Талдықорған: +30°C
$ 523.46
€ 600.04
₽ 6.69
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

ЖАЛЫНДА, ЖАСТЫҚ АЛАУЫ

03.06.2024
САЯСАТ
ЖАЛЫНДА, ЖАСТЫҚ АЛАУЫ

Атқан оқтай, шапқан аттай жүйрік уақыт адамзат баласынан да сондай даму жылдамдығын талап етеді. Ондай дамусыз қандай мемлекет болсын біртіндеп замана көшінің соңында қалып қояды. Бұл тұжырым Жаңа Қазақстан мемлекетіне де толықтай қатысты. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Алматыда жас ғалымдармен болған кездесуде нақ осы даму қарқынын жылдамдату мәселесін көтерді. 


Иә, ғылым мен білімсіз дамуды көзге елестетудің өзі қиын. Бұрын елдің әл-ауқаты аумағының көлемі мен халқының санына байланысты болса, бүгінде технология мен адам капиталының сапасы алдыңғы қатарға шығып отыр. Демек, Қазақстан да аумағының көлемі мен табиғи байлықтарының молдығына сеніп отыра бермеуі тиіс. Өз кезегінде табиғат байлықтарын да тиімді пайдаланып, ғылымға негізделген экономика да құра білсек, ақын айтқандай, кереметтің көкесі сонда болады. Мәселен, мұнай мен газын сату арқылы орасан қор да жинаған, экономикасын да өркендетіп, ел тұрмысын да бақуаттандырып отырған Норвегияны сондай мемлекеттердің қатарында атауға болады. Бүгінде экономиканың жаңа үлгісіне көше бастаған, Президентіміз айтқандай әділ, инклюзивті әрі бәсекеге қабілетті экономика құруға кіріскен еліміз де осы мазмұндағы реформаларды бағдар етіп отыр. «…сарапшылардың бағалауынша, көміртегі бейтараптығына қол жеткізу үшін ғасыр ортасына қарай Еуропаға қазіргіден 35 есе көп литий қажет болады. Бізде осы және өзге де металдардың мол қоры бар. Геологиялық барлау жұмыстарының ауқымын кеңейтіп, бұл салаға үздік әлемдік тәжірибені енгізу қажет» деген тұжырым да осы пікірімізді айғақтай түседі.

Расымен бізде сирек металдар ғана емес, басқа да қазба байлықтардың орасан мол қоры жинақталған. Оны орнымен тиімді қолдана білсек келер ұрпақтың ғана емес, бүгінгі замандастарымыздың да ырыс-несібесінің арта түсері айдан анық жайт.

Осы орайда жерінде ешқандай табиғи байлығы болмаса да ғылым мен білімін дамыту арқылы бүгінде өркениетті елдер қатарынан нық орын алып отырған Жапония секілді елдердің тәжірибесі ойға оралмай қоймайды. Жыл сайын 500 ғалымның шетелде тағылымдамадан өтіп, жас ғалымдарға мыңдаған грант бөлініп жатқаны секілді Жапония да дамудың даңғыл жолына түсер кезде жастарын шетелге оқуға жіберіп, ең алдымен ғылымы мен білімін дамытқаны белгілі. Сол жастардың 98 пайызы үздік оқып, елдеріне жоғары білікті маман болып оралған. Кейіннен олар ел экономикасының дамуына қомақты үлесін қосып, мемлекеттің өркендеуіне белсене атсалысады.

Бұл жердегі айтпағымыз, жаңағы жастардың білікті маман бола алмай қалған шамалы пайызы, бұл жерде 1-2 пайызы ғана екенін атап өтсек болады, «ел үмітін ақтай алмадық» деп үлкен күйзеліске түсіп, көпшілік көзіне көрінуден қалған екен. Мұның өзін де ұлт ауызбіршілігінің, ынтымағының айқын көрінісі, ұлттық идеологияның пәрменді күші десек, ешбір асырып айтқандық бола қоймайды. Бүгінде шетелде оқып жатқан жасөспірімдер мен мемлекеттік грантпен еңбек етіп жатқан жас ғалымдарға да сондай қатаң талап қойылып, сондай сенім саналарына сіңірілсе нұр үстіне нұр болмас па?!

