Талдықорған: +10°C
$ 455.12
€ 498.99
₽ 5.55
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

Жетісу облысында алимент төлемеген 100 ден астам ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды

20 қазан 2023
САЯСАТ
Жетісу облысында алимент төлемеген 100 ден астам ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды
WhatsAppTelegramFacebook

Бұл туралы ҚР Әділет министрі Азамат Есқараев Жетісу өңірінің халқымен кездесуінде мәлімдеді, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің баспасөз орталығына сілтеме жасап.

Министрдің сөзінше еліміз бойынша жыл басынан бері алимент төлемегені үшін 2000 нан астам борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оның 111-і Жетісу облысының тұрғындары. Борышкердің бір бөлігі материалдық жағдай бола тұра, алимент төлеуден жалтарса, енді бірі тұрақты табысы мен мүлкінің болмауына байланысты алимент төлей алмаған. Осыған байланысты аумақтық әділет басқармалары жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, олардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауда. Мәселен, осы жылдың 9 айында Жетісу өңірінде 121 борышкер жұмысқа орналастырылды. Алдағы уақытта бұл бағытта министрлік жұмысын жалғастыратын болады.

Кездесу барысында Әділет министрі Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу және Қылмыстық-атқару кодекстерін оңтайландыру бойынша жұмысы туралы баяндады. Мемлекет басшысының тапсырмасымен Әділет министрлігі Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу және Қылмыстық-атқару кодекстерін оңтайландыру туралы заң жобасының әзірленгенін атап өтті. Тұрғындармен кездесу барысында құқықтық мәселелер талқыланып, азаматтардың жеке өтініштері мен ұсыныстары қаралды. Министр құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтарын қорғау мақсатындағы жұмыстар жалғасатынын айтты.

Жиынға Жетісу өңірінің белсенді тұрғындары, журналистер, қоғам қайраткерлері қатысып, көкейлеріндегі сауалдарына жауап алды.

Сонымен қатар Әділет министрі азаматтарға жеке қабылдау өткізіп, мемлекеттік орган қызметіне қатысты өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады. Қабылдауға келушілер адвокаттар мен жеке сот орындаушылардың әрекеттеріне қатысты шағымдарын жеткізді. Өз кезегінде Әділет министрі шағымдарды тыңдап, Салалық басқарма басшыларына тиісті тапсырмалар берді.

Сондай ақ, Әділет министрі Азамат Есқараев Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаевпен кездесіп, Әділет департаментіне қатысты бірқатар мәселелерді талқылады. Атап айтқанда облыстағы мәйітхана ғимаратын жөндеу жұмыстары, Әділет департаменті қызметіне қажетті материалдық базаны жаңғырту жұмыстары бойынша жоспарлармен бөлісті.

Қатысты жаңалықтар

Жетісу өңірі мал қыстату науқанына дайын

Жетісу өңірі мал қыстату науқанына дайын

23 қараша 2026
Тарихи тұлға – ұрпаққа өнеге

Тарихи тұлға – ұрпаққа өнеге

23 қараша 2026
Жетісу облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Рүстем Әмірғазыұлы Досжанов

Жетісу облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Рүстем Әмірғазыұлы Досжанов

23 қараша 2026
Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Бейсенов Еркін Аманбайұлы

Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Бейсенов Еркін Аманбайұлы

23 қараша 2026
Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Садыбаева Анар Білісбекқызы

Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Садыбаева Анар Білісбекқызы

23 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.