Талдықорған: +15°C
$ 443.62
€ 492.24
₽ 5.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

«ТЫС ҚАЛДЫРҒАН ЕМЕСПІЗ»: ТАЛДЫҚОРҒАНДА ЖАСТАР ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІ АШЫЛДЫ

9 желтоқсан 2019
САЯСАТ
"ТЫС ҚАЛДЫРҒАН ЕМЕСПІЗ": ТАЛДЫҚОРҒАНДА ЖАСТАР ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІ АШЫЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

9 желтоқсан — Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай Жастарға қызмет көрсету орталығында «Әділдік. Парасаттылық. Сенім» атты республикалық форум өтті. Атаулы күн аясында орталықта «Жетісу – адалдық алаңының жастары» жобалық кеңсесі салтанатты түрде ашылды.

Форум жұмысына облыс әкімнің орынбасары Батыржан Байжұманов, республиканың әр облысы мен қалаларынан мемлекеттік қызметкерлер, үкіметтік емес ұйымдары мен Жастар ісі жөніндегі комитет мүшелері, облыстық «Жалын» жасағының құрамы қатысты. Жиында сөз алған  ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаментінің басшысы Данияр Тұрғанбаев:

— Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында», — деген болатын. Біз әрбір кездесу, семинарларда жастар мәселесін назардан тыс қалдырған емеспіз. Себебі, елімізде білімді жастар көбейгенде жемқорлықтың саны жойылып, дамыған отыз елдің қатарына қосыламыз. Бүгінгі форумның тақырыбының өзі үлкен мағына беріп тұр. Бұл форум аймақта алғаш рет өткізілуде, келешекте де өз жалғасын табатынан сенім мол, – деп жаһандық мәселеге айналған жемқорлықтың ел келешегіне алып келер зардабын мысалға келтірді.

Форумға арнайы келген жазушы Жан Ақжанов, «Жетісу – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Аманжол Жазықбаев ойларын орта салып, жастардың бүгінгі болмысы жайлы сөз қозғады. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықпен барлық халық болып күресуге, әсіресе, Жетісу жастарының қосар үлесі зор екендігін айтты.

Әрмен қарай Батыржан Құлаймергенұлы бастаған қонақтар «Жетісу – адалдық алаңының жастары» жобалық кеңсесінің лентасын кесіп, салтанатты түрде ашты. Жиналғандар жаңадан ашылған жобалық кеңсенің жетекшісі Рахым Тұрлановқа сәттілік тіледі.

— Бұл кеңсе қазіргі жастардың күнделікті тұрмыс-тіршілікте кездесетін мәселелеріне мән беріп, мемлекеттік бағдарламалар мен жастар саясатын дұрыс жүзеге асырылуын қадағалайды. Соның ішінде, студенттердің жатақханаға орналасуына, оқуына назар аударамыз. Келешекте көптеген жұмыс атқарамыз деген ниеттеміз, – деді Рахым Жоламанұлы.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаменті, облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма, жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған форумда секциялық жұмыстар жүрді. Күні бойы қатысушыларға арнайы мамандар дәріс оқып, сыбайлас жемқорлықтан арылудың жолын ұғындырды.

Мәулен ӘНЕРБАЙ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

Жаңа Конституция – жаңа Қазақстанның негізі

Бүгін, 16:19
Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

Бүгін, 16:13
«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

«Әділет» партиясы алаңында «Төрелік туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды

Бүгін, 15:44
«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

«Жыр жүректен туады» – әнмен өрілген өнер кеші

Бүгін, 14:55
«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

Бүгін, 14:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.