Талдықорған: +10°C
$ 455.12
€ 498.99
₽ 5.55
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

Жауапты тұлғаларға 46 млн. теңгеге жуық айыппұл салынды

2 қараша 2023
САЯСАТ
Жауапты тұлғаларға 46 млн. теңгеге жуық айыппұл салынды
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу  облысында  62  медициналық ұйымда санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың бұзылуы анықталды. Деректелген заң бұзушылықтар бойынша жауапты тұлғаларға жалпы сомасы 46 млн. теңгеге жуық мөлшерде 84 айыппұл салынды.

2023 жылдың 9 айында Жетісу облысы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті 62 медициналық ұйымға тексеру жүргізді. Оның 31-і кесте бойынша берілген рұқсаттар бойынша біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігіне, 31-і ҚР Бас прокуратураның талабы бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкестігіне жоспардан тыс тексерулер жүргізді. Осындай ақпаратпен облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Асхат Чарапиев бөлісті. 

«Тексерілген 62 стационар бойынша барлығында бұзушылықтар анықталды және әкімшілік шаралар қолданылды. Тексеру қорытындысында облыстың медицина ұйымдарында жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралардың орындалмауы, инфекциялық  бақылау жұмысының жеткіліксіздігі анықталды. Сонымен бірге, желдету жүйесінің жарамдылығы, ыстық сумен қамтамасыз етілу, жөндеу жұмыстарының қажеттілігі мәселелері бойынша да бұзушылықтар орын алды. Дезинфекциялық-стерилдеу режимдерінің сақталмауы тексеру кезінде жүргізілген зертханалық зерттеулер қорытындысымен расталды», — деді департамент басшысы. 

Анықталған заң бұзушылықтар бойынша жауапты тұлғаларға жалпы сомасы 46 млн. теңгеге жуық мөлшерде 84 айыппұл салынды. Бұзушылық анықталған барлық субьектілерге бұзушылықтарды жою туралы 28 санитариялық ұйғарым беріліп, 1 материал сотқа жіберілді, жұмыстан шеттетілгендер жоқ.  

«Жүргізілген жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер нәтижесінде 62 нысан күрделі жөндеуді қажет ететін 15 денсаулық сақтау обьектісі анықталды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес 2023-2025ж.ж.  «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде  59  денсаулық сақтау нысанын  салу жоспарланған. Бүгінгі күні 22 нысан салынып қолданысқа берілсе, қалғандарының құрылысы жалғасуда», — деп қорытындылады Асхат Сәкенұлы.

Фото: көрнекілікке алынды

Қатысты жаңалықтар

Жетісу өңірі мал қыстату науқанына дайын

Жетісу өңірі мал қыстату науқанына дайын

23 қараша 2026
Тарихи тұлға – ұрпаққа өнеге

Тарихи тұлға – ұрпаққа өнеге

23 қараша 2026
Жетісу облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Рүстем Әмірғазыұлы Досжанов

Жетісу облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Рүстем Әмірғазыұлы Досжанов

23 қараша 2026
Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Бейсенов Еркін Аманбайұлы

Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Бейсенов Еркін Аманбайұлы

23 қараша 2026
Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Садыбаева Анар Білісбекқызы

Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Садыбаева Анар Білісбекқызы

23 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.