықорғандық Назим Новрузов денсаулық жағдайы және мүгедектік тобын анықтау туралы өтінішін жеткізді. 2023 жылы қалалық емхананың дәрігерлік-консультациялық комиссиясы мүгедектік тобын белгілеу үшін медициналық-әлеуметтік сараптамаға жібереді. Бірінші немесе екінші топтағы мүгедектік және басқа да қажетті көрсеткіштердің болмауына байланысты қалалық емхана еңбекке жарамсыздық парағын беруден бас тартқан. Аймақ басшысы өтініш иесін тыңдап, денсаулық сақтау басқармасының басшысы Арман Жансеңгіровке өтініш берушінің денсаулық жағдайына қайталама сараптама жүргізіп, заңнамада белгіленген тәртіппен мүгедектік мәселесін қарау үшін уәкілетті органға жіберуді тапсырды.

Еңлік Кенебай
Суретті түсірген Жеңіс ЫСҚАБАЙ

Қатысты жаңалықтар

2060 жасөспірім түнгі уақытта көшеде жүрген: Жетісу облысында рейд өтті

2060 жасөспірім түнгі уақытта көшеде жүрген: Жетісу облысында рейд өтті

13.05.2025
Кремль Қазақстанның 70-ке жуық ғалымына Ресейге кіруге тыйым салды

Кремль Қазақстанның 70-ке жуық ғалымына Ресейге кіруге тыйым салды

13.05.2025
Президент Қуаныш Сұлтановқа «Отан» орденін cалтанатты түрде табыстады

Президент Қуаныш Сұлтановқа «Отан» орденін cалтанатты түрде табыстады

13.05.2025
«Азаматтарға арналған үкімет» биометриялық сәйкестендіру жүйесін енгізді

«Азаматтарға арналған үкімет» биометриялық сәйкестендіру жүйесін енгізді

13.05.2025
Мемлекет басшысы Ұлттық банктің жылдық есебін қабылдады

Мемлекет басшысы Ұлттық банктің жылдық есебін қабылдады

13.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.