Президентіміз айтқандай, ең бай деген елдердің өзі барлық сала бойынша жоғары деңгейде зерттеу жүргізе алмайды. Табысқа жету үшін басым бағыттарды айқындап алып, ғылыми қауымдастықтың, мемлекет пен бизнестің күш-жігерін жұмылдыру керек. Демек, біздің еліміз де ең алдымен басым бағыттарымызды айқындап алуға күш салатын болады. Қасым-Жомарт Кемелұлының баяндамасы осындай маңызды бағыттарды атап өтуімен де құнды.   

Елімізде ғылым саласына бөлінетін қаржының ұдайы артып келе жатқаны, соңғы жылдары грант санының да бір жарым есе көбейіп, ел аумағында әлемнің беделді 12 жоғары оқу орны филиалының жұмыс істеп тұрғаны, технология парктері мен инжиниринг орталықтарының ашылып жатқаны да сөз болды. Алдағы екі жылда жас ғалымдарға бөлінетін грант санының тағы да көбейіп, бюджеттен 18 миллиард теңге бөлінетіні, былтыр 284 жас ғалымның баспана алып, биыл оларға тағы 200 пәтер берілетіні де осы қатардағы мәселелер. Мұның бәрі, жоғарыда айтып өткеніміздей, ғылым мен білімді дамыту, түптеп келгенде ел экономикасын өркендету мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар. Ондай жұмыстардың нәтижесі де көп күттіре қоймас деп ойлаймыз.

«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел» дегендей, қаржыландыру мен қамқорлық түбегейлі жақсарғаннан кейінгі жерде жас ғалымдарға қойылатын талаптың да айтарлықтай күшейетіні белгілі. Осы орайда «…Біз көшке ілесетін емес, көшті бастайтын елдердің қатарында болуымыз керек» деген Мемлекет басшысы тапсырмасының маңызы өлшеусіз арта түседі. Алдағы уақытта біз қалай да осынау жоғары мақсатқа қол жеткізуге ұмтылуға тиіспіз. Бұл үшін тиісті мүмкіндіктер де жеткілікті, дарынды, еңбекқор жастарымыздың, ғалымдарымыздың да қатары қалың.

Қасым-Жомарт Кемелұлы өз сөзінде: «Бізді әлем елдері көзі ашық, көкірегі ояу халық ретінде таниды. Білімпаздық, еңбекқорлық, алғырлық пен жасампаздық – қанымызға сіңген қасиет. Осы қасиеттерімізді әрдайым тиімді пайдалана білуіміз керек», – деп айрықша атап өтті. Ендеше осынау қанымызға сіңген жақсы қасиеттер алдағы уақытта ел дамуына қызмет етіп, кең-байтақ Қазақстанымыз асқар асулардан көрінуі тиіс. Ондай жарқын кезеңнің де ауылы алыста емес. 
Президентіміз атап өткендей, халқымыз дарынды да еңбекқор жастардан, талантты ғалымдардан ешқашан кенде болмаған. Мұның өзі болашақ ел дамуының кепілі, экономикамыздың өркендеп, алға басуының берік негізі. Сондай жақсы, жарқын күндерге тезірек жетейік деп тілейік.

Нүсіпбай ӘБДІРАХЫМ,
Қазақстан Жазушылар 
одағының мүшесі

Қатысты жаңалықтар

Жалақы мөлшері өсті

Жалақы мөлшері өсті

24.06.2025
Ерлікті ұлықтау – ұрпақ парызы

Ерлікті ұлықтау – ұрпақ парызы

24.06.2025
Кәсіпкерлікті  қолдау ілгерілеу жолы

Кәсіпкерлікті қолдау ілгерілеу жолы

24.06.2025
Ұмытылмас ерлік – ұрпақ жадында

Ұмытылмас ерлік – ұрпақ жадында

24.06.2025
Жетісуда «Заң мен Тәртіп апталығы» Акциясы басталды

Жетісуда «Заң мен Тәртіп апталығы» Акциясы басталды

24.06.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